Тыңайтқыштарды салуға арналған машиналар
Автор: zh1995 • Март 2, 2019 • Реферат • 6,205 Слов (25 Страниц) • 2,362 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
“С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық” университеті
АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАШИНАЛАРЫ ЖӘНЕ МАШИНА ҚОЛДАНУ ПӘНІНЕН ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ЕСЕБІ
Тақырыбы: Тыңайтқыштарды салуға арналған машиналар
Орындаған: Әсетова А.
Қабылдаған:Нығмет К.
Астана,2018 ж
[pic 1]
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Тыңайтқыштарды салу әдістері және агротехникалық талаптар...................................4
2.Минералды тыңайтқыштарды дайындау және салуға арналған машиналар.........................13
3. Тозаңтәрізді минералды тыңайтқыштарды салуға арналған АРУП-8 машинасы............ 14
4 .Сұйық минералды тыңайтқыштарды салуға арналған машиналар...................... 20
5. Қатты органикалық тыңайтқыштарды егуге арналған РУН-15Б шашқышы..........................
6. Сұйық органикалық тыңайтқыштарды салуға арналған машиналар............
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе[pic 2]
Ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыш енгізуде: негізгі енгізу, егу үстінде және үстеп қоректендіру деп аталатын үш әдісі бар. Негізгі енгізу әдісі де тыңайтқыш сүдігер көтерілген немесе көктемде жыртылған жерлерге,сондай-ақ топырақты тұқым себер алдында өңдеу кезеңінде сіңіріледі.Ол үшін минералды және органикалық тыңайтқыш немесе органикалық-минералды қоспалар топырақты өңдеу алдында егістікке біркелкі етіліп бөлінеді.
Топырақ бетіне минералды тыңайтқыштың негізгі мөлшерін енгізу үшін ортадан тепкіш жұмыс органдары бар шанақты тыңайтқыш шашқыштар қолданылады. Олардың артықшылықтары - өнімділігі жоғары, энергия сыйымдылығы біршама төмен және минералды тыңайтқыштың жоғары мөлшерін енгізуді қамтамасыз ете алады: МВУ-0,5, 1РМГ-4, РМС-6, МВУ-5, МВУ-8, МХА-7, РУ-1600, РУ-3000 және т.б
Қатты азотты тыңайтқышты енгізу үшін РШУ-12, МТТ-4Ш, СУ-12 қарнақты машиналары немесе тыңайтқыштың неғұрлым біркелкі енгізілуін 18 қамтамасыз ететін «Альфа» (Германия), «RAUCH», РДУ-1,5 машиналары қолданылады.
Өнеркәсіпте минералды тыңайтқыштың негізгі мөлшерін енгізу үшін- мөлшерлеу құрылғысының жұмыс қағидасы бойынша екі