Фонетика
Автор: Janneka • Февраль 14, 2021 • Лекция • 844 Слов (4 Страниц) • 383 Просмотры
Адамдар арасындағы тілдік қатынастар екі түрде болады: ауызша және жазбаша. Мұның алдыңғысы сөйлеу арқылы, кейінгісі жазу арқылы іске асады. Сөйлеу-іштегі ойды дыбыс арқылы сыртқа шығару, айту. Бұл – адамзатпен бірге жасасып келе жатқан ең көне, ең негізгі қару. Жазу – сөйлеудің қағазға түскен бейнесі. Бұл бертінде пайда болды. Мәселен, қазақ халқы ХХ-ғасырдың орта тұсынан бері ғана жаппай сауатты елге айналды. Адам баласының тiлi – дыбыстық тiл. Жеке тұрғанда мән-мағынасыз көрiнетiн тiлдегi санаулы ғана дыбыс мыңдаған сөздердiң құрамында белгiлi бiр тәртiппен қиюласып, тiркесiп қайталану арқылы тiлдi, сол тiлдiң дыбыс жүйесiн құрайды. Егер сөздер дыбыстардың өзара тiркесi түрiнде айтылмаса, тiл қатынас құралы да, пiкiр алысу құралы да бола алмас едi. Сондықтан дыбыссыз тiл жоқ, тiлсiз қоғам жоқ. Адамның ойы, айтатын белгiлi бiр пiкiрi дыбыстық комплекстен тұратын сөздердiң арқасында iске асады. Сондықтан да тiл дыбыстарын, оларға тән тiл заңдылықтарын бiлудiң маңызы зор. Дыбыстық өзгерiстердi есепке алмай тұрып, лексикалық, грамматикалық құбылыстардың төркiнiн, өзгеруiн, дамуын айқындау мүмкiн емес.
Фонетика (грекше-рһопе – дыбыс) – тiлдердiң дыбыстық жүйесiн зерттейтiн тiл бiлiмiнiң бiр саласы. Фонетиканың зерттейтiндерi – тiлдiң барлық жағдайларда және қызметiнде көрiнетiн дыбыстық құрамдары мен тәсiлдерi және тiлдiң дыбысталу түрi мен жазба түрiнiң арасындағы байланыстар. Дыбыс атаулының қандайы болса да, созылмалы заттың вибрациялық қимылынан пайда болады. Тілдегі дыбыстар да күрделі вибрациялық қимылдың нәтижесін де пайда болатын құбылыс. Осы қимылдың нәтижесінен ырғағы, күші, әуеніне қарай дыбыстар әр түрлі болады. Тілдегі дыбыстардың түрлерін кейбір қасиеттерін олардың ырғағы, күші, әуеніне қарай ажыратуға болады. Дыбыс ырғағы - бір секунд ішіндегі дірілдің мөлшеріне байланысты. Діріл мөлшері көбейген сайын дыбыс ырғағы күшейеді, керісінше діріл мөлшері азайған сайын дыбыс ырғағы да әлсірейді. Бір секунд ішінде ең кемі 16 рет, көп дегенде 20000 рет дірілдің нәтижесінде болған дыбыс қана құлаққа естіле алады. Тілдегі дбыстардың ырғағына қарай сөздің сөйлемнің интонациясын білуге болады.
Дыбыс күші- бір секунд ішіндегі дірілдің қарқынымен байланысты. Діріл қарқыны (ампликтудасы) көбейген сайын дыбыс күші ұлғая түседі. Дыбыс күші діріл қарқынының жиіленуіне байланысты болғандықтан, діріл амплектудасы көбейген сайын жіңішке шығады да, кеміген сайын жуан (соғын) шығады. Дыбыс күшіне қарай тілдегі лепті (динамикалық) екпіннің сырын білуге болады. Біздің дыбыстық тіліміздің- өте күрделі құбылыс, сол сепепті бізге оны үш түрлі аспектіде (үш қырынан) қарастыру керек. Олар: анатомия-физиологиялық (биологиялық) аспект, акустикалық (немесе физикалық) аспект және лингвистикалық (функционалдық) аспект.
1. Анатомия-физиологиялық аспект- адамның тілі-алдымен биологиялық құбылыс екені белгілі, яғни тіл-дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған ораталық нерв жүйесі қызметінің нәтижесі. Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға жаратылған арнайы органдар жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар ( мәселен өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін, т.б.) қосымша атқарады. Адам баласы үзақ эволюциялық даму барысында өзінің анотомиялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, органдарын түрлі дыбыстарды айтуға икемдеп, жаттықтырудың нәтижесінде дыбыстық тілге ие болады. Тіл дыбыстары және олардың жасалуын (артикуляциясын)
...