Б.Франклиннің «Ақша мерзімі» («Время-деньги») еңбегіне эссе
Автор: aikerim.kn • Ноябрь 1, 2018 • Доклад • 1,139 Слов (5 Страниц) • 817 Просмотры
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық Университетінің
«Философия және саясаттану»факультеті
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы
Тақырыбы: Б.Франклиннің «Ақша мерзімі» («Время-деньги») еңбегіне эссе.
Орындаған: Қайырбекова Айкерім
Қабылдаушы: Дүйсенова С.М
"Ақша мезгілі" ( Время-деньги ) бұл тек қана кітап емес, Бенджамин Франклиннің бірегей өмірбаяны деуге де болады. Бұл кітап Бенджаминнің өзінің ұлына арнап жазған xаттарынан тұрады. Бұл xаттарында ол өзінің өміріндегі жетістіктерінің тариxы жайлы баяндаған. Өзінің алға қойған мақсаттарына қалай жеткендігі , қандай еңбекқор болғандығы, өзіндік жолын қалай таңдағанын, және мақсаты бойынша анық қадамдар жасағандары жайлы айтылады. Автор мүмкіндік пайда бола қалса қуану керек, және берілген мүмкіндікті ешқашан уыстан шыгарып алмау керек деген болатын. Әркім өзінің пайдасын білуі қажет , бос әрі пайдасыз кеткен уақыт-өлген уақыт десе де болады. Бұл кітапты оқу арқылы Бенджаминнің өте қызықты әрі тариxи өмірін көре аламыз. Оның қоғамға , мемлекетке тигізген орасан зор пайдасы баяндалады.
«Ақшаның мезгілі» (Время - деньги) деген фраза қазіргі күні өте танымал. Уақыт дегеннің не екенін бірден нақты бекітуге болмайды. Бірақ бір жағдайда сенімді болуға болады: уақыт – бір бағытта ағып жатқан жалғыз шама. Уақыт пен ақша арасындағы айырмашылық анық. Ақша қалпына келетін қор ( ресурс ), ал уақыт қалпына келмейді және сондықтан да мен Бенджамин Франклинның пікірімен келіспеймін.
Айтылған сөздерге егжей-тегжей талдау жасайық. Демек , ақша – бұл басқа тауарлар мен қызметтер құнының жалпыға бірдей баламасы ( эквивалент ) болып табылатын ерекше тауар. Ал уақыт- адам күнделікті, күн сайын тарататын бірегей қор ( ресурс ).
Ақша адам өмірінде маңызды орын алады. Салтанатты өмірді ақшасыз елестету мүмкін емес. Қазіргі өмір сүріп жатқан заманымызда тамақ алуға да ақшаң болуы тиіс.
Қағаздың рөлі адамның қандай да бір еркіндікті сезуінде болып табылады. Ақша көп болған сайын еркіндік те соғұрлым сезіледі. Ол кез келген әрекеттерді жасай алады, мысалы, адамда N көлемінде ( шамасында ) ақшасы бар және оның кез - келген нәрсені сатып алуға да, саяхаттауға да мүмкіндігі бар. Тіпті кез - келген мәселені ақша арқылы шешуге болады, мысалы, аурухана , жоғары оқу орны төлем ақысын төлеуге және тағы көп жағдайларда. Келтірілген мысалдардан мынаны айтуға болады, ақшасы бар адам ақшасы жоқ адамға қарағанда өзін әлдеқайда жақсы сезінді. Ақша табу үшін не істеуіміз қажет ? Жауап қысқаша – уақытты тиімді жұмсау қажет.
Уақыттың ақшадан айырмашылығы , уақытты табуға болмайды. Ол өте тез жылжып өтіп жатыр , және біз оны еш тоқтата алмаймыз. Жалғыз ғана шешім болып табылатыны , ол , әркім өз уақытын тиімді етіп басқаруды мейілінше арттыру. Әрине ұзақ уақыт жұмсап өзіңіздің сағаттарыңызды жасап оны адамдарға көрсетуге болады , сондай ақ өте қомақы ақшаға сатуға болады , бірақ осының бәрі сіздің бірнеше жыл өміріңізді кетіруге тұрады ма? Адам бір сағаттарды жасау және өндіру кезінде жұмсаған өз жылдары аралығында, машиналар да сол уақытта ондаған мың сағат жасайтын еді.
Яғни аз күш жұмсалу , уақытты үнемдеу , жүйке тоздырмау орын алады, есесіне тиімділік пен өнім көлемі артады. Дәл осы жағдайда ынталадырушы күш және құрал болып табылатыны ақша. Бірақ тағы да сол, уақыт - сол және басқа да ақшаны табу кезіндегі ең маңызды бөлігі болып табылады.
«Ақшаның мезгілі» ( «Время деньги» ), «Бүгін қолыңнан келетінді ертеңге қалдырма» («Не откладывайте на завтра то, что можно сделать сегодня») деген қанатты сөздері кей адамдарға қанат бітіріп жүр. Мезгіл демекші, уақытты Франклин үшін өте маңызды болатын. «Өмірді сүйесің бе? Ендеше уақытыңды жоғалтпа , уақыт – сенің өміріңнен құралған мата» деп уақыттың қадірін түсіндірген.
...