Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

История искусства

Автор:   •  Сентябрь 17, 2021  •  Лекция  •  1,469 Слов (6 Страниц)  •  364 Просмотры

Страница 1 из 6

Бүгінгі таңда елімізде көптеген мәдени мұраларымыз қайта жаңғыртылып, тарихымыз тағы да бір саралауды қажет етуде. Рухани мәдениетіміз бен материалдық мәдениетімізді қайтадан зерттей, дерделей келе Қазақстан жер орналасуына байланысты Еуразияның қақ ортасында екені бәрімізге анық. Сондықтан тарих анық көрсетіп отырғандай көп елдердің мәдени құндылықтарымен біздің мәдениетіміз тығыз байланыста екені мәлім. Осыған орай, көшпенділердің еуразия мәдениетіне ықпалын жеке зерттеу бүгінгі таңда өзекті қажеттіліктің бірі. Көшпенділердің Еуразия мәдениетіне ықпалы деген кезде біздің ойымызға бірден келетін ой көшпенділер кімдер? Жалпы адамзат тарихына көз жіберсек, “көшпенділер” деген атпен әйгіленген сақ-скиф тайпа бірлестіктеріне кіретін халықтар өмірі мен мәдениеті еске түседі. Көшпенді бабаларымыз кезінде бір шеті Қытай, екінші шеті Солтүстік мұзды мұхит бір жағы батыс Европаны басып өтіп, Мысырға дейін көшіп-қонып, әр дәуірде билік құрып, үстемдік еткен. Олардың сол кезеңдерде түрлі елдің мәдениетіне, өнеріне тигізген әсері ұшан-теңіз. Бүкіл әлем халықтарының өнерінде, әсіресе сәулет саласында тайға таңба басқандай көшпенділер ықпалының табы, стилі сезіледі. Көшпенділердің сол мәдени ықпалын қаншама жылдар бойы ұлы державалық саясат жасырып-жауып айтпай келді, тек соңғы кездерде ғана сең сөгілгендей болды. Тарихи шындықты қалай да бұрмалап, бүркемеленгенмен, бәрібір түнекті жарып шығып, өз орнын табады, солай болды да. Орта ғасырлардағы қазақ мәдениетінің орталығы болған негізгі қалалар. Отырар – Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан. Отырар қаласы туралы көшпеген саяхатшылардың жазба деректерінде айтылады. Сонымен қоса көшпенділердің мәдениетіне көптеп ықпал еткен ол Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолы-адамзат тарихының дамуында біздің эрамызға дейінгі II ғасырда Батыс пен Шығысты байланыстыратын құрылық аралық жол ретінде қызмет еткен бірегей тарихи ескерткіш. Біздің өлкеміз арқылы өтетін Қазақстан бөлігіндегі басты бағыттардың ішінде Оңтүстік бағыт-сауда орталықтарының шоғырлы бөлігі екені белгілі. Оның көп ғасырлық тарихы әлем мәдениетінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан мұра болып табылады және адам баласының бірнеше мың жылдар бойы жасаған тарихи мұралары қазіргі мәдениетіміздің тұғыры ретінде келешек ұрпаққа сақталынуы қажет. Еуразиялық кеңістік көшпенді елдердің ата қонысы болып қана қоймай, көптеген әлемдік мәдениет иелерінің көне бесігі. Б.э.д I-ші мың жылдықтың ортасында Еуразия тайпаларының мәдени-шаруашылық бағытта дамуына көшпенділік негіз болады. Адамзатқа көптеген маңызы бар бұл өркениетің шығуын «далалық революция» деп айтуға болады. Көшпелі өркениет-бұл батыстық және шығыстық өркениеттен өзгеше, ерекше әлем. Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия түйіскен Жібек жолы өтетін қалаларда бір-біріне ұқсамайтын мәдениеттердің бір-бірімен сіңісуімен бірін-бірі байытуы үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Соның барысында жер өңдеу, қала тұрғызу, сәулет өнері жоғары дамыған. Адамдар табиғат жағдайын ескере аңшылық, жер шаруашылығы, бау-бақша, қол өнер, мал шаруашылығымен айналысқан. Осы көшпенділер өркениетінің өмір сүруіндегі классикалық дәуірін үш кезеңге бөлуге болады: 1. Ғұндар (б.э.д IIIғ-б.э Vғ) – Ұлы Даланың саяси картасы өзгеріп жатқан кезі және белгілі бір территориядағы (Қытай, Үнді, Еуропа) жаңа этномәдени қоғамдастықтың қалыптасуы кезіндегі халықтардың ұлы қоныс аударуы. 2. Түркілер (б.э. VI-XII ғ) – Орталық Азияның, Жазықтардың, Оңтүстік Сібірдің түркіленуі. 3. Моңғолдар (б.э. XII-XIV ғ) – Шыңғысхан державасының өмір сүруі барысында жаңа этникалық және саяси картаның пайда болуы. Еуразия көшпенді халқының өмірлік іс-әрекеттері қарқынды өрлеуді сынап жатқанда, Моңғолия жазығында 24 ғұн руларынан құралған көшпелі Ғұн державасы алғашқы түркітілдес халық болды. Нойын-Ұлыдағы ғұн жерлеуінде табылған олжа олардың Қытаймен және Батыс аймақтарымен байланысын көрсетеді. Қытайлардың ғұндарға беріп отырған салықтарынан жібек маталар, тоқымалар, сәулет бұйымдары кездеседі. Л.Н. Гумилевтың ойынша б.э.д II мың. ғұндар бірлестігі төрт тармаққа ыдырайды: біріншісі сяньби тайпаларына бағынады, екіншісі қытай тайпаларына, үшіншісі Еуразияға шегінеді, ал төртіншісі Тарбағатайда, кейін Жетісу және Жоңғарияда бекінеді.[3] Кеңістікте болған көшпелілердің қоғамдық-саяси әрекеттеріне байланысты жаңа трансконтиненттік байланыс орнатылады. Жаңа мәдениет түрлері енеді. Көшпенділер барлық осы үдерістер барысында этникалық саяси және мәдени құрылым кеңістігіне қатысты. Б.э. VI ғ ортасында Ұлы Дала жазығында түркітілдес халық – түркілер бекінген және ру басын Ашын билеген. Ұйғыр, жужандармен ойдағыдай жеіңсінен кейін түркі көсемі Бумын 551ж өзін қаған жариялаған. Келесі жеңістері түркілердің иелігін барлық Орталық Азияға, Маньчжуриядан Керчь бұғазына дейін, Енисейдің басынан Амударияның басына дейін кеңейткен. Бұл түркі тайпаларының Батысқа, Вольгаға қарай салмақты қоныс аударуына соқтырды. Бұл түркілердің салт-дәстүрі мен мәдениетінің ізі күллі Еуразия құрлығында жатқанын көрсетеді. VI ғ. 80 ж басында Бірінші Түрік қағанаты тарихта алғашқы рет іс-жүзінде бүкіл Еуразия даласын бір мемлекетке біріктірген. Сонымен қатар Ұлы Жібек Жолының негізгі нүктесі болған ежелгі отырықшы өркениет Соғды мен Бұхара қалалары түркілердің қолында болған. Қалалар – сауда, қолөнер және мәдениет орталығы болып келген. Түріктердің автохондық отаны Орталық Азия. Осы кең байтақ географиялық Орталықта өзінің дамуы бойынша әр-түрлі сатыда тұрған тайпалар, халықтар жасап, өмірдің эволюциялық даму заңдылығы бойынша өзара келіспеушіліктер болғанымен, оларды бейбітшілік жолмен шешіп отыруларының арқасында түріктердің этникалық құрамы өзгеріп отырған. Түріктер жер бетінде жоғары дамыған халықтардың бірі екенін тарихта талай рет дәлелденген. Моңғолдар барысында өркениетті кеңістік болашақ Ресейдің этникалық қалыптасу сатысы басталады. Алғашында Оңтүстік Сібір