Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанда бизнестің даму мүмкіндіктері

Автор:   •  Октябрь 19, 2019  •  Эссе  •  1,079 Слов (5 Страниц)  •  2,186 Просмотры

Страница 1 из 5

Есіркеп Арайлым

Еңбекті ұйымдастыру және нормалау

II курс

ЭССЕ

Қазақстанда бизнестің даму мүмкіндіктері

Қазіргі таңда елімізде адамдардың бизнеспен айналысуына қолайлы жағдайлардың барлығы жасалынған. Ең алғашты еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін нарыққа бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруі еліміздегі жеке шағын және орта бизнестің дамуына жол ашты. Еліміз қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Барлығымыз білетіндей шағын және орта бизнестің дамуы кез келген елдің экономикалық ахуалының өсуіне және өркендеуіне негіз бола алады. Бұл кәсіпорындар тек қана халықты жұмыспен қамтып қана қоймайды, сонымен қатар қаржы нарығын жаңғыртады, өндіріске қажетті жаңа технологияларды және бизнесті жүргізудің  соңғы жаңа тәсілдерін  алып келуге септігін тигізді. Осылардың нәтижесінде, ол нарық экономикасының қажетті бөлігіне айналды.

Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту индустриялық және инновациялық жаңғыртудың және еліміздің дамуын  орнықты ете түседі. Осы себепті де елімізде бизнесті жан-жақты қолдау, әсіресе жаңадан жұмыс бастаған бизнес бастамаларын қаржылық қолдау арқылы тиісті салаларды дамытуға барлық мүмкіндіктерді жасауға бағытталған. Елімізде нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттерінің бірі орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Сонымен қатар, елбасымыз айтып өткендай әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену біздің басты мақсатымыз және оған қол жеткізу үшін дамыту қажетті салалардың бірі шағын және орта бизнесті жаңғырту.

 

