Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бекмұрат Уахатов

Автор:   •  Октябрь 9, 2022  •  Реферат  •  304 Слов (2 Страниц)  •  504 Просмотры

Страница 1 из 2

                       Бекмұрат Уахатов

Сарыарқа өңірі сияқты киелі өлкеде, қасиетті топырақта дүниеге келіп өз білімін қазақ халқына аянбай паш еткен атақты ғалымдар баршылық. Сондай ғалымдардың бірі балтаның сабындай қысқа ғана өмірінде ғылымның қиясына өрмелеп шығып, мезгілсіз өмірден өткен ірі фольклорист, сыншы, жазушы, атақты ғалымымыз- Бекмұрат Уақатов.

Уахатовтың еңбегі үш үлкен салада көрінеді. Оның біріншісі-халық мұрасын жинап жарыққа шығару ісі, екіншісі- фольклор мен қазіргі әдебиетті зерттеуші, үшіншісі-тәрбиелік мәні бар әңгімелері мен сол замандағы мәселелерді көркем тілмен суреттей білген жазушы деуге болады. Уахатовтың ғылыми еңбектерінің негізгі тақырыбы қазақ фольклорының мәселелеріне арналған.

«Жоғарғы кластарда көркем шығарманы талдау»(1965)

«Таланттар туындылар»(1969)

«Қазақтың халық өлеңдері»(1974)

«Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы»(1983)

Бекмұрат Уахатов ауыз әдебиетін зерттеуге 20 жылдан астам уақытын арнады. Қазақ фольклорының төркінін қопара ақтарып, оны сонау заман мирастарынан іздестірді. «Қазақ фольклористикасы», «Қазақ фольклорының типологиясы», «Қазақтың тарихи жырлары» деген ауыз әдебиетіне арналған еңбектері бар. Ерекше зерттегені- қазақтың халық өлеңдері болды. Өлең жанрының негізгі даму тенденциясын анықтау, соның табиғатын, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін аша білді.

Сондай-ақ, 1968 ж. Сәуір айында Киев қаласында «Фольклордағы сөз бен саз туралы» деген тақырыпта СССР Ғылым академиясының ұйымдастыруымен симпозиумға қатысып, сөз сөйледі.

Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен «Қазіргі кездің проблемалары және фольклорының перспективалық дамуы» деген тақырыпта ғылыми-теориялық конференцияның ұйымдастырылуына үлес қосып, белсене араласты.

Б.Уахатов қазақ әдебиетінің проблемаларымен жан-жақты айналысқан ғалым болды. Ол қазақ әдебиетінің 6 томдық тарихын жазысуға белсене ат салысты. Оның үш томына автор ретінде қатысып, бірінші томының екінші кітабына жауапты шығарушы болды. Бұл белгілі фольклоршы ғалымның қазақ ауыз әдебиетінің ең озық, ең үздік үлгілерін жарыққа шығаруға қосқан алғашқы салмақты үлесі еді.

...

Скачать:   txt (4.8 Kb)   pdf (56.5 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club