және Дала қосылып өзіндік «Шыңғысхан зонасы» қалыптасып, оның қимылына ерген. Діни-мәдени тұрғыда бұнда ислам, буддизм, шаманизм діндерінің шүбарлануы сезіледі. Ақырындап орыс-татар бірігіп тіршілік етуі басталады. Орыстар Далаға енеді, ал татарлар Русь жеріне отырықтанып біріккен эканомикалық, белгілі бір деңгейде мәдени кеңістік ресімделе бастайды. Қорыта келгенде Азия даласында болған мәдени процесстер отырықшы зоналарға қарағанда, дүниежүзілік тарихқа маңызы кем болмады. Барлық ірі аймақтар Еуропа, Индия, Қытай,Алтын Орда көбінде көшпенділер барысында біріктірілген біріңғай геомәдени және макроэкономикалық кеңістікке айналды. Көшпенділер Еуразиялық мәдени құндылықтардың, әлеуметтік институттарды қалыптастыруда және көптеген халықтар мен үкіметтердің даму қарқыны мен бағыттарына әсер етті. Халықаралық коммуникациялар мен мәдени ақпараттық орталықтардың пайда болуына қатысты. Маңызды нәтижелердің бірі көшпелілер мен отырықшы қоғамдардың жуықтасулары ежелгі азиялық мәдениеттердің – түркілердің исламды қоректендіруі. Осындай қилы саяси өзара әрекеттерден ортағасырлық мемлекеттердің орталықтары, трансеуразиялық байланыс айналасы арқасында Батыс пен Шығыс өркениетінің өзара көпқырлы сауда мен мәдениеті жүзеге асқан. Ежелгі Еуразия кеңістігіндегі көшпенділер дүниежүзілік мәдениетке ықпалы зор болды.Сақ кезіндегі тайпалардың көркем шығармашылығының неғұрлым айқын және есте қаларлық көріністерінің арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Жаңа дәуірдің 7 ғасырынан Сібірдің, Қазақстанның, Еділ бойының аумақты далалары мен Еуропа оңтүстігі халықтарының аңдық стиль деп аталатын өнердің өзіндік және жарқын құбылысы пайда болды. Оның басты тақырыбы аңдардарды және мифтік зооморфтық құбыжықтарды бейнелеу болды. Сақ және ғұн шеберлерінің бұйымдарында Еуразия өзендерінің, ормандарының, далаларының бай жанды әлемі: балықтар, жыландар, үйректер, аққулар, бүркіттері, қырандары, кірпілері, бұғылары , бұландар, еліктер, маралдар, арқарлар, қасқырлар, барыстар, жолбарыстар, арыстандар, жылқылар, қойлар, қодастар, түйелер жан бітіп кеткендей болады. Олар басы бүркіт, денесі арыстан және басқа ертегілік құбыжықтармен : біресе ол кесіртке денелі және ешкі басты жануар, біресе ол бұғы мүйізді жолбарыс, қабан тұмсықты және тісті немесе барақ ит басты түріндегі құлақтарымен қасқырлар болып алмасып отырады. . Бұл бейнелер зооморфтық өзгерулер құбылысын білдіреді, олар ерте темір дәуірі көшпенділерінің өнерінде жетекші бағыттардың бірін құрайды. Зооморфты айналулармен қатар неғұрлым кең тараған мотив - аңдар мен құбыжықтар қинаулары мен күрес көріністері: бүркіттің, кодас пен бүркіт жемтігіне таласқан жолбарысқа, жыланның атқа шабуылы, ағаш көрінісі алдындағы жолбарыс пен қос өркешті түйенің, жолбарыстың атпен айқасы бейнелері. . Қазір б.д.дейінгі І-ші мыңжылдыққа дейінгі Еуразия көшпенділерінің бұл мотивін түсіндіретіндей бірде-бір нанымды болжам жоқ. Бұл көріністер төтемдердің немесе жақсылық пен жамандықтың күресін білдіретін рулардың немесе тайпалардың тартысын бейнелейді деген болжамдар айтылды. Жануарлар "қинауының" көріністері алғашқы қауымдық құрылысы ыдырауы дәуірінің әлеуметтік процестерінің мифологиялық бейнеленуі болып табылады деген пікір бар. Зерттеушілер олардан "күштінің құқын", жеңісті дәріптеуді растауын көреді. "Аңдық стиль" өнері негізінен қызмет көрсеткен аристократияның тонау мен соғыс әдеткі жұмысына айналғанда, бұл дәуірдің қатаң сыйпатымен байланыстырылады. "Қинау" көріністерінен ру эмблемасын көріп, оған геральдикалық мән берілді. . Ертедегі суретшілердің шығармашылығы жануарлар әлемінің нақты бейнесімен жанды және сан алуан өзара байланыста болды. Қазақстандық фаунадан арқар мен тау текенің, жолбарыс пен жабайы шошқаның, марал мен түйенің, дала бүркіті мен сирегірек қарақұйрықтың, қасқырдың және қоянның бейнелері жиі кездеседі. Аңдық образдарды көркем сомдау да алуан түрлі болды. Олар домалақ скульптура, бұлдыр кескінді және сызықты суреттер түрінде орындалды. Бұл бұйымдарды жасау материалдары ретінде тек алтын, күміс, қола және темір ғана пайдаланып қоймай , сонымен бірге сүйек пен мүйізге ою салу, жапсырма, түрлі түсті киіз бен теріге өрнек салу кең қолданылды. . Сақ қорғандарын қазу біздерді Қазақстанның ертедегі көшпенділерінің "аң стиліндегі" үлгілермен кең таныстырады. Сырдарияның төменгі ағысындағы ‡йғарақ моласынан (б.д.дейінгі 6-7 ғасырлар) арқар мен грифондар басы бейнеленген айылбастар, Төгіскен (б.д.дейінгі 6 ғасыр) моласынан қосарланған жылқы басы түріндегі қола қалақшалар, қойдың басы мен жатқан қиялдағыдай екі құбыжық бейнеленген семсер қынабының алтын қоршауы белгілі. Сондай-ақ басқа да үздік олжалар: Павлодар облысындағы Тасмола қорғанынан (б.д.дейінгі 6-7 ғасыр) тау-текелердің бейнелері, жолбарыс түріндегі, мал түріндегі жұқа қабыршықты алтын қаңылтыр белгілер, б.д.дейінгі 4-3 ғасырларындағы Қарамұрын моласы жерлеулерінен жолбарыстың түйеге шапқан көрінісімен қола белгі және қиял-ғажайып жануары мен қос қыран түріндегі қайыс бастырма, бүктелген қабан түріндегі мүйізден жасалған белгі бар.. Ауызына құсты, сондай-ақ бірқатар басқа бұйымдарды қыстырған арыстан басының бейнесі бар даңқты Бекқара тоғасы б.д.дейінгі 3 - 2 ғасырларға жатады. Тасмола бейітін қазған кезде марал мүйізінен жасалған шағын сымбатты тоға табылды. Б.д.дейінгі 5 ғасырда, әсіресе 4 ғасырда скиф мәдениетіне грек өнерінің күшті ықпалы басталады. Скиф аристократиясының тұрмысы грек қалаларында жасалған бұйымдармен толыға түседі. Скиф патшалары мен көсемдері шеберлерінің көркем шығармашылығына эллиндік ықпалмен бірге адам бейнесі енеді. Дегенмен, Еуразияның басқа көшпенділерінің өнері сияқты скиф өнері, бұл ең алдымен, аңдарды бейнелеу өнері. Б.Н.Граковтың айтуынша, ол аңдық стильді тамаша дамыта білді, ал іс адамды бейнелеуге қатысты болған кезде қарапайым жағдайынан қиындықпен арылды. "Далалардың ұлы белдеуінің" барлық барысында "аңдық стиль" ішкі бірлігімен және өз эволюциясының ортақ бағытымен ерекшеленеді. Қоршаған шындықты өзінше бейнелейтін бұл өнер ерекше бейнелеу құрылымына ие.

...

Скачать:   txt (21.6 Kb)   pdf (84.2 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club