Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дипломатиялық институттардың түрлендірілуі

Автор:   •  Август 11, 2019  •  Реферат  •  1,844 Слов (8 Страниц)  •  409 Просмотры

Страница 1 из 8

Дипломатиялық институттардың түрлендірілуі. Дипломатияны дамытудың болашағы

Дипломатиялық қызметтің классикалық формалары мен қызметтерінің сақталуына қарамастан, халықаралық қатынастардағы жаңа мезеттер – алуан түрлі техникалық құралдар, көпжақты дипломатияның қарқынды дамуы, жоғары «дипломатияның екінші бағыты» – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дипломатияға түбегейлі түрде әсер етті және ең алдымен, дипломатиялық өкілдіктер арқылы жүзеге асырылатын дәстүрлі дипломатияларға қатысты аз күмәндар туғызған жоқ. Бірқатар авторлар, оның ішінде, мысалы, халықаралық қатынастар саласындағы жетекші зерттеушілердің бірі И. Галтунг, болашақ әртүрлі қауымдастықтар мен ұйымдарда, ал мемлекеттің рөлі болмайды деген пікір айтады. Нәтижесінде, ғасырдың басында туындаған, қазіргі әлемде дипломатия жалпы түрде айтқанда қажет пе, ол құлдырау үстінде ме және оны ары қарай дамытудың болашағы қандай деген мәселелер жаңа бір күшпен естіле бастады.

259 Шынында да, дипломатияның жоғалып кетуі туралы және сәйкесінше, дипломат мамандығының жоғалып кетуі туралы айтуға бола ма? Осы сұраққа жауап бере отырып, бүгінгі дипломатиялық қызметтің, мысал үшін, бір ғасыр бұрын оның қандай болғандығына қарағанда, анағұрлым бай және алуан бола түскенін мойындау қажет болады. Қазіргі дипломатияға бұрын оған тән емес болған: жұртшылықпен өзара іс-қимыл, «дипломатияның екінші бағытының» өкілдерімен бірлесе отырып жанжалдарды реттеу бойынша күшті үйлестіру және т.б.с. сияқты аялар кіреді. Дипломатиялық қызмет формалары, сондай-ақ барған сайын алуан бола түсуде және бүгінгі дипломатиялық қызмет елшіліктер қызметтеріне ғана саймайды. Бұдан да күрделісі, халықаралық қатынастарды реттеу проблемасы, яғни дипломатиялық қызмет, халықаралық қатынастардың өзінің күрделене түсуіне қарай күрделеніп, қиындай түседі деп болжам жасауға болады. Сонымен қатар осы мағынасында, дипломатияның құлдырауы емес, оның өркендеп дамуы туралы айтқан орынды болады.

Сонымен қатар, ХХ ғасырдың соңындағы дипломатия, шынында да терең өзгерістерді бастан кешіруде деп айтуға болады. Бұрындары, сыртқысаяси ведомстволардың айрықша құқығы болған дипломатия қызметін, негізінен, елшіліктер жүзеге асырды, бүгінгі күні әртүрлі мемлекеттік және көбінесе, тіпті мемлекеттік емес арналар бойынша, жекелей алғанда «дипломатияның екінші бағыты» арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте, дипломатия жоғалып кетті ме деген сұрақ туындайды? Әрине жоқ, алайда, оның алдына әртүрлі құрылымдар мен ұйымдардың іс-қимылдарын үйлестіру туралы мәселе бұрын-соңдыға қарағанда аса өткір қойылды. Нәтижесінде, басқарушы бола білу – өз елінде, сондай-ақ келген елдегі әртүрлі ведомстволармен жұмысты келісе білу бұрынғыдан да үлкен дәрежеде талап етілді.

Екінші бір проблема, коммуникациялар құралдарының дамуымен байланысты шетелдердегі мекемелердің жұмыс істеуіне қатысты. Мәселен, С. Дженкинс пен А. Сломанның кітабында АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі З. Бжезинскийдің сөздері келтіріледі, ол, президенттің Ұлыбританияның премьер-министрімен немесе ГФР канцлерімен телефон арқылы сөйлескенінің әлденеше рет куәсі болғанын еске түсіреді. Осы сөйлесулер туралы тіпті, елшілердің өзіне белгілі болған жоқ, өйткені ол өте өзара жеке әңгімелесу болатын. Сондықтан қазіргі заманғы байланыс құралдарының дамуы, дипломат мамандығының қажеттілігі туралы үлкен күмән туғызады. Осындай өзгерістер,

260 елшінің бар болғаны клеркке (кеңсе қызметкеріне) айналғанын білдірмей ме деген, сұрақтар жиі естіле бастады? Аталмыш сұраққа, иә деп жауап беріп, келісе салу әрине қиын, өйткені мұндай жағдайда дипломатияға таза атқарушылық міндеттер ғана жүктелген болар еді. Басқалай айтсақ, дипломатияны осылай түсіну кезінде, оның міндеті сыртқы саяси бағытты жүзеге асырумен ғана шектеледі. Іс жүзінде дипломатияның өзі сыртқы саясатты қалыптастыруға белсенді әсер етеді. Мұнан өзге, коммуникация құралдарының – теледидардың, радионың, электронды поштаның дамуымен байланысты – шетелдегі мекемелердің ақпараттық жұмысына қойылатын талап та арта түседі. Шетелдегі мекемелерге берілетін ақпарат: өзекті, сенімді және толық болуы тиіс. Шетелдердегі өкілдіктер жағдайларында осындай жұмыс жедел ақпараттық жұмыспен салыстырғанда бағыныштылық орын алса да, өткенмен салыстырғанда, оның маңызының арта түсіп отырғаны күмән туғызбайды. Оған керісінше жағдайда да, орталық сыртқы сасяи мекеменің артық ақпараттар және ақпараттық «шуыл» проблемалармен, яғни, ақпараттардың аса үлкен тасқыны арасынан оның ішіндегі бастысын бөліп алу қиынға соғатын жағдайлармен сөзсіз бетпе-бет келер еді.

...

Скачать:   txt (28.7 Kb)   pdf (156.5 Kb)   docx (221.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club