Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарих пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдары

Автор:   •  Декабрь 5, 2022  •  Доклад  •  1,584 Слов (7 Страниц)  •  476 Просмотры

Страница 1 из 7

Тарих пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдары

«Бір рет айтылған әңгімелер артынан үнемі қайталануы қажет.

Бұл ұмытылып қалғанды қайта еске түсіру емес,

қайта ұмытып кетудің мүмкіндігін болдырмас үшін жасалады».

(К.Д.Ушинский)

Тарих - адамзаттың зердесі. Қазақстан Республикасының егемендігі, тәуелсіздігі біздерді ұлы бетбұрыстарға әкелді. Қазіргі ақпараттық қоғамда оқушылар үшін білімнің мәні маңызды екені белгілі. Оқушыларымыздың келешекте табысты болуын қамтамасыз ету үшін оқыту мен оқуды ұдайы арттырып отыруымыз қажет. Қорытынды аттестация жүйесі елімізде жыл сайын жетілдіріліп келеді. Әр мұғалімнен қорытынды аттестациялауға дайындаудың тиімді әдіс - тәсілдерін шебер меңгеруді талап етеді. Бүгінде тарихты оқытудағы басты мақсат дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды өз Отаны - Қазақстанның дамуы үшін пайдалана алатын, ынталы, жан - жақты жетілген, өзінің қоғамдағы орнын түсінетін азаматтарды қалыптастыру. Бұл міндеттің орындалуында қорытынды аттестациялауға оқушыларды жан - жақты дайындау үлкен рөл атқарады. Қазақстан тарихы пәні үлкен ауқымды уақытты қамтитын, қиын да күрделі пән. Себебі: көптеген хронология, тарихи терминдер, кісі есімдері, қоныстар, жыл, ай аттары, сандар көптеп кездеседі. Оқушылар көбінесе осылардан қателіктер жібереді. Әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік әдіс - тәсілдері болады. Сабаққа тақырыптық жоспар жасағанда алдыңа қойған мақсатың қол жетімді болуын, сабақ мақсаты әдістемелік тұрғыдан дұрыс тұжырымдалып, оған жету жолдары анық болуы керек. Сыныпта алынған сынама тесттерде жіберілген қателермен жүйелі талдау жұмысын жүргізіп, оның маниторингін шығарып отыру қажет.

Мұнда: «Үйренуді үйрену» стратегиясы тиімді нәтиже деп ойлаймын

• Өз іс - әрекетіңді жоспарла,

• Өз іс - әрекетіңді қадағалай біл,

• Өз іс - әрекетінде қолданып көр,

• Маңыздысын таңдай біл.

Жалпы алғанда, стратегиялар оқушыға ақпаратты оқуға, табуға, сақтауға және пайдалануға көмектеседі.

Қорытынды аттестаттаудың басты мақсаты, тапсырмалар арқылы білім сапасына бақылау орнату, оқушының білімін бағалауда әділ болу.

ХХІ ғасырда оқушылардан талап етілетін: сын тұрғысынан ойлау, проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастыруда мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай - ақ нақты әдістерді қалай және қай жағдайда қолдануды білуі ойын еркін жеткізе алатын оқушыны қалыптастыруда көмектеседі.

Ұғымдармен және терминдермен жұмыс жасау әдістері

Осы мақсатта ұғымдармен және терминдермен жұмыс жасаудың әртүрлі әдістерін қолдана аламыз:

1. «Төртінші артық»;

2. «Жолды жалғастыр»;

3. Сөйлемдердің ішінен дұрыс емес ұғымды тап;

4. Кроссворд;

5. Иерархияны құру;

6. Бөлу: түсініктер, атаулар тізімі берілген, берілген ұғымдарды тиісті тобына бөлу керек.

Осылайша, терминологиялық сауаттылықты дамытудың жоғарыда аталған әдістері оқушыларды дайын материалды пассивті қабылдауға емес, сонымен қатар олардың өнімді игерілуіне әкелетін тұжырымдамалар бойынша жұмысқа қатысуға мүмкіндік береді. Егер оқушылар ұғымдарды білетін болса, олар қорытынды аттестаттауды әртүрлі тапсырмаларында берілген мәтіндік ақпаратты түсінеді.

Мәтіндермен жұмыс: мәтінді мұқият оқу дағдысын дамыту; жоспар құру

Жасыратыны жоқ, қазіргі мектеп оқушылары аз оқиды, кейде

...

Скачать:   txt (20.1 Kb)   pdf (60.2 Kb)   docx (15.3 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club