Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Литературе"

Автор:   •  Февраль 22, 2022  •  Контрольная работа  •  434 Слов (2 Страниц)  •  245 Просмотры

Страница 1 из 2

Көтерілген мәселе/ Сұрақ

Ғалым пікірі

Өз пікірім

  Әдебиет туралы ғылым және оның басқа ғылым салаларымен байланысы.

Әдебиеттану- көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің бастауы, қалыптасу тарихы, оның ерекшелігін зеріттейтін де әдебиеттану болып саналады.Оның үш негізгі саласы бар: 1)әдебиет теориясы; 2)әдебиет тарихы; 3)әдебиет сыны. Сонымен қатар жанама тараулары: текстология, тарихнама, библиография деген түрлері бар.

Әдебиеттану жалпы басқа ғылым салаларымен ереше байланысқа ие.Гректің әдемілік туралы ілімі Демокриттің мөлшерге Платоның сәбилік философиясы арқылы Аристотель ‘’Поэтикасына’’ келіп ұласады.

Әдебиет теориясы сұлулықты, талғампаздықты суреттейді.Сондықтан осыны назарға ала отырып,эстетика өнерімен байланысты болады.Сондай-ақ көптеген көркем шығармаларға оқиға, авторлық дүние таным, көз- қарас,сөздік қор оқырмандарды ойға қалдырып, ойландырады. Осындай жағдайда әдебиет теориясы философия, тіл ғылымымен етене байланыста болады.

Әдебиеттанудың жалпы біздің өмірімізде алар орыны қандай? Әдебиеттанудың жалпы адам өмірінде мемілекет тарихында алар орыны ерекше.Өйткені шыр етіп өмірге келген сәттен бастап адам өз тарихымен, әдебиетімен, ділімен тілімен  тығыз байланыс орнатады. Жалпы әдебиетті біз өнер деп алсақ та болады.Ал адам сол өнермен дамыйды,қалыптасады,тәртіп пен ибаны бойына сіңіреді. Әдебиеттану сол үшін де тұлға болып қалыптасқан әр адам өмірінде маңызды фактор болып саналады.                                  

Әдебиет атауы көбінесе, көркем әдебиет мағынасында қолданылады. Ахмет Байтұрсынұлы оған: ‘’Бір нәрсенің жайын, күйін,түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері’’, ‘’Сөз өнері’’деп баға берген. Әдебиет- жалпы өнердің бір саласы.Бірақ,әдебиет қоғамдық сананың ерекше түрі есебінде шындықты логикалық ойлау жүйесімен емес, көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттелуді талап етеді. Көркем бейненің сыртқы сұлбасымен бірге ішкі мазмұнын,сырын оқырман тұшынып,сезіне алатындай етіпашады, адамның жан дүниесі мен ішкі сезім байлығын көзге елестету арқылы қоғамдық санаға әсер етеді. Оның’’Өнер атаулының ең қиыны және күрделісі’’(Бальзак)’’Өнердің ең жоғарғы түрі’’(В.Белинский)болатыны да осыдан. Қазақ та’’Өнер алды- қызыл тіл’’деп бекер айтпаған.  Ахмет Байтұрсынұлы,1926 жылы Ташкент қаласында басылып шықан ‘’Әдебиет танытқыш’’ еңбегінде алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады.

Әдебиет туралы осы күнге дейін менің де түйген өз пікірім бар. Адам баласын айналасындағы қоршаған орта да не тәрбиелейді? Әрине ешқандай да смартфон, көше тәрбиелемейді,жетесіне жеткізер тағылымы мол әдеби сөз тәрбиелейді. Адамды қуанту үшін де, жұбату үшінде, тәрбие беру үшін де бір ауыз сөз кейде жеткілікті. Ал оны жеткілікті ету үшін айтылған сөз әдеби бай болуға тиісті. Осының барлығын қамтый отырып, әдебиет теориясы тек тіл ғылымына ғана емес жалпы ғылым атаулыға  тығыз байланысты екендігіне көзім жетті. Әуелде жалпы әдебиет  деген не деген сұраққа жауап іздегенде оның түпкі аудармасы’’асыл сөз’’екендігін біле отырып, шынымен тура мағынада аударылғанына іштей таң қалдым. Дегенмен адам жасы ұлғайған сайын әдебиет деген ұғымға ой жиегі кеңейе түсетініне көзім жетті.

...

Скачать:   txt (5.9 Kb)   pdf (45.8 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club