Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі заманғы корей романдарын қазақ тіліне аудару ерекшеліктері

Автор:   •  Март 16, 2018  •  Курсовая работа  •  24,866 Слов (100 Страниц)  •  314 Просмотры

Страница 1 из 100

Тақырыбы: Қазіргі заманғы корей романдарын қазақ тіліне аудару ерекшеліктері (Шин Ген Сук «Анам саған аманат»)

Жоспар:

Кіріспе

І тарау. Қазақ аударматану ғылымы және көркем аударманың теориялық негіздері

  1. Қазақ аударматану ғылымының қалыптасу сипаты және оның өзекті мәселелері
  2. Көркем аударма түсінігі және оның ерекшеліктері
  3. Көркем аудармада қолданылатын әдіс амалдар

II тарау. Корей жазушысы Шин Ген Суктың «Анам саған аманат» романын аударудағы ерекшеліктер

  1. Шин Ген Суктың «Анам саған аманат» романының мәнмәтіні
  2. Анам саған аманат романынының аудармасының салыстырмалы талдауы
  3. Анам саған аманат романын аударуда пайдаланылған әдіс амалдар

КІРІСПЕ

        Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс әрбір ұлттық мәдениеттің негізгі мәдени кодтарының бірі болып табылатын көркем әдеби шығарма, оның ішінде корей тілінен қазақ тіліне аударудағы тілдік ерекшеліктерді зерделеу арқылы қазақ аударматануы лингвистикалық теориясының дербес мәселелерін теориялық тұрғыдан тұжырымдауға арналған.

        Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында тіл саясатының батыл, қарқынды, әрі оңтайлы түрде жүзеге асырылып келе жатқандығына, қазақ тілінің қоғамдық қызметі аяларының кеңейе түсуіне байланысты қазақ лингвистикасы жаңа ғылыми парадигмаларды қалыптастыруға және дамытуға, бұрын қолға алынған ғылыми бағыттарды тың арнада қарастыруға, осы бағыттарды соны пікірлермен, практикадан алынған тәжірибелердің қорытындыларымен толықтыруға бет бұрды. Басқаша айтқанда, соңғы жылдары тіл ғылымы құрылымдық-жүйелілік зерттеу нысанасын өзгертіп, тілдік қаттаулар, сөздің семантикасы адам әлемімен,  ғаламның тілдік бейнесімен және адамның когнитивті қабілетімен тығыз байланыста талданатын болды.

       Жоғарыда  көрсетілгеніндей, бұрын біршама зерттелді, нақты әдіснамалық негіздері айқындалды деп саналған салалардың бірі – қазақ аударматану ғылымы да қазіргі заманда  ғаламның тілдік бейнесіне, когницияға қатысты жаңаша тұрғыдан зерттеле бастады.

       Бұған бірнеше жайттар себеп болып отыр; тілді зерттеудің жаңа бағыттары бір тілден екінші тілге аударудың бұрын айтылып келгеніндей тек үдеріс емес, сонымен қатар мәдениетаралық коммуникация, сөйлеу актісі, адамның коммуникативті мінез-құлқы сияқты мәселелерге тығыз байланысты екендігін айқын көрсетіп берді.

       Біріншіден, соңғы жылдары аудару ісі Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясатына қатысты аса өзекті мәселелердің біріне айналды. Аударма – халықтар арасындағы саяси-әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастарды оңтайлы жүзеге асыруға ықпал етеді. Ішкі саясат тұрғысынан айтар болсақ, онда мынаған тоқталуға болады: біздің елімізде аударманың практикалық тәжірибесін, әлемдік әдебиеттің  аударма қорын жасау – ұлттық мәдениетті өркениетке одан әрі бір қадам жақындастыра түсетін жолдардың бірі. Осыған байланысты 2003 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің №1277 Жарлығымен «Мәдени мұра» атты  2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бекітіліп, онда: «Әлемдік мәдениеттің көрнекті ойшылдарының, әдебиетшілері мен қайраткерлерінің таңдаулы шығармаларының кең ауқымын қазақ тілді оқырманға таныстыру және гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау мақсатында ... «мәдени құндылықтар» және «мәдени құбылыстар», ... «мәдениеттегі дәстүрлер мен жаңалықтар» секілді негізгі ұғымдарға арналған өткеннің ойшылдарының көптеген трактаттарының аудармаларын» жасау қажеттігі көрсетілген. Осы міндеттерді орындау үшін соңғы жылдары әлемдік әдебиеттің көптеген туындылары қазақ тіліне аударылды.  

...

Скачать:   txt (249.4 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (97 Kb)  
Продолжить читать еще 99 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club