Шаңғы, археологтар
Автор: mariyam33 • Апрель 2, 2018 • Доклад • 326 Слов (2 Страниц) • 595 Просмотры
Шаңғы, археологтар адамзат 4-4,5 мың жыл бұрын шаңғыны пайдаланған деп есептейді. Мұны Норвегиядағы, Ресейдің Псков қаласы маңындағы қазба жұмыстары кезінде табылған алғашқы шаңғылардың қалдықтары дәлелдейді. Қарапайым тақтайдан жасалған шаңғыларды алғашқыда "қар басқыш" аталған бұл шаңғылар кейін қазіргі кейпіне жақындады. 1930 жылға дейін шаңғылар тұтас тақтайдан жасалынды, кейін жұқа тақтайлар бір-біріне желімделінді. Келе-келе бұларды фибропластан жасалған шаңғылар алмастырды. 1870 жылы алғашқы бекітпелер пайда болды, ал 1900 жылдан бастап сырғанауды жақсарту үшін шаңғы таяқтары пайдалана бастады. Араға жылдар салып шаңғының мынандай түрлері пайда болды: спорттық жарыс шаңғылары, түсу шаңғылары, трамплиннен секіруге арналған шаңғылар, су шаңғылары, аң аулауға арналған шаңғылар, фристайл және балалар шаңғылары. 1. Сөреден шығу, мәреге келу және эстафетаны беру аймағы бірі екіншісіне 10 м-дей жақын болмайтындай және 100 м-ден қашық болмайтындай етіліп бір деңгейде орналасуы керек. Мәренің орны оған жақындап келе жатқан қатынасушы 50 м-ден кем емес қашықтықтан көрінетіндей және жолдың (трассаның) соңғы 50 м-де ылди (құлдилайтын орындар) болмайтындай етіліп орналастырылады. 2. Жекелей және командалық жарыстардың сөресі мен мәресінде төмендегідей жабдықтар: А) сере мен мәре сызықтарында екі жағында да тиісінше "Сере" және "Мәре" жазулары бар плакаттар; Ә) ашық түсті жіппен (баумен) белгіленген сере және мәре сызығы; Б) сере мен мәре сызығының екі жағынан ұзындығы 20 м-ден кем болмайтындай жалаушалар, арқан және әлеміш тізбектермен (гирлянда) шектелген дәліз (коридор); В) сөрелік дәліздің бастауындағы шаңғыны
...