Ұлттық сана
Автор: 21250642 • Сентябрь 19, 2021 • Контрольная работа • 376 Слов (2 Страниц) • 356 Просмотры
1)Ұлттық сана – халықты патриотизмге жетелейтін басты нышан. Сондықтан қазіргі таңда ЖОО-да ұлттық сана ояту мақсатында тарих сабағы жүргізіледі. Бірақ кейбір студенттер бұл пәнге еш қызығушылық танытпайды. Жас ұрпаққа тарихи сананы оятар алдында тарихқа деген қызығушылықты оятып, азаматтық сезім мен саясаттық жауапкершілікті түсіндіру керек. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін оқу форматын қосымша жобамен толықтырған жөн. Жобамның көздегені-оқушыны тарихқа баулу. Бірінші ұсынысым-сабақ барысында көбірек суреттерді қолдану. Эксперименттерге сүйенсек, адам баласы визуалды ақпаратты әлдеқайда оңай, қызығушылықпен, әрі тезірек қабылдайды. Екінші ұсынысым-оқушы алдына тарихпен байланысы бар проблеманы қойып, жеке ойын сұрау керек. Психологиялық тұрғыдан қарасақ, оқушы өзін маңызды сезініп, тарихи тұлғалар орнына қойып, тарихи оқиғаны көз алдында кешкендей болады. Үшінші ұсынысым-оқушыға тарихи фактілермен қоса тарихта қалған халықтың сезімін, қайғысын, қуанышын жеткізу. Белгілі жылдарда болған оқиғаны халық қандай сезіммен қарсы алғанын жеткізу патриоттық сезімді оятады. Себебі, сол оқиғаларды халықпен бірге бастан өткендей болады.
Тарихты жаттап қана емес, тарихты сезе білу керек. Халық тарихты сезе бастағанда ғана ұлттық сана оянады.
2)Тарихи санасыз халықтың мәдениеті мен азаматтық, ұлттық сезімдері бәсендейді. Мысалы, егер азамат өз тарихын білмесе, ол мәдениет пен ұлтшылдықтан бөлек мемлектіне деген қызуғышылық танытпас еді. Қолда бар егемендік пен тәуелсіздікті қанағат тұтпай, оны сақтауға тырыспас еді.
Тарихи санасыз халық мәдениетінен айырылады, тарихпен бірге өзге ұлттардан бізді ерекшелейтін салт-дәстүр де жойылар еді. Нәтижесінде ұлт болып ерекшеленуден қаламыз. Ал ұлт болып ерекшеленуге өз мәдениетінің болуынан бөлек тілдік белгінің болуы да жатады. Тілдің пайда болуына қызықпау тілді қажет етпей, оны қолданбауға жетелейді.
...