Мемлекет шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайына ӛтуде мемлекеттің ешқандай дайындықсыз, қысқа мерзімде жүзеге асыруы кезінде шағын және орта кәсіпорындарды қалыптастыруда біршама қиыншылықтар болды. Бұрынғы жүйедегі басқарудың ескі әдістерімен жұмыс жасаудың мүмкін еместігі және жаңа әдістерді меңгеру деңгейінің тӛмендігі олардың қызметіне қатты ӛз әсерін тигізді. Әсіресе, кӛптеген кәсіпорындардың нарық жағдайында ӛз бетінше жұмыс істеуге дайын еместігін және ӛз қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болғандығын кӛрсетті. Осы кезде тәуелсіздікке жаңа қадам басқан еліміздегі кәсіпорындардың кӛпшілігі дағдарыс жағдайында тұрды. Мұндай жағдайда кәсіпорындардың жұмысын оңтайлы түрде жүргізу үшін түбегейлі ӛзгерістер енгізуді талап етті [3]. Сондықтан, әртүрлі мәселелерді шешу жолдарының бірі ретінде әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарды құру мен олардың тиімді қызмет етуін ұтымды ұйымдастыру, бәсекелік ортаны қалыптастыру үшін ең алдымен шағын және орта кәсіпорындарды басқару үрдісінің жаңа әдістерінің қажеттілігі туындай бастады. Жаңа жұмыс орындарын шағын кәсіпкерлік пен бизнес арқылы қалыптастыру, халықты кәсіпкерлік қызмет саласына да белсенді тартуға мүмкіндік береді. Мұның ӛзі аймақтардағы ӛмір сүру деңгейін кӛтеруге ықпал етіп, ондағы тұрғындардың жұмыссыздық салдарынан ірі қалаларға кӛшуін тоқтатты. Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың шағын кәсіпкерлік пен орта бизнесті қолдау және дамыту үшін нақты іс-шараларды дайындаумен қатар, алдағы жылдары оның даму стратегиясын дамытуына үлкен мән берілді. Шағын кәсіпкерлік пен орта бизнесті дамытуда, мамандар даярлауда, олардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау, кәсіпкерлік тәуекел дәрежесін тӛмендетумен қатар, оның нарық талаптарына сәйкес жоғары нәтижемен жұмыс істеуіне кӛмектеседі. Сондай-ақ, жалпы аймақтарда шағын және орта кәсіпорындарды дамыту тек халықты жұмыспен ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың әлеуметтік, рухани, экономикалық іргелі мәселелерін шешуге ықпалын тигізеді. Аймақтардағы ӛндірісті дамыту ӛз аумағында нарықты қажетті тауарлармен толықтыру, халықтың тұтынушылық қабілетін қанағаттандыру мақсатында Отандық, оның ішінде аймақтағы ӛнеркәсіптік ӛнімдерін кӛптеп шығарылуын қамтамасыз етеді. Мұның ӛзі тауарлар ӛндіру және сату шығындарын тӛмендете отырып, оның бағасын арзандатуға бірден бір себеп болып табылады. Ӛндірістік сектордың дамуы жергілікті бюджеттің толығуына, аймақтың гүлденуіне, әлеуметтік жағдайдың кӛтерілуіне, қосымша жұмыс орындарының қалыптасуына ықпал етеді.Ӛнеркәсіптік ӛндірісті ӛрге бастыру үшін ӛндірістік инфрақұрылымды, соның ішінде кәсіпорын жанындағы энергетика, кӛлік, құрал-сайман, қойма және т.б. шаруашылықтарды дамытуда шағын кәсіпкерлік пен орта бизнеске жүгініп, оның тиімділігін арттырудың ең ұтымды түрлері мен жолдарын қарастыру және қолдану қажет. Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жӛніндегі 2020 жылдарға арналған бірлескен іс қимыл жоспарын жасалған болатын [4]. Әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қарқынына да әсер етті. Бұл отандық банктердің сырттан қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерінің тӛмендеуінен, демек, ішкі экономиканы несиелеу кӛлемінің қысқаруынан кӛрінеді. Бұдан басқа, әлемдік азық-түлік тауарлары нарығындағы бағаның шапшаң кӛтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қыспақты едәуір күшейтті. Ӛтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шығып, нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Содан барып әлемдік экономиканың ӛсу қарқынының едәуір және соның салдары ретінде тауарлар мен қызмет кӛрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалды. Бұл отандық экономиканы Репозиторий КарГУ 139 тұрақтандыру және оңалту жӛнінде қосымша қабылдауды талап етті. Осыған байланысты жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық ӛсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындап толықтырулар енгізген болатын. Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындардың дамуындағы маркетингтің рӛліне келер болсақ,шағын және орта кәсіпорындар индустрияланған мемлекеттердің гүлденуінде маңызы жоғары [5]. Барлық халықаралық нарықтарда маңызды рӛл атқаратын кәсіпорындардың ешқайсысы да бірден үлкен болып құрылмайды. Шағын және орта деңгейдегі кәсіпорындарды жас мемлекеттердің даму локомотиві деп қарауға болады. Демек,Қазақстанда қызмет атқарып жүрген шағын бизнестің субъектілеріне мән беру керек. Әлемнің кӛптеген елдеріндегі шағын және орта бизнесті зерттеген кезде екі түрлі негізгі мәселеге кӛп мән берілген: біріншісі, қаржылық ресурстардың жетіспеуі, екіншісі, маркетинг туралы білім дәрежесінің тӛмендегі. Осы аталған мәселе Қазақстан үшін де қатысы бар. Жалпы шағын және орта бизнес экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның ӛздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазір уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 50 пайызға жуығын құрайды. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі несиелік ресурстарды алудың қиындығы, себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ [6]. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды. Сондықтан, шағын және орта кәсіпорындарды дамыту мен қолдау кӛрсетудің негізгі міндеттері жаңа жұмыс орындарын құру, ӛндіруші және ӛңдеуші ӛндірістерден тұратын кластерлерді ұйымдастыру арқылы ӛндірістің және ауыл шаруашылығының шикізаттық негізін дамыту. Берілген міндеттер жаңа әлеуметтік-маңызды жобаларды енгізу және шағын және орта кәсіпорындарды әрекет етуші нысандарын кеңейту арқылы, сондай-ақ халыққа тӛменде аталған қызмет түрлерін кӛрсету арқылы толық ауқымда орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан, аймақтағы орта және шағын бизнесті дамытудың әдіснамалық негіздерін білу арқылы біз: - біріншіден, осы сала түрлерін дамыту арқылы жастардың қоғамдық ӛмірге белсене араласуымен шаруашылық салаларын дамытуға да үлкен үлесін қосатындығын білсек, - екіншіден мемлекеттің шағын және орта кәсіпорындарды дамытуы мен қолдауы арқылы еліміздің экономикасын кӛтеруге үлкен мүмкіндіктер болатынын айғақтауға болады.

...

Скачать:   txt (16.7 Kb)   pdf (215.9 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club