«Аңыздың ақыры» романы бойынша
Автор: Botagoz27 • Февраль 10, 2022 • Тест • 3,548 Слов (15 Страниц) • 3,985 Просмотры
«Аңыздың ақыры» романы бойынша
тест
І нұсқа
1. Халық арасында «тасбақаның дауылы» деп аталып кеткен табиғи құбылыс жылдың қай уақытында соғады?
А) қыс мезгілінің бірінші айында
Б) көктем мезгілінің соңғы күндерінде
С) күз мезгілінің соңғы күндерінде
Д) күз мезгілінің қазан айында
2. «Көк масаты көйлек киген əлдебір арудай» - деп, сипатталған мұнараның Әмірші алғаш көргендегі бейнесі қандай еді?
А) өте биік, алыстан көрінгендіктен
Б) көк түсті жалаулар ілінген
С) жұмыр, сымбатты
Д) мұнараның басында ару тұрды
3. Әміршінің салтанаты өзгеше сарайының қандай ерекшелігі бар?
А) бұл сарайда Әмірші маңызды адамдарды қабылдайды, жиналыс жасайды
Б) көбіне отбасымен бас қосады
С) сарайда оңаша кітап оқығанды ұнатады
Д) оның ішіндегі еліктер мен тотылар өзге бақтардағыдай қолға үйретілмеген
4. Хан шеберді қандай жолмен жазалайды?
А) дарға асады
Б) екі қолын кесіп, тірі қалдырады
С) көзін ойып, тілін кеседі
Д) мұнарадан құлатады
5. Хазірет Сұлтанның ойына: «Дəуітке Сүлейменді беріп ек, ол оған қандай тамаша қызметші бола білді» деген сүре қандай жағдайда келеді?
А) немересі бір пілді қолға түсіріп, алдына алып келгенде
Б) көп әскерді айламен ұстап, қолына түсіргенде
С) сарбаздарының батырлығын көріп, разы болғанда
Д) өзі қолға түсіп, шарасыз күйде қалғанда
6. «Тəкаппар сұлудың асқақ жүзіне телміре қараған бозбаладай». Бұл теңеуде кімдерді суреттейді?
А) Әмірші мен көк мұнараны
Б) Әмірші мен ханшаны
С) шебер мен ханшаны
Д) Үлкен Ханым мен ханшаны
7. Әмірші бәйбішесіне арнап арнайы не салдырды?
А) сарай
Б) әсем бақ
С) мұнара
Д) мешіт
8. Романның негізгі сюжеті қай кейіпкерлердің төңірегінде өрбиді?
А) Әмірші, ханша, үлкен ханым
Б) Әмірші, ханша
С) Әмірші, ханша, шебер
Д) ханша мен шебер
9. «Сол күні бөлме іші күндегіден ала бөтен қапырық боп кеткендей, түнде де тыпыршып жата алмады. Жалаң аяғына кебіс сұғып, сыртқа шығып еді ай сүттей жарық екен». Жазушы кімнің аласұрған жан-дүниесін көрсеткісі келді?
А) Жаппардың
Б) Әміршінің
С) Ханшаның
Д) Ахмет байдың ұзатылған қызының
10. Кімге болса да, басын төмен салып жіберіп, иегінің астынан жоғары қарай бажайлап бір шолып шығатын əдеті болса керек. Суреттеу кім туралы?
А) Жаппардың
Б) Әміршінің
С) Бас уәзірдің
Д) Ханшаның
11. «Кəрі шебер балапан көңіл баласының ұп-ұлпа жүйкесін сол бір шаншудай қадалатын сұсты жанарымен ширықтырмақ». Оқиға не туралы?
А) Жаппардың азап шеккендегі ойы
Б) Жаппардың алғаш құмыра жасап үйренуі
С) Жаппардың мұнара қалағандағы ойы
Д) Жаппардың Ханшаны алғаш көруі
12. Жаппардың өзің жападан жалғыз сезінуіне себеп болған жағдай?
А) ханшадан айырылғанда
Б) мұнара басына шыққанда
С) шаһарға алғаш келгенде
Д) әкесінен айырылғанда
13. Аула ішінде біреу ыңылдайды. Бұл кім болды екен деп, саяжайға шығып қарап еді, өрік ағашынан жеміс үзіп жатқан қызды көрді. Бұл суреттеу қай сәтті бейнелейді?
А) Әміршінің жорықтан оралған сәті
Б) Әміршінің ханшаны алғаш көруі
С) Жаппардың Зухраны алғаш көруі
Д) Жаппардың Кіші Ханыммен кездесуі
14. Әміршінің кезекті жорыққа аттанар шағында кіші Ханым не себепті құлазыды?
А) Әміршінің айтпай кетуінен
Б) бәйбішесін бірге алып кеткендіктен
С) уайымдағандықтан
...