Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алтын адам

Автор:   •  Ноябрь 18, 2018  •  Реферат  •  1,508 Слов (7 Страниц)  •  3,673 Просмотры

Страница 1 из 7

«Алтын адам» — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.

Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.

Алтын адам  Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969  1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар– ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.

 Дүбірі мол дүниенің аужайына қарап отырсаңыз, неше түрлі жаңалықтардың жер бетiн жаңғырықтырып жатқанына куә боласыз. Әрбір жаңалықтың өз әлетінше орны, маңызы бар. Әрқандай жаңалықтың немесе оқиғаның белгілі бір мезет өткен соң, ескіріп, әуелі ұмытылып кетуі ғажап емес. Алайда, қанша уақыт керуені өтсе де ескірмейтін, қайта уақытпен бірге жасарып, түлеп отыратын оқиғалар болады. Міне, сондай жаңалықтың бірі де бірегейі 1969 жылғы айтулы оқиға еді.

Сол жылы адамзат тарихы өзгеше оқиғаның куәсі болды. Қазақ даласынан, ән мен жырдың мекені – қасиетті Жетісу өңірінен, нақтырақ айтсақ, Алатаудың баурайына орналасқан Есік қорғанынан «Алтын Адам» табылды.

Бұл – адамзат тарихының айтулы күні еді. Оған себеп, соған шейін Орталық Азияны «жабайылар мекені» санайтын, «көшпенділерде ешқандай мәдениет болған жоқ» деп өзеурейтін еуропалықтардың мысының басылып, ұлы көшпенділер өркениетін қалыптастырған қара топырақтың рухы шалқыған тұс еді. Бұл – қазақ мәдениетінің, тұтас түркі дүниесінің әлімсақтан бергі адамзат мәдениетінің айырылмас бір бөлшегі ғана емес, қайта онда өзгеге ұқсамас өзіндік болмыс-бітім барлығын дәлелдеген сәулелі мезет болатын. Сол сәтті күллі әлем көшпенділер өркениетінің сан мыңдаған ғасырлардан бізге жеткізген айтулы жаңалығы ретінде қабылдады. Міне, содан бері сынаптай сырғыған қырық жыл бедерінде талай оқиғалар тізбегіне куә болумен келеміз. Дүние мың құбылды. Аспан астында неше түрлі өзгерістер шеруі өтті. Жалпақ жердің тұтастай бір бөлігіне иелік еткен қанқұйлы Кеңес Одағы тарап, жаңа мемлекеттер ту көтерді. «Алтын Адамның» Алаш баласына сыйлаған ең үлкен сыйы – Тәуелсіз Рух екенін айтуға тиіспіз. Тәуелсіз Қазақ елінің символына айналған «Алтын Адам» туралы айтылған сөз қанша көп болса, айтылар сөз, тексеру мен зерттеу, таңырқау мен тамсану одан да көп. Адамзат үшін айтулы оқиғаға айналған «Алтын Адам» бұл күнде Ұлы Даламыздың төрт бұрышынан да табылды. Төрт тараптың теңдігі мен кеңдігін әйгілейтін жақсылықтың нышаны деп жорыдық. Нән шаһар Алматыдан 50 шақырым жерден табылған «Алтын Адам» мен өзге де алтыннан құйылған бабалар өркениетінің бір-біріне ұқсастығы, бәрінің де көшпенді тайпаларының көсемдері мен батыр-бағландары екеніне археолог-ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесі дәлел болғандығы кеудеңе мақтаныш сезімін ұялатары анық.

...

Скачать:   txt (19 Kb)   pdf (1.9 Mb)   docx (16.3 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club