Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Петр Ильич Чайковский

Автор:   •  Сентябрь 19, 2022  •  Лекция  •  985 Слов (4 Страниц)  •  253 Просмотры

Страница 1 из 4

                                              Петр Ильич Чайковский    

                                                       (1840-1893)

                                                     [pic 1]

Петр Ильич Чайковский – орыс халқының ұлы композиторы. Ол 1840 жылы 25 сәуірде Удмуртия маңындағы Воткинск селосында туылған. Әкесі Ильич Кама, Воткинск заводтарында директор болып қызмет атқарған.

Петрдың музыка өнеріне деген қабілеті жас кезінен байқалады. Ол анасының фортепианода ойнап, ән-романстар айтқанын тыңдап өседі.

                                       [pic 2]           

Бірақ ата-анасы   жас Петрды музыкаға емес, құқық мамандығына оқуға береді. 18 жасында курсын аяқтаған Петр министірлікке қызметке орналасады. Күндіз жұмыста болса, кешкілік театр, концерттерге барып өзінің музыкалық қызығушылығын жалғастыра береді.

П.Чайковский Еуропаның ірі қалаларында болып қайтқан соң қызметін тастап, Орыс музыкалық қоғамы жанындағы оқуға түседі. Кейін бұл оқу орны консерватория болып құрылып, соның студенті болады. Петрдің консерваториядағы ұстазы Антон Рубинштейн еді. Оның консерватория қабырғасында жүріп жазған шығармаларынан  ‘’ Күркіреу ‘’ драмасы бойынша жазылған симфониялық увертюрасын, Шиппердің ‘’ Қуаныш ‘’ одасы негізінде жазылған  кантатасын атауға болады. Аталған шығармалар А. Рубинштейн басшылығымен концерттерде орындалған.

1866 жылы консерваторияны аяқтаған П . Чайковский Москваға шақырылып, осында ашылған консерваторияның алғашқы профессорларының бірі болады. Осы кезеңде жазған шығармаларының үздік үлгілері – Бірінші симфония мен ‘’ Ромео және Джульетта ‘’ увертюра-фантазисы.

19 ғасырдың орта шенінен ауа П. Чайковский  ‘’Ұлы топ ‘’  мүшелері М. Балакирев және Н. А Римский-Корсаковпен танысады. Осы Москвада композитор ‘’ Әскербасы’’, ‘’Опричник ‘’,                  ’’ Ұстаз Вакула’’ операларын, ‘’Аққу көлі’’  балетін, алғашқы 3 симфониясын, оркестрге арналған бірнеше бағдарламалы увертюра-фантазияларын, 3 квартет, бірінші фортепианолық концерт, виолончель мен оркестрге арналған Рокок тақырыбындағы варияциялар. Жыл мезгілдері атты фортепианолық пьесалар циклын жазады. Осы кезеңде композитор өзінің кезекті төртінші симфониясы мен  ‘’Евгений Онегин’’  операсын жазуға кіріскен.

        [pic 3]

Орыс және украин халық әндеріне назары ауып, 50 халық әндері бар жинақты баспадан шығарады. П . Чайковский жазған опералық шығармалардың жанрлық ерекшеліктері әркелкі болды.

П . Чайковский бір ғана композитор емес, ол музыкалық сыншылық және ұстаздық қызметке де көңіл бөлген. Москва консерваториясында 12 жыл бойы теория, гармония, аспаптану және композиция пәндерінен дәріс береді.  Орыстың көрнекті композиторы С . И. Танеев  Чайковскийдің сүйікті шәкірттерінің бірі болған.

Композитор 1877 жылы  жүйке ауруына шалдығып, шетелге емделуге кетеді.Италия жерінде жүріп төртінші симфониясы мен  ‘’Евгений Онегин’’  операсын аяқтайды.

                                     [pic 4]

Композитор бірқатар симфониялық және камералық шығармалар жазды. Солардың қатарында Манфред , бесінші симфониялары мен 1812жыл, Гамлет увертюраларын көрсетуге болады. Глинка увертюраларының ізімен симфониялық оркестрге арнап ‘’Итальян каприччиосы’’  мен  ‘’Ұйқыдағы ару ’’ балетін жазды.  

 Еуропаның бірқатар қалаларында симфониялық концерттер береді. 1893 жылы Кембридж университетінің П .Чайковскийге құқық докторы атағын беруі де оның талантын мойындаудың көрінісі болатын.

...

Скачать:   txt (10.9 Kb)   pdf (297.7 Kb)   docx (197.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club