Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Шығармашылық» және «еңбек» құрылымдарының байланысы. Журналистің шығармашылыққа келу жолдары

Автор:   •  Март 31, 2021  •  Контрольная работа  •  641 Слов (3 Страниц)  •  466 Просмотры

Страница 1 из 3

1.«Шығармашылық» және «еңбек» құрылымдарының байланысы.

Шығармашылық- ол әр адамның қолынан келе бермейтін бір талант деседе болады. Шығармашылық туа біте берілетін қасиет емес, ол адам есейе келе дарыйтын қасиет.Бірақ еңбек етіп сол бойыңа біткен талантты әрі қарай дамытпасаң онда ол шығармашылықтан не пайда! Әр бастайтын ісіңді еңбек арқылы дамытпасаң ол сол басталған жерінде қалып қояды. Кейін одан тіпті пайда келмейді. Шығармашылықта сол секілді еңбек етпесең одан келіп кетер пайда жоқ. Егер оны еңбек етіп әрі қарай үлкен-үлкен шыңдарға тартпасаң бойыңа таралған бұл қасиет құр босқа сол ашылмаған бойы, су құймаған гүл секілді мәңгіге солып қалады. Міне шығармашылық пен еңбектің байланысы осыда. "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей"-бекер айтылмаған ғой. Қандай болмасын үлкен жетістіктердің табыстардың артында еңбек тұрады. Мысалға бізді алсақ, яғни мені. Мен болашақ журналистпін бірақ әлі толыққанды жетілмеген журналистпін. Неге? Себебі менде шығармашылық бар бірақ мен әлі еңбек етпедім. Толыққанды журналист болу үшін еңбек етпедім. Біз қанша жерден университетте 5-6 жыл оқысақта Журналист деген атақ бізге тек біз жұмыс істеп еңбек еткенде ғана беріледі. Адам мамандық таңдағанда 100% дың 99%-ы еңбектен тұрады екен. Біз 1% тәжірибені маман иесі болу үшін университеттен ал қалған 99% тәжірибені жұмыс істегенде алады екенбіз. "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін" айтатын болсақ еңбексіз адамға ештеңе берілмейді. Міне шығармашылық пен еңбектің арасындағы байланыс осы. Менің айтқандарым көңіліңізден шықты деп ойлаймын.

2.Журналистің шығармашылыққа келу жолдары.

Журналист шығармашылыққа деген қадамын- мектеп бітіріп журналист боламын деп, үлкен өмірге қадам басқанда-ақ бастайды. Сол кезден-ақ өлең жолдарын жазып бастап кең көлемде өтіп жатқан дебаттарға қатысып, ғылыми конференцияларға қатысып шығармашылыққа қадам басады. Сөйтіп сөйтіп өзінің қандай үлкен журналист болғанында білмей қалады. Журналисттердің шығармашылығына келетін болсақ:

Журналист туындысының саясаты мен оның негізін қалайтын тақырыпты, бағыт-бағдарын жүзеге асыруға ғылыми, публицистикалық, әдеби-көркемдік секілді адамзат өз тарихында өмірге келтірген шығармашылықтың барлық жанрлары мен формалары пайдаланылады. Журналистиканың барлық институттары қоғамдық түрлі көзқарастардың, тарихи сананың, терең танымның аясында өзінің келелі міндетін жанрларға жүгінбейінше толықтай атқара алмайды. Телеарналар да, редакциялар да шығармашылықтың түрлі формаларын белгілі деңгейде пайдаланады.

 Журналистикада ғылыми туындылар түрлері кеңінен қолданылады. Ғылыми-зерттеу әдістер арқылы табылған материалдарды пайдалана отырып, ғылыми ізденістердің бейнесін жасауға ыңғайлы ақпараттарды халыққа жеткізеді. Оның қамтитын аясы да кең, философиядан экологияға, әдебиеттанудан психологияға дейінгі аралықты қамтиды. Дүниетанымнан, тарихи тұжырымдардан, экономикалық, дипломатиялық, саяси және өзге дерек көздерінен, ғылымның түрлі салаларынан алынған ақпараттар телекөрермен қауымға түсінікті әрі тартымды етіліп жеткізілуге тиіс. Олар үшін қоғамдық үдерістер мен әлеуметтік дамудың заңдылықтары, жолдары туралы, қазіргі заман талабының сипаттары, саяси-экономикалық, мәдени-рухани дамудың қозғаушы күштері жайындағы ақпараттарды дер кезінде алып отыру аса маңызды.

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (44.1 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club