Нейросенсорлы есту мүкістігі
Автор: Sh1nar1 • Апрель 4, 2022 • Контрольная работа • 463 Слов (2 Страниц) • 275 Просмотры
Есту қабілетінің бұзылуы сыртқы және ортаңғы құлақтың бөліктерінің зақымдалуы (кондуктивті нашар естушілік), немесе ішкі құлақтың бөліктерінің зақымдалуы (сенсоневралды нашар естушілік) нәтижесінде болады. Сенсоневралды нашар естушілік кезінде ең алдымен талшықты клеткалары зақымдалады. Кейбір науқастарда, әсіресе менингиттің салдарынан есту қабілетін жоғалту кезінде есту жүйкесінің ішінара зақымдалуы болады. Сонымен бірге, әдетте, бұл зақымдалған талшықты клеткалары қалпына келтірілмейді.
Көптеген есту қабілетін жоғалту және естімеушілік сенсоневралды нашар естушілік кезінде келеді. Сонымен қатар, есту жүйесінің қыртысты және қыртыс асты орталықтарының және дыбыстар мен сөздерді өңдеудің бұзылыстарымен байланысты зақымдалуымен негізделген есту қабілетінің орталық бұзылысы бар.
Есту қабілеті зақымдалған адамдар сөйлеу тілін және басқа дыбыстарды нашар қабылдайды, оларды ақырын, түсініксіз естиді. Көп жағдайда оларға дыбысты күшейтетін есту аппараттары көмектеседі. Бірақ адамда талшықты клеткалары қатты зақымдалған болса, онда есту аппараты көмектеспейді. Бұл жағдайда ішкі құлақ мимен дыбыстарды қабылдау үшін дыбыс тербелісін электрлік сигналдарға түрлендіре алмайды. Сол себепті осындай жағдайда кохлеарлы имплантацияны колданады.
Нейросенсорлы есту мүкістігі
Есту анализаторының әр түрлі бөлімдерінің – кохлеарлы рецепторлардан үлкен ми қыртысының есту аймағына дейінгі бөлімдердің зақымдалуы. Нейросенсорлы есту мүкістігі есту бұзылысынан зардап шегетін барлық науқастардың ¾-інде байқалады.
Есту анализаторының зақымдалу деңгейіне байланысты кохлеарлы (рецепторлық, перифериялық); ретрокохлеарлы (иірімді өзектің немесе кіреберіс-ұлулық нервтің зақымдалуы) орталық (бағаналық, ми қабы асты, ми қабы) аралас болып бөлінеді.
Этиологиясы: Инфекциялық аурулар (тұмау, паротит, қызылша, қызамық, менингит, жәншау, т.б.); Тамырлардағы қанайналымның бұзылысы (спазм, тромб түзілу); Интоксикация (никотин, алкоголь, бензин, мышьяк); Ортаңғы және ішкі құлақтың қабынуы (жіті ортаңғы отит); Жарақат (механикалық, аку-, вибро-, баротравма, ауалық контузия) Есту анализаторының жастық өзгерістері (пресбиакузис); Кіреберіс-ұлулық нервтің невриномасы; Аллергия; Жалпы соматикалық аурулар.
...