Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ойдан шығарылған хикаяттар

Автор:   •  Февраль 17, 2021  •  Творческая работа  •  688 Слов (3 Страниц)  •  427 Просмотры

Страница 1 из 3
  1. Патша туралы хикаят

Кемелдіктің қайығына мінген патша

Иран елінің патшасы көпшілікке өзінің ақылдылығымен,ұшқыр ойымен ,әділдігімен танымал еді.Тіпті күміс ыдыс ­аяқты пайдаланбай,ағаштан жасалғанымен тамақтанып,мерейтойларда қарапайым бұқараның арасына отырып әңгіме жарастыратын.Сондай күндердің бірінде,үлкен дастарханда бас қосылып,халық тарапынан патшаға сұрақтар қойылды.Оларды патшаның қарапайымдылығы,жомарттығы,бірталай шешімге халықтың разылығымен,яғни,бірге ақылдаса отырып жасайтыны қатты қызықтырды.Халық басшысы күлімдеп,сабырлықпен бірімдеп жауап беруін бастады:

Патша болайық,етікші болайық Алланың алдында барлығымыз  дәрменсіз құлмыз.Қиямет күні дәреже емес,жақсы амалдар есепке

алынады.Мейірімділік көрсетпеген мейірімділік көрмейді.Атақ-даңққа еліріп,халқымның сүйіспеншіліген айрылып,одан соң Алланың да рақымынан құр қалғым келмейді.Оның үстіне кедейлікті де,бақ-дәулетті де  сынап береді.Расында,бұл билік маған жыртық үйдің жамауын,аш адамның тамағын қамтамасыз ету үшін берілді. Ал,үкім шығарар  алдында сіздермен ақылдасудың сырын сұрасаңдар жақсыларым,қабылданатын шешімнің ең алдымен сіздерге пайдалы болуына көз жеткізгім келеді.Ақылдасу әрдайым табысқа жетелейді.Ешқашан орға жықпайды.Ақылдасқан өкінбейді –деп жауап берген екен.

  1. Дәруіштердің әдет-ғұрпы туралы хикаят

Өз ортасына силы,салиқалы дәруіш бар еді.Бірде намазының уақыты кіргенде мешітке келіп,намазға тұрды.Артынша дереу намазын бұзып,үйіне қарай асыға жөнелді.Ассықаны соншасырттан көрген адам оны өрт сөнрдіруге кетіп барады деп ойлар еді.Сәлден кейін қайтып оралып,бастаған ісін аяқтады.Кейіннен асыққанына куә болғандар намазының неліктен бұзылғанын сұрады.Сонда ол: «бүгін таң  атысымен кедейлерге таратып беретін заттар келген болатын.Мен оны таратуды ұмытып кетіппін.Намазға тұрғанда есіме түсті.Бір жан әлденеге қатты мұқтаж отырғанда,мен жайбарақат Тәңірден жәннатты сұрағым келмейді» — деп жауап беріпті.

  1. Адамгершілік және қанағат туралы хикаят.

Адал ар мен ақ көңіл де еленер...

Бағдадта орналасқан медреселердің бірінде білім шаһары болғандықтан кітап өте көп еді.Алайда ешбірі сыйлыққа,тіпті дирхамға да берілмейтін.Тек кітапты барып оқып,шығарда қалдырып кету  кітапхана ережелерінің бірі болатын.Күндердің күнінде тәлім алушылардың саны көбейіп,кітапхана іші толып қалатын жағдайда жетеді.Бұның салдарынан берілген уақытпен кіріп шығылу тиіс деген заң қабылданды.Тәлім алушылардың арасында кітапқұмар,ішкен асын жерге қояры бар еді.Бір кітапқа кез болып,уақыттың тығыздығынан  рахатына бөлене алмай жүрген соң,ол кітапты ұрлап шығады.Бір кітаптың жетіспейтінін білген кітапханашы дереу ұстаздарға хабар беріп,білім ошағын басына көтерді.Көп ұстаз «сол кітапты сатып,пұл қылмақ ниетпен ұрлаған болар»  —деген ойға қалады.Бір-бірлеп сұрастырып,қыспаққа алса да басқаларымен қосылып,жаңағы оқушы «көрмедім-білмедімнен» басқа жауап қатпайды.Ақыры соңында ашулы,ащы дауыспен бір ұстаз : «Расында,өтірік-ризықты азайтады.Ондай амал берекелі табыс әкелмейді» — деп айқай салады.Қанша дегенмен тәрбие көрген жан ғой,басын салбыратып,бар болған жағдайды түсіндіріп,оқушы кешірім сұрайды. «Оқып болған соң, білдірмей апарып қоямын деп ойладым,сатып пұлын керегіме жарату ойыма да кіріп шықпады» —  деп ақтала бастады.Шыны керек,үлгілілердің қатарында болғандықтан жоғары тараптың сенбеске амалы қалмады.Қайта бұл қылыққа сүйсініп,оны бұдан былай кезексіз кіріп шығатын оқырман қылған екен .

...

Скачать:   txt (10.8 Kb)   pdf (85.5 Kb)   docx (11 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club