Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғимараттар мен имараттардың сумен жабдықтау және канализация жуйелері

Автор:   •  Май 3, 2020  •  Лекция  •  18,573 Слов (75 Страниц)  •  784 Просмотры

Страница 1 из 75

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

университеті

«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы

Серікбаев Т.С.     

               

5В072900- «Құрылыс», 5В042000- «Сәулет» мамандықтардың

студенттері үшін  «Ғимараттар мен имараттардың инженерлік жүйелері» пәнінен

дәрістердың тезистері

Шымкент, 2015

1 МОДУЛЬ. Ғимараттар мен имараттардың сумен жабдықтау және канализация жуйелері

 

1 ЛЕКЦИЯ. Елді мекендер мен қалалық тұрғын аудандарының сумен жабдықтау жүйелері

  1. Кіріспе
  2. Елді мекендер мен қаланың тұрғын аудандарының сумен жабдықтау жүйелері мен схемалары.
  3. Су тұтыну нормалары және тәртібі
  4. Судың есепті мөлшерін анықтау

  1. Инженерлік жүйелерге сумен, жылумен және газбен жабдықтау, канализация, желдету жүйелері жатады.

Инженерлік жүйелер халықтың коммуналды-турмыстық, мәдени-әлеуметтік дәрежесін арттыруға, елді мекендерді көркейтуге, өндірісті дамытуға және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған техниканың аса маңызды саласы болып саналады. Елді мекендерді таза сумен және жылумен қамтамасыз ету адам денсаулығына жақсы әсер ететіні бәрімізге белгілі. Жер шарында 1,5 миллиард текше километр су бар, бірақ оның 98%- мұхиттардың тұзды сулары және 1,94%-мүз айдынының сулары, ал тек қана 0,06%- материктердің тұшы сулары жатады. Қазақстанның ағын суларының қоры, яғни жылына аіатын судың орташа көлемі 101,9 текше километр, соның 58,4 текше километрі республиканың өз аймағынан бастау алады. Ал 43,5 текше километрі сырт жақтан ағып келеді. Кең байтақ Қазақстанда жерасты сулары да көп емес. Оның жалпы көлемі 55 текше километр құрайды. Жер асты және ағын сулардың орналасуы республика аймағында әртүрлі, яіни кей жерлерде молшылық, ал енді бір жерлерде тапшылық. Тарих бойынша өте көне замандағы  цивилизация және мәдениет әр уақытта өзінің құлпыруына осы адамзаттың суды табу, соны пайдалана білуіне байланысты болған. Египет, ертедегі Греция және Рим бәрі де судың бойында орналасып,судың арқасында нығайып гулденгені белгілі. Тұрмыста пайдаланған (кірленген) суларды ағызатын каналдар жүйелері Египетте біздің жыл санауымыздан 2500 жыл бұрын пайда болған. Жер шарында адам саны көбейіп, өнекәсіптің нығаюына байланысты, суармалы жерлердің көбеюіне қарап және тұрғындардың санитарлы- гигиеналық жағдайы жақсаруына байланысты сумен жабдықтау және суды әкетудің де нығая түсуіне біз де куә болып отырмыз. Мәселен, орта ғасырда бір адам 1 тәулікте 10-15 литр су пайдаланған болса, казіргі уақытта 1 адамға 350 литрге дейін жетіп отыр. Және де 1 тонна болатты шығару үшін 120 текше метр, 1 тонна резеңкеге 1500 текше метр және 1 тонна жібекке 2000 текше метр су жұмсалады. Суды пайдалану мөлшеріне сәйкес кірленген судың да көлемі көбейе түсуде. Кәзіргі кезде қалаларда пайдаланып жүрген ауыз су санитарлық гигиеналық талаптарға сәйкес келетін болса, ал көптеген ауылдық жерлерде халық ауыз су стандартының қоятын талабына сәйкес келмейтін суды ішіп отыр. Бұл мәселені шешу үшін үкімет тарапынанкөптеген қаржы бөлініп, сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы салынуда. Жақында қабылданған «Ақ- бұлақ» бағдарламасы бойынша 2020 жылы қала халқы 100% , ал ауылдық тұрғындардың 80% -ы таза сумен қамтамасыз етіледі. Боашақ құрылыс және сәулет мамандарының осы пәнді оқып білуіне бірнеше себептер бар.Біріншіден, қоршаған ортаны және су қорын қоғау, адамдарды сапалы сумен қамтамасыз ету бәріміздің міндетіміз. Екіншіден, инженерлік жүйелер мен тораптарды: сумен қамту жүйелері болсын, газбен және жылумен қамту жүйелері болсын , оларды құрылыс конструкцияларымен үйлестіріп салу керек. Ғимараттарды жылумен қамтамасыз ету үшін жылыту жүйелері орнатылады. Елді мекендерді жылумен қамту мәселесі орталықтандырылған жылыту жүйелерін орнату арқылы жүзеге асырылуда. Тұрғын үйлерде табиғи желдету жүйелері орнатылса, ал өндіріс орындарында шаң және зиянды газдарды тазарту үшін механикалық желдету орнатылады. Елді мекендерді газбен жабдықтауға да аса көңіл бөлінуде. Біздің елімізде мұнай және табиғи газдың үлкен кендері бар. Олардан алынған газ құбырлармен елді мекендерге таратылып халықтың мұқтаждарына берілуде және шет елдерге де сатыуда.      

...

Скачать:   txt (230.5 Kb)   pdf (1.6 Mb)   docx (1.5 Mb)  
Продолжить читать еще 74 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club