Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның тарихнамасы және деректану мәселелері

Автор:   •  Сентябрь 3, 2021  •  Реферат  •  3,335 Слов (14 Страниц)  •  559 Просмотры

Страница 1 из 14

Қазақстанның тарихнамасы және деректану мәселелері

Қазақстан тарихнамасы саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізіле бастауы, сондай-ақ Қоғамдық ғылымдар секциясы мен КСРО Ғылым академиясының Тарих бөлімінің бастамасына орай ҚазКСР Ғылым Академиясының Президиумы 1978 жылы 7 қыркүйектегі № 131 қаулысымен Институтта "Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құру туралың қаулысын қабылдайды. Осы жылдың 25 қазанынан бастап құрамында 5 ғылыми-техникалық қызметкері бар бөлім сол кездегі ҚазКСР Ғылым академиясының вице-президенті, академик Байдабек Ахметұлы Төлепбаевтың жетекшілігімен өз қызметін бастайды. Бөлімнің осы алғашқы құрамында аға ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б. Нұрмұхамедов, кіші ғылыми қызметкерлер - Р.В. Колдобская, Л.Н. Катасонова және лаборант В.А. Замаревалар болды. Институтта бөлімнің ашылуы өз тарихнамашы кадрларымызды дайындаудың игі бастамасы болды. Бөлімнің алғашқы тобында қызмет еткен аға ғылыми қызметкер В.К. Янулов КСРО ҒА Ленинградтық бөлімшесінің Ғылыми кеңесінде, аспирант Н. Әлімбаев "тарихнамаң мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғайды.

Бұл қаулының қабылдануына түрткі болған басты себеп 1976-1979 жылдар аралығында жүргізілуге тиіс мемлекеттік тапсырыстағы "Қазақстанның тарихнамасы" атты Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша тарихи ойлардың дамуын зерттеудің алғаш рет қолға алынуы екендігін атап өткен жөн. Аталған тақырыптың мәдени революция кезеңдерін, оның басты мәселелерін, әсіресе халық ағарту және ғылым тарихы, зиялы қауымның қалыптасуы мен мәдени-ағарту жұмыстарының тарихын зерттейтін маңызды "Қазақстандағы мәдени революция тарихы (1917-1978)" атты бөліміне ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы Г.Ф. Дахшлейгер жетекшілік етсе, негізгі орындаушысы тарих ғылымдарының докторы Р.Б. Сүлейменов болды.

Бөлім қызметкерлері 2 томдық "Қазақстанның қоғамтанушы ғалымдарының био-библиографиясынң дайындауды қолға алады. Аталған тақырып сол тұстағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұзақ мерзім арасында жүргізілуіне орай 1980-1985 жж. қабылданады. 1979 ж. Институт дирекциясының кезекті отырысында бөлімнің құрамын нығайту және зерттеу тақырыбының аясын кеңейту туралы мәселе қаралады да, құрамына сол жылы аспирантураны бітірген Ә. Ғалиев және "Жалынң редакциясының қызметкері Р. Есіркемесова, аға лаборанттыққа Ж.І. Қуанышев қабылданады.

Аталған мәселені ҚазКСР ҒА Президиумы мен Қоғамдық ғылымдар бөлімшесі қайта көтеріп, Институттың, жалпы Бөлімшенің өзге мекемелерінің де құрылымын қайта қарастыру қажеттігін ұсынады. Институт басшылығы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытына қарай өз құрылымын сол күйінде сақтай отырып, тек кеңестік кезеңдегі зерттеу жұмыстарын үйлестіруді жақсарту мақсатында бұрынғы бөлімдерді секторларға айналдырып, үлкен бір бөлім - Кеңестік Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құрады. Осыған орай бөлім қызметкерлерінің бесжылдық жүктемесіне жаңа тақырып "Кеңестік Қазақстанның тарихи ойлардың даму тарихың қосылады. Көп ұзамай оны екі бөлімнен тұратын "Кеңестік Қазақстанның тарихнамасың деп қайта қарастырады.

Сонымен алғашқы "Қазақстан қоғамтанушыларының био-библиографиясы" тақырыбы жалпылама шолу, энциклопедиялық сипатта қарастырылып, оқырман қауымды республиканың қоғамтанушы ғалымдарының қысқаша өмірбаяны мен ғылыми еңбектерімен таныстыру қажеттілігінен туындаған еді. Ғалымдардың өмірі мен қызметінің басты кезеңдерінен қысқаша деректер бере отырып, одақтық қоғамтану ғылымының басты құрамды бөлігі ретінде Кеңестік Қазақстанның қоғамдық ғылымдарының өсу деңгейін таныту болатын. Сол арқылы социалистік және коммунистік құрылыс жылдарындағы қиыншылықтарға қарамастан аса жемісті еңбек ете алған, ғылымда өзіндік қолтаңбасын қалдырған жандарды республика және одақтық оқырмандармен қауыштыруда тың қадам болды. Ғалымдардың ғұмырнамалық және библиографиялық мәліметтері олардың ғылым жолындағы қалыптасу мен даму кезеңдерімен алғашқы танысу болып табылатындығы анық.

...

Скачать:   txt (52.8 Kb)   pdf (168.9 Kb)   docx (19.3 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club