Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қ.Жарықбаев Жантану негіздері Алматы 2002 ж

Автор:   •  Март 29, 2018  •  Реферат  •  2,181 Слов (9 Страниц)  •  2,958 Просмотры

Страница 1 из 9

Сабақтың технологиялық картасы

Пән: Психология

Сабақтың тақырыбы: Ықтиярсыз есте сақтау

Сабақтың мақсаты: Адамның есте сақтау қасиеті, соның ішінде ықтиярсыз есте сақтау туралы түсінік беру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Білім алушылардың адамның есте сақтау қабілетін дамыту туралы жүйелі білім беру

Тәрбиелік: Білім алушылардың өздігімен жұмыс істеуге және жауапкершілікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ес туралы түсінігін дамытып, естің процестері туралы түсініктерін қалыптастыру

Сабақ типі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Оқыту әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын

Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау

Пән аралық байланыс: Тіл дамыту

Көрнекі құралдар: ТСО үлестірмелері

Сабақтың құрылымдық жоспары:

-Ұйымдастыру кезеңі.

-Мақсат қою және қызығушылықты ояту.

-Білімді өзектілендіру.

-Үй тапсырмасын сұрау.

-Жаңа тақырыпты түсіндіру.

-Үй тапсырмасын беру.

-Қорытындылау.

-Рефлексия.

-Сабақты аяқтау.

Жоспары:

1.Естің негізгі процестері

2.Ықтиярсыз есте сақтау

3.Ықтиярсыз қайта жаңғырту

Әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев Жантану негіздері Алматы 2002 ж

     2. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы. 2005 жыл.

     3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы. 2011жыл. 67-70 беттер.

Ықтиярсыз есте сақтау

Жоспары:

1.Естің негізгі процестері

2.Ықтиярсыз есте сақтау

3.Ықтиярсыз қайта жаңғырту

Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала өзінің алдына бір нәрсені есіне қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс әрекет арқылы жүзеге асады, әрі іс әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не өызыө болса соны ғана есінде сақтайды.

Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі.

Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады. Қазақ ғұламасы Абай ес туралы “Отыз бірінші сөзінде”: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде иә көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек”, — дейді. Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әр қилы. Психикалық белсенділік сипатына байланысты ол қимыл-қозғалыс есі, эмоциялық-сезімдік ес, бейнелі-көрнекілік ес және сөздік-мағыналық (логикалық) ес болып бөлінеді. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай ерікті ес, еріксіз ес болып бөлінеді. Адамның ақпаратты қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай қысқа ес және ұзақ мерзімді (түпкілікті) ес, сондай-ақ, шұғыл ес болып бөлінеді. Естің кейбір түрлері арнайы аспап — мнемометр арқылы өлшенеді. Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз — ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде бозарады не қызарады. ґйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған. Сөздік-мағыналық (логикалық) ес ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі пішімдер арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Естерді ерікті ес және еріксіз ес деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің есте берік қалуы деп аталады. Мұндай жағдайда осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі. Естің бұл түрі қысқа мерзімді ес деп аталады. Психология ғылымында қысқа мерзімді ес “шұғыл” ес (түрлі амал-тәсілдер есі) деп аталады. Ал түпкілікті ес қабылдаған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі — әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да қатысты болуы. Ес түрлері бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, сөздік-мағыналық ес мағыналы болумен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Ес бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Есте қалдыру дегеніміз жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:

...

Скачать:   txt (31.2 Kb)   pdf (233.4 Kb)   docx (21.4 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club