Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Социологии

Автор:   •  Сентябрь 18, 2021  •  Контрольная работа  •  2,930 Слов (12 Страниц)  •  253 Просмотры

Страница 1 из 12

№1 семинар

  1. Қоғам және әлеумет ұғымдарының мәні Қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі екені белгілі. Алайда әр ғылым қоғамды өзінің пәнінің мақсатына сәйкес зерттейді. Мысалы, қоғамдық ғылымдардың атасы болып саналатын философияны алсақ, ол қоғам, табиғат және ойлаудың жалпы заңдылықтарын зерттейді. Әлеуметтанудың ғылыми пән ретінде  мазмұнын ашу ең бірінші оның қоғамды өзіндік жүйе,  әдіс-тәсілдермен  зерттейтінін ескеруіміз керек. Яғни бұл ғылым қоғамның ерекше бір қасиетін - әлеуметтілігін, экономиканың, саясаттың, құқықтың, мәдениеттің және тәрбиенің әлеуметтік қырларын анықтайды. Осы бір принципті қағиданы түсіндіріп жіберген жөн. Сонан соң әлеуметтану ғылымын түсіну үшін ең алдымен «қоғам» ұғымының мәнін ашып алуымыз керек. Өйткені осы бір сөзді күнделікті өмірде сан рет қайталасақ та, оның құдіретті мағынасына, адамзаттың өміріндегі айрықша рөліне жеткілікті көңіл бөле бермейміз.       Қоғам  дегеніміз адамзат дамуының белгілі бір тарихи кезеңінде өз қажеттерін канағаттандыру мақсатында әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара әлеуметтік әрекетке түскен, өзін-өзі басқарып, өзін-өзі жетілдіріп, толықтырып отыратын, тұрақты және біртұтас қалыптасқан әлеуметтенген адамдардың жиынтығы. Тәжірибеде бұл анықтаманы студенттердің көбісі  жатқа айта алады. Бірақ осындағы принципті мәселелерді түгел тарқата алмайды. Мысалы, қоғамның тарихи құбылыс екендігі, оның адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатынан құрылғандығы және белгілі әлеуметтік нормалар мен ережелер негізіндегі өзара әрекет арқасында қалыптасқандығы. Сондай-ақ қоғамның рухани құндылықтарды бойына сіңірген адамдардың бірлестігі екендігі де маңызды. Бұлай тарқата түсіндіру қоғам туралы ұғымды терең әрі баянды ете түседі. Әлеуметтік кең мағынада әлеуметтік саладағы адамдардың өздерінің өмірлік қажеттіліктерін қамтиды. Сондай-ақ әлеуметтік адамдардың қарым-қатынасындағы іс-әрекетті, сананы, мінез-құлықты және т.б. қамтиды. Осыдан әлеуметтану ғылымының басты мәселесі туындайды.Сонымен  әлеуметтік дегеніміз жеке адамдар мен олардың бірліктерінің  арасындағы белгілі бір кеңістік пен уақыттағы қатынастары мен іс-әрекеттерінің жиынтығы. Ал бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен, мәртебе, рөлдермен  бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Ол – қоғамдағы немесе әлеуметтік жүйедегі мүдделер мен құндылықтары ортақ, мақсаттас адамдардың біршама тұрақты қауымдары мен бірлестіктері. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және т. с. с. Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақытта әртүрлі әлеуметтік топтардың мүшесі бола алды. Мысалы, студент, ол қазақ, ол астана тұрғыны т. б.

    2.
    Әлеуметтанудың категориялары мен заңдарын түсіндіріңіз

Әлеуметтанудың зерттейтін объектісі мен ғылыми пәнін айқындамай,  оны толық танып, білу мүмкін емес. Бұл екі ұғым бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз бірі жоқ, дегенмен  олардың өзіндік ерекшеліктерін аша отырып қана оларды бірін бірінен ажыратуға болады. Қоғам философия, тарих, саясаттану, экономика сияқты барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі болып саналады   Сондай-ақ қоғамдық ғылымдардың зерттеу пәнінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Жалпы ғылымның пәні зерттеуге алып отырған объектіні сипаттайтын өзіндік ерекшеліктер, аспектілер мен белгілер болса, әлеуметтанудың пәні деп адамдардың немесе әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерді, олардың арасындағы алуан түрлі қарым-қатынастарды жан-жақты, терең танып, білуді, зерттеуді айтамыз Қандай бір жүйе болмасын ол белгілі бір элементтерден тұрады. Сондай-ақ қоғамның әлеуметтік жүйесінің негізгі элементтері: адамдар, ұйымдар, мекемелер, институттар, әлеуметтік құбылыстар, үдерістер, әлеуметтік нормалар мен ережелер, оларға  негізделген өзара байланыстар мен қарым-қатынастар, өзара ықпалдасу және т.б. болып табылады. Бұларды жете ұғынбай, жалпы әлеуметтану ғылымын терең түсінуге болмайды. Қоғамның әлеуметтік жүйесін білу үшін жүйе дегенді анықтап алу керек. Жүйе деп өзара бір-бірімен байланыста, қарым-қатынаста болатын, тәртіптелген және тұрақтылықты құрайтын, бірінің өзгерісі басқаларының өзгерісіне әкелетін көптеген элементтердің тұтас жиынтығын айтамыз. Олай болса қоғамның әлеуметтік жүйесі дегеніміз қоғамның ішкі құрамы, әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара қарым-қатынас пен байланыста, өзара ықпалдастықта болып, тұтастықты қамтамасыз ететін элементтердің  жиынтығы болып саналады.        Әлеуметтік жүйе адамдардан тұрмайды, олардың қарым-қатынастарынан тұрады дегенді басшылыққа ала отырып,  әлеуметтік жүйенің маңызды деген жеке компонеттеріне арнайы тоқтай кетейік. Олар: адамдар, олардың бірліктері, әлеуметтік нормалар мен ережелер негізінде болатын әлеуметтік байланыстар, қарым-қатынастар және ықпалдастық.  Әлеуметтік байланыс – қоғамдағы жеке адамдардың не әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынастарын білдіретін ұғым. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы байланыс, қатынастарға түседі, мәселен, ол өзінің отбасымен, ағайын-туыстарымен – туыстық қарым-қатынаста болса, құрбы-құрдастарымен - достық, жолдастық, өндірісте — еңбек, билік орындарымен  саяси қарым-қатынас болады.  Ал әлеуметтік өзара ықпалдасу жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етуі болып табылады. Ал әлеуметтік нормалар дегеніміз белгілі бір мәдени-құндылықтарға сәйкес адамдардың  мінез-құлқын реттеуші, қоғамдық өмірдің тұрақтылығы мен  тұтастығын нығайтушы ережелер стандарты.

...

Скачать:   txt (43.2 Kb)   pdf (206.9 Kb)   docx (360.1 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club