Олонхо жырының сюжеті
Автор: Zhuldyz00 • Октябрь 19, 2018 • Реферат • 2,169 Слов (9 Страниц) • 414 Просмотры
Олонхо жырының сюжеті
Есте жоқ ескі заманда әлем үш бөлікке бөлінген, Жоғарғы әлем құдайлар әлемі, Ортаңғы әлем адамдар әлемі, және төменгі әлем. Жоғарғы әлемді құдайлар Айыы аймага мекен етеді. Жер ана алдымен, тау, суы, орманды, тоғайлы мекен болып жаратылған соң, Айыы аймага құдайлары Ортаңғы әлемге адамдардыжібереді. Жоғарғы әлемде бір бала дүниеге келеді, ол өзінің құйынды мінезімен құдайларды қорқытқан соң, барлық құдайларлар өзара келісімге келіп, оны отты арқандармен, сегіз қабатты биіктіктегі діңгекке байлап қояды. Ортаңғы әлемге қауіп төнген кезде ғана оны босататын болады. Ол баланың аты Нюргун Боотур еді. Айыы аймага құдайлары ортаңғы әлемге СахаСарын тойон мен оның әйелі Сабы Баай хотунды жібереді. Сабы Баай хотун толғақанда Толғақ құдайы Нэлбэнг Айыысыт ақ байтал кейпінде келіп, жәрдем береді, егіз бала дүниег келеді. Нэлбэнг Айыысыт батасын еріп, қыздың атын Туярыма, ұлды Күн Джирибинэ деп қояды. Тойлатып ысыах жасайды. Балалар өседі: Күн Джирибинэ мақтанып, күші тасып, Жоғарғы және Төменгі әлемнің батырларын күш сынасуға шақырады. Үш күннен кейін үш басты жылан кейпінде абаасы Уот Усутаакы (Отбүріккіш) батыр келеді. Қысқа соғыстан соң ол Күн Джирибинэны жеңіп, Туярыма қызды алып кетеді. Адамдар, абаасы құбыжығының қысымында қалады. Олардың зар мұңына қабырғасықайысқан Жердегі құдай Аан Алахчын хотун Жоғарғы әлем құдайы Үрүң Аар тойоннан көмек сұрайды. Ол Ортаңғы әлемді қорғау үшін Нюргун боотурды оның қарындассы Айталыын Куомен бірге түсіруге бұйрық береді. Аат аналары қыздарын әр кезде дорық пен соғыстың арасында жүретін нюрун оотурмен бірге жіберуге жүректері дауаламайды. Сондықтан, олар Ортаңғы әлемге Нргун боотумен бірге кенже ұлдары Үрің Уоланды (Ақ жігіт, бала) жібереді. Ортаңғы Әлемде Нюргун боотур өз күшінің қарымны көреді, тасты ұрса, тас үгіліп, ұнтақ болып кетеді, аяғымен жерді тепкілесе (топает), дауылтұрып, тас қииыршықтары ұшып, кері қайтқанда нөсер боп жауды. Қарны ашқан Нюргун Боотур саятшылық құдайы Баянайдан бір аңды сыйға тартуын сұрайды. Сосын оған бұлан келеді, оны батыр бір ұрып өлтіріп, терісін қиім қылып қиіп, етін үйге әкеледі. Нюргун Боотур батыр аты Джураа Хараны үйретеді және Кытай Бахсылаан ұстаға барады, ол оған батырлық қару жарағы мен темір сауыт жасап береді. Қаруланған Нюргун Боотур соғыс әнін шырқап, жауын жекпе жекке шақырады. Нюргун Боотур жауларына шақыру салып, оларды күтеді. Ол бауырына ақ тырна кейпінде Туярыма Куонының рухы («оның салған әнінің рухы мен жасты көзінен аққан жасы») ұшып өткенін хабарлайды. Ол көмек сұрайды. Үрің Уолан беірден Тярыма Куоны құтқаруға атттанады. Жер құлайы Аан Алахчын хотун алғыс айтады, салтты жасайды: қасықпен бал ашады, (Үрің Уолан үшін соғыс сәтсәз болатыны белгілі болады, қасық бүгілген жағымен құлайды), сосын өінің кеуде сүтін ішу керек болады, ол батырға батырлық күш береді. Сосын сегіз аяқты құбыжық кейпінде абаасы Есех Харбыыркеледі. Ол Айталыын Куоны ұрлап, ізін суытып кетеді. Осы кезде Нюргун Боотур Төменгі әлемге түсіп ұрлықшыларды қуады, жауын Отты өзенге дейін қуады. Жауын қуып жетіп, Есех Харбыыр мініп жүрген үш басты жыланның басын шауып, жауынан Айталыын Куоны алып, оны тері түйініне айналдырып, атының сол құлағына салып қояды. Үлкен батырлар соғысы басталады. Соғыс барысына олар Астыңғы әлемнің быт шытын шығарады. Астыңғы әлемнің билеушісі Арсан Дуолайыдың әөтінішімен шамандар батырларды алтын әулие тауға (ай мен күн туған тау) дейін қуып апарады. Бірақ ол жерде де батырлар астеан кестеңін шығарадаы, сосын тағдыр Құдайы Джылга тойон оларды жапандағы жалғыз отты өзенде орналасқан тар тасты құзға жібереді. Құзға бір бірне тым жақын, тығы орналасқан екі адам ғана сыя алады. Ол жерде Нюргун Боотур өзінің үлкен әпесі шаман Айыы Умуурдың көмегімен жауын жеңіп, оны отты өзенге құлатып жібереді. Бір кезде Үрің Уолан бай елге кез келеді. Бай киіз үйдің ортасында қолдарында қымыза бар үші ару оны демалып, қымыз ішіп алуға шақырады. Үрің Уолан атының ескертууіне құлақаспай, иқыршылардың алдауынан қоорықпай, келіседі. Ол қалай көрсеткен орынға отыра салысымен арулар екіге бөлініп, кетеді, Үрің Уолан қиындықта қалып қояды. Аруларға айналып алға Абаасы әлемінің мытандары оның құлауын жабайы айқаймен шығарып салады. Үрің Уоланды бұл қиындықан, оның атының өтініші арқылы Айыы Умсур шаман құтақарады: ол өзінің іулие әкесінің шашынан өрілген алтын шынжыр, арқанды түсіреді. Үрің Уолан Астыңғы әлемде болады, Уота Усутаакы елінде онымен соғысады. Жауы алып жыланға айналып, Үрің Уоланды айналдыра қапсырып, қысып, тұншықтырады. Үрүің Уолан тапқырлық танытып, оның қарындасы Кыыс Кыскыйдаанға (айқайлғыш қыз) үйленуге уәде береді. Қуанған жауы оні жібереді. Уот усутаакы тойға азық әкелуге кеткенде Үрің Уолан қарындасын өлтіріп, Туяраыма Куоын азат етуге тырысып, жатады, бірақ Уот Усутаакы тез орыдап, оны жеңеді. Үрің Уолан өмірі қыл үстінде тұрып, туғандарымен қоштасып, Нюргун Боотурдан көмек сұрайды. Нбргун Боотур Есех Харбыырды жеіңп оралса, Үрүң Уоланның жебесі бүгіліп, одан қан тамып тұр екен. Нюргун Боотур жаңа жорыққа аттанады. Астыңғы әлемге апарар жолға жеткен Батыр атын кері қайтарып, өзі үш қабырғалы құзға айналып, жолын жалғастырады. Уот Усутаакы еліне келіп, Нюргун Боотур отты жылан кейпіндегі Уот усутаакыны түйреп алғысы келеді. Бірақ жауы жалтарып кетеді де, құз Төменгі әлемнің ортасында орналасқан тасты діңгекке соғылады. Нюргун Боотур өзінің кейпіне келеді. Өз кезегінде Уот Усутаакының жлан болып, тұншықтырмақ ниеті нәтижесіз болады. Уот Усутаакы да өз кейіпіне, бір аяқты, бір қолды циклоп кейпіне келеді. Соғыс басталады, Отыз күндік соғыс ешкімнің де күшін басым түсірмейді. Нюргун Боотур екі тараптың да демалып, отыз күн ұйықтауын ұсынады. Уот Усутаакы келіседі. Олар осы кезде бір бірне төніп бермеуге серт береді. Уот Усутаакы ұйқыға кетеді. Нюргун Боотур жер асытндағы Уот Усутаакының құдарын іздеуге кетеді. Ол оларды тапқанда Күн Джирибинэ айыының барлық қырық батырын босытп, жауға бірге қарсы тұруды өөтінеді. Бірақ Нюргун Юоотур келіспейді. Ол бұл жерге онсыз да әлсіз адамдарды азулының алдына салып беру үшін емес, тұтқындарды босату үін келгендігін айтады. Ол соғысты жалғыз жалғастырады. Сосын ол Туярома Куодан УоттУсутаакы келген кезде оның алдына тұрып, жыоап, есіркеу сезімін оятуын сұрайды, сол кезде күтпеген жерден Нбргун Боотур тап беретін болады. Сосын ол шыққа айналып, ол жерден ғайып болады. Отыз күн ойы Уот Усутаакы жалынды жылан кейпінде болдаы. Қарсылатсын таба алмай ол қандай а бір әккі айланың олғалы тұрғанынан қауіптенеді. Туярыма Куо жыланан қорқып, оның бір де бір рет өзінің шынайы кейпңнде оған көрінбегеніне жазғырып, оның түрінен қорқып тұрғандығын, оны наздандырмайтындығын айтып жылайды. Ол әрдайым жалғыз, оған бұлай куйеусіз өмір кешкенше өлгені артық екендігін айтады. Уот Усутаакы оны аяп кетіп, өзінің шынайы кейпіне келіп, өзінің тоғыз қабатты сауытын шешеді. Оссы кезде оның алдында тұрған Нюргун Боотур кенеттен ұзын найзаен түйреп алады. Уот Усутаакы өлім алдындғы әнінде Нюргун Боотурдан өзін ұруын сұйрадй.
...