Қазақтың белгілі қайреткері Ахмет Байтурсынұлының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі
Автор: Zhaneeel • Ноябрь 16, 2022 • Реферат • 724 Слов (3 Страниц) • 2,379 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы «Кадастр» 1 курс 3 топ
СӨЖ
Тақырыбы: “Қазақтың белгілі қайреткері Ахмет Байтурсынұлының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі”
Орындаған:Консбек Жанель
Тексерген: Ноянов Е.Н.
Алматы, 2022ж
Қазақтың белгілі қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі
Қазақтың ұлт санынсынын оятушысы, қазақ ұлтшылдығының рухани көсемі,қазақ тіл білімінің негізін салушы, әрі ұлы ұстазы болған қайраткеріміз Ахмет Байтұрсынов. Ахмет атамыз қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды, халықтың арын іздеп, өзінің туған жері, елі үшін жанын ешқашан да аямады. Ол ұлт мұраты жолындағы ұлы тұлға.
Ұстаздық – ұлы құрмет, болашақтың алтын көпірі, тірегі мен жүрегі. Ұрпақтың ұлы болуы, заман талабымен білім арнасына қосылып, өмір белесін бағындыру- тікелей ұлағатты ұстазбен ұштасып сабақтасатыны хақ. Қай заман болмасын өзінің еліне адал қызмет етіп, ағартушылық іс-әрекеттерді атқара отыра ұлтының тарихы мен ежелден бергі қазақ мәдениетінің арнасын бүгінге мұрағат етіп қалдырған ұлы ұстаздарымыз баршылық.Солардың ішінде ерекше атауға тұрарлық ғасыр жүгін арқалаған, заманының дүбірлі аламанында жас ұрпақты білім мен тәрбиенің кәусар бұлағынан сусындатқан -Ахмет Байтұрсынұлы.
Ол ерліктің ісі емес, сауда болар - дей отыра, Ахмет атамыз қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылып, халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. Сонымен қоса, өзінің жеке шығармаларын дүниеге әкелді .Мысалы , Тұтас буынның төл басы болған «Қырық мысал» атты алғашқы кітабы ,ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдер жинағының кітабі –«Маса», «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы және тағы басқа шығармалары. Сөздің шыны керек өмір бойғы ұстаздық етіп келе жатқан жолымда мен әрқашан Ахмет атамызды өнеге ретінде ұстанып келе жатырмын. Оның әрбір жасаған жақсылығына қарап менде келешек ұрпаққа не бере алатыным жайлы терең ойға батам. Алайда, бір нәрсені айдан анық білем, менің міндетім ұстаз бола отыра тек қана сабақ беру емес оқушыларымның өмірілік жолдарын өздері табуына көмектесе отыра бағыт бағдар беру .Қазіргі таңдағы білім саласы мен еңбек нарығын ұштастыра отыра шәкіртеріме бейімделуге жағдай жасау.
...