Ғұн тайпаларының бірігуі
Автор: Шынар Найманхан • Апрель 8, 2020 • Лекция • 1,102 Слов (5 Страниц) • 909 Просмотры
Мукашова Алтынхан Найманхановна
5 сынып Қазақстан тарихы
4-тоқсан | 1-ші сабақ. | ||||||||||||
5.4. | Пәннің атауы: Қазақстан тарихы | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Ғұн тайпаларының бірігуі. Зерттеу сұрағы:Неге Мөде шаньюй «Жер – мемлекеттің негізі» деді? | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Сабақтың барысында, сендер, тарихи фактілерге және карталық мәліметтерге сүйене отырып, тарихи оқиғаның даму желісін құрастыра отырып, тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін анықтап және салыстыра аласыңдар. Сабақтың барысында, сендер, ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылу алғышарттарымен танысасыңдар | ||||||||||||
Сабақтың барысы: Қысқаша конспект. | Балалар! Ғұн ордасы алғаш рет Хуанхэ мен Ордос үстірті аралығында құрылды. Кейін Алтайдан асып, Альпігедейін жетіп, Рим империясының құлауының бір себепкері болған. Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, үш қанатқа бөлінген. Шығыстанушы ғалым Л. Н. Гумилев бұл оқиға б.з.б. 209 жылы болған деп көрсетеді. Ғұндардың өмір салты туралы Рим тарихшылары Аммиан Марцеллин, Приск жазған. Қытай жылнамасында б.з.д. ІІІ ғасырда ғұн тайпалары бірлестігінің құрылғандығы туралы жазылған. Аумағы – Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралық. Олар көрші халықтарды басып алумен қатар, Қытай жеріне де шабуылдады. Ғұндар Енисейдің жағалауларында және Алтай тауларында мекендеген, көрші тайпаларды бағындырған. Қытай билеушісін алым-салық төлеуге мәжбүр еткен. Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп, саяси күшейген кезі Мөде шаньюйдің тұсы. Ғұндардың жоғарғы билеушісі қытай деректерінде шаньюй деп аталған. Мөде шаньюйдің жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды. Олар оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, басып алды. Мөденің тұсында ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды жеңіп, бағынышты етті. Сөйтіп, Байкалдан Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі аралықта Ғұн мемлекеті құрылды. | ||||||||||||
Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар: Факторларды жазу. Кестені толтыру. Тапсырманы орындау. | Балалар! Төменде берілген тапсырмалардың 1-2-уін өз таңдауларың бойынша орындаңдар. 1-тапсырма Тапсырма: Кестедегі сұрақтарға жауап беріңіз
Дескриптор Білім алушы
2-тапсырма. Ғұндар туралы дерек көздері
3-тапсырма. Ғұн обаларынан археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған заттарды анықта. Мал шаруашылығына байланысты _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Егін шаруашылығына байланысты_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ Аңшылыққа байланысты_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ __ _ Қол өнерге байланысты_ _ _ __ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ 4-тапсырма. Негізін салушы____________Мөде (ол туралы не білесің?) ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------«Жер 5-тапсырма. Картаны қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Ғұндардың орналасқан аймағын сипаттаңыз. 2. Ғұндар қандай тайпалық одақтармен көрші орналасқан? [pic 1] Дескриптор Білім алушы
Мөде Шаньюйдің жаулап алған жерлерін көрсете | ||||||||||||
Сабақты қорытындылау: |
| ||||||||||||
Үйге тапсырма: | Тақырыпты оқу. 2-ші,4-ші тапсырмаларды дәптерге орындау |
Тақырып бойынша меңгергенімізді төмендегі берілген тест тапсырмасымен тексереміз
...