Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еңбек үдерісін жоспарлау және еңбекті мөлшерлеу

Автор:   •  Июнь 23, 2019  •  Реферат  •  412 Слов (2 Страниц)  •  870 Просмотры

Страница 1 из 2

  6 Еңбек үдерісін жоспарлау және еңбекті мөлшерлеу

 

     Операциялық менеджердің жұмысының мәнін ашсақ,  өнімді жасап шығаратын қызметкерлерді басқару деп айтуға болады. Қазіргі заманда бұл өте күрделі қызмет, өйткені жұмыс күші мәдени мен білімі жағынан әртүрлі, кәсіпорынның    құрылымы жиі өзгеріп тұрады. Сондықтан қызметкерлерді басқару мақсаты – жоғары өнімділікке жету, ол үшін еңбек үдерістерін жоспарлағанда жұмысшының физикалық және психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратындай еңбекті ұйымдастыру керек.  Еңбекті жоспарлау барысында қабылданатын шешімдерге әртүрлі факторлар ықпал жасайды: сапаны бақылау, жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату,  жұмысты топтық ұйымдастыру, уақытша жұмысшыларды кең қолдану, ауыр қол жұмысын автоматтандыру, еңбек нәтижесіне қарай марапаттау және т.б.

    Еңбекті мамандандыру туралы қарама-қарсы екі көзқарас бар: бір жағынан, ол жоғары өнімділікке  жеткізеді және өндіріс шығындарын төмендетеді,  екінші жағынан, шамадан тыс мамандандыру (әсіресе жаппай өндірісте) жұмысшыларға теріс ықпал жасайды, ал ол өз жағынан өндірістік жүйенің нәтижесінде білінеді. Сондықтан қазір еңбекті жоспарлағанда  мамандандырудың қажетті дәрежесін табуды ойластырады. Орындалатын жұмыстың сапасын жақсарту үшін еңбек міндеттерін кеңейту және әлеуметтік-техникалық еңбек жүйесін қолданады. Егер жұмысшы көптеген операция орындаса, онда еңбек  көлденең кеңейеді; ал егер жұмысшы өзінің жұмысын жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға тартылса, онда еңбек тік кеңейеді.  Міндеттері кеңейтілген еңбек жүйесінің мәні көлденең және тік кеңейтулерді белгілі бір қатынаста үйлестіру болып келеді. Нәтижесінде, әсіресе сапа жақсарады, өнімділік артады, жұмысшылардың ой өрісі кеңейіп жұмысына бұрынғыдан гөрі жауапты қарайды.

    Әлеуметтік-техникалық

...

Скачать:   txt (6.2 Kb)   pdf (31 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club