Ардагерлерге құрмет көрсетілді
Автор: Zhanelyaoteuli • Ноябрь 10, 2022 • Реферат • 516 Слов (3 Страниц) • 152 Просмотры
Ардагерлерге құрмет көрсетілді
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Мереке қарсаңында «Хромтау» газетінің директор-редакторы Қуандық Реймов бастаған аудандық газет ұжымы БАҚ саласының ардагерлері Қайырбай Әбиев пен Руда Жетесованың үйлеріне арнайы барып, сый-сияпат табыстады.
Алғашқы саны осыдан 87 жыл бұрын шыққан газетімізде көптеген білікті мамандар жұмыс жасады. Олар басылымды аудан өмірінің айнасына айналдыру жолында тынымсыз еңбек етті. Бұған Қайырбай Әбиев пен Руда Жетесова да өзіндік үлестерін қосты.
Редакция ұжымы зейнеткерлерді мерекемен құттықтай келе, қарттар күніне арналған концерттің қадірлі қонағы болуға шақырды. Сондай-ақ олардың хал-жағдайларын сұрап, газеттің қазіргі жұмыс жайы жөнінде әңгіме өрбітті.
– Осы уақытқа дейін редакция ұжымы аудан халқын жаңалықтардан қалыс қалдырмады. Бүгінде «Хромтау» газеті уақыт сынынан өткен, сенімді ақпарат көзіне айналған басылым. Бұл – редакцияда қызмет еткен, өздеріңіздей тәжірибелі мамандардың жемісті еңбегі. Біз сіздерді үлгі тұтып, редакция жұмысын заман талабына сай жүйелеу, оқырманға шынайы, расталған ақпаратты жеткізу жолында қызмет етіп келеміз, – деді Қ. Реймов.
Өз кезегінде БАҚ саласының ардагерлері де редакция ұжымына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
– Мереке күні бізді ескеріп, арнайы келгендеріңе ризамын. Мен үшін редакциядағы қызметім ұмытылмастай естеліктерге толы. Бүгін сол қызықтарды айтып, көңілім көтереліп қалды, – деді Р. Жетесова.
Ж. Өтеулі
«ҚазМұнайГаздың» IPO-ға шығу мерзімі пысықталуда
Өңірге «Самұрық-Қазына» қорының сарапшылары, «ҚазМұнайГаз» ҰК», «Қазпочта» акционерлік қоғамдарының, KASE және AIX биржаларының мамандары және брокерлік ұйымдардың өкілдері келіп, тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жиынын өткізді.
IPO – (Іnitial Public Offering) акционерлік қоғамның акцияларын алғашқы рет баршаға ашық түрде сату. Жиында сарапшылар жекешелендіру бағдарламасы мен алғашқы жария ұсыныс, яғни IPO жайында баяндады. «IPO», «акция» ұғымдарына қатысты кеңінен ақпарат беріп, олардың құны мен мөлшерлемесі нені анықтайтынын түсіндірді.
Шара барсында тұрғындар бағалы қағаздармен жұмыс жасау ерекшеліктеріне қызығушылық танытып, сұрақтарын қойды.
Сондай-ақ сарапшылар жиынға қатысушыларға акцияға, жылжымайтын мүлікке инвестиция салудың нарықтық тәуекелдері жайында жеткізді. Басқаша айтқанда, қаржы нарықтарындағы инвестицияларға ықпал ететін факторлардың әсерінен шығынға ұшырау мүмкін екені ескертіліп, тілге тиек етілді.
...