Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Литературе"

Автор:   •  Февраль 13, 2019  •  Контрольная работа  •  608 Слов (3 Страниц)  •  595 Просмотры

Страница 1 из 3

1)Дүниені тану түйсіктен басталады.Қозғалыс ,зат ,құбылыс ,әрекет туралы ,олардың сапа ,қасиеттері жайында түйсік арқылы ғана мағұлмат ала аламыз.Демек ,ол - тіршілік иелерінің өз төңірегін бағдарлауының алғашқы формасы.Заттар мен құбылыстардың -сезім мүщелерімізге тікелей әсер еткенде - жеке белгілерінің бейнеленуі түйсік деп аталады.Біз айналамызды қоршаған дүние туралы тікелей білімді түйсіктер арқылы ғана емес ,қабылдау арқылы да аламыз.Заттар мен құбылыстардың -сезім мүшелерімізге тікелей әсер еткенде - бүкіл белгілерінің біртұтас бейнеленуі қабылдау деп аталады.Сезімдік танымның үшінші сатысы - елестету.Елестету дегеніміз бұрынғы қабылдауларды қвйта өңдеу мен жалпылаудың нәтижесі.Заттар мен құбылыстардың -сезім мүшелерімізге тікелей әсер етпегенде -көрнекі ,тұрақты ,жалпы белгілерінің санамызда бейнеленуі елестеу деп аталады.Танымның жоғарғы сатысы - ойлау.Шындық өмірдегі заттар мен құбылыстардың ,іс-әрекеттердің ,тағы басқалардың жалпы қасиеттерін ,елеулі ,маңызды белгілерін бейнелендіретін ,олардың арасындағы нақты байланыстар мен қатынастарды ашатын психикалық процесті ойлау деп атайды.Сөйтіп ,дүниедегі заттар мен құбылыстар сезімдік бейнелеулер арқылы адам санасында сәулеленеді.Ұғым-заттың немесе құбылыстың жай ғана бейнесі емес ,ойда қорытылған , жинақталған бейнесі.Заттардың ,құбылыстардың ,іс-әрекеттердің жалпы және мәнді белгілері туралы ой ұғым деп аталады.Зерттелетін нысанның әр түрлі қасиеттері ғылымда белгі деп аталады.Мысалы ,қарындаштың  ұзындығы ,түсі ,жазу құралы болу қасиеті ,тағы басқаша ерекшеліктері оның белгілері болып табылады.Заттар мен құбылыстардың бір - бірінен айырмашылығын көрсететін қасиеттері -мәнді белгілері ,ұқсастығын көрсететін қасиеттері - жалпы белгілео ретінде танылады.

2)Ұғым дүниенің бейнесі ретінде санада өмір сүреді.Ол жарыққа шығып ,іске ,қажетке асуы үшін белгілі бір материалдық формаға енуі шарт.Адамдардың дыбыс шығару қабілеті бұл мұқтаждықтан құтқарады.Ұғым мен дыбысталу әбден бірігіп ,біте қайнасып ,қоғамның сандаған ұрпақтардың талқысынан өткенде ғана қалыпты сөз пайда болады.Лексикалық элемент те ,грамматикалық элемент те дыбыстардың белгілі бір жүйелі тіркесі арқылы жасалады.Сол арқылы тілде жалпыға ортақ сөздер пайда болады.Екінші жағынан ,осындай процестің барысында логикалық ұғым сөздік мағынанға айналады.Басқаша айтқанда ұғым сөзге мағына ретінде бекітіледі.Дыбысталу айтыла - айтыла жүйеленіп ,тіл дыбыстары қалыптасады.Санадағы ұғымның адамдардың қоғамдық тәжиірбесі арқылы сөздік қабыққа бекітілген бөлегі ұғымдық мағына деп аталады.Ғылыми әдебиеттерде ұғымдық мағынаны заттық-логикалық ұғым деа аталады.

...

Скачать:   txt (9.3 Kb)   pdf (110.5 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club