Ревизия. Қайталау
Автор: Akm9091aa • Октябрь 16, 2018 • Реферат • 277 Слов (2 Страниц) • 384 Просмотры
Ересек және орта топтағы ағылшын тілінен ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: «Ревизия. Қайталау»
Мұғалім: Айғожина Ә.О. ағылшын тілі мұғалімі
Қолданатылатын көрнекіліктер: түрлі түсті қағаздар, пішіндердің суреті, интерактивті тақта.
Мақсаты:
А)Білімділік: Өткен тақырыптарды қорытындылау, ойындар арқылы өткен тақырыптарды, өлеңдерді оқыту және есте қалдыру.
Б) Тәрбиелік: балаларды ағылшын тілінен сөз қорының көп болуына қызықтыру.
В)Дамытушылық: балалардың сөйлеу, есте сақтау, назар аудару дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысы
I.Сабақтың басталуы
Ұйымдастыру кезеңі:
-Good morning children!
- Good morning teacher!
- How are you?
- Ok!
Мотивациялық қозғаушылық:
- Балалар, бүгін біз сендердің нені білетіндеріңді тексереміз. Сендер көп нәрсені білесіңдер деп ойлаймын және көп ойындар ойнаймыз!
- Қандай дене мүшелерін білесіңдер?
- қол, аяқ, иық.
-Қандай түстерді білеміз?
- Сары, ақ, көк.
-Қандай пішіндерді білеміз?
- дөңгелек, төртбұрыш
II.Негізгі бөлім
- Дене мүшелерін ағылшын тілінде есімізге түсіруге тырысайық. Барлығымыз бірге өзіміздің дене мүшелерімізді көрсете отырып ағылшын тілінде айтып шығамыз!
- Head, shoulders, knees, toes.
- Есімізге сақтасақ сұрақтарға жауап берейік! Тақтаға қараймыз, содан кейін көріп тұрған дене мүшелерін ағылшын тілінде айтамыз. Кім қолын көтереді сол жауап береді.
- Head, ear…
...