Практическая работа по "Педагогической технологии"
Автор: Zeresha Imangalieva • Декабрь 1, 2021 • Практическая работа • 329 Слов (2 Страниц) • 283 Просмотры
1.Технология, өндірістік технология, әлеуметтік технология, білім беру технологиясы, педагогикалық технолногия, тәрбие технологиясы ұғымдарының анықтамасының кестесін құру.
Технология | Технология – бұл өндірісті ұйымдастыру туралы ғылым. Ол өнімді бастапқы кезеңінен соңғы нәтижесін алу кезеңіне дейінгі барлық операцияларды және әдістерді сипаттайды. Әрине, өнімді өндірісте даярлау процесі секілді білім беру және тәрбие процесін де технологиялық тұрғыдан қарамау мүмкін емес. Бұл бағыт ХХ ғасырда педагогикалық процестің құрылымын басқару, тәрбиелік ықпалды бақылау секілді көзқараста ерекше байқала бастады. |
Өндірістік технология | Өндірістік технология – бұл тәсіл және ғылым жетістіктерін ендіру нәтижесі. Мәселен, оған табиғи шикі заттарды (мұнай, ағаш т.б.) өңдеу технологиясы немесе одан алынған өнімдер жатады. |
Әлеуметтік технология | Әлеуметтік технологияда оқушыларды оқыту және тәрбиелеу технологиясы қарастырылады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан көп айырмашылығы бар. Басты айырмашылығы өндірістік технология белгілі бір нақты жүйелі операциялардан тұрады. |
Білім беру технологиясы | Білім беру технолногиясы ХХ ғ. орта шенінде жүйе теориясы, кибернетика, программалы оқыту негізінде ғылыми бағыты бар нақты оқу және тәрбие процесін жобалаумен айналысатын танымның саласы ретінде дамыды. Оның негізгі идеясы педагогикалық процесті мақсатына және болжамына сәйкес басқарылатын жүйе ретінде қалыптастыру. |
Педагогикалық технология | Педагогикалық техника – ғылыми негізделген балаларға тәрбиелік ықпал ететін амал-тәсілдердің жиынтығы, педагогтың меңгерген «тұлғаға жанасу» өнері (Шуркова Н.Е.). |
Тәрбие технологиясы | Тәрбие технологиясы – тәрбие процесін басқаруды жобалаумен айналысатын педагогиканың негізгі бір бағыты. Яғни, тәрбие технологиясының бірнеше мәні бар. Біріншісі – технология – тәрбие процесін жобалау, басқару туралы ғылыми пән ретінде түсіндірілсе, ал екіншісінде - бұл тәрбие процесін жобалау, талдау (разработка), сипаттау (описание), осылардың негізінде педагогтардың нақтылы бір жұмыстың түрін жүзеге асыруы деп қарастырады. |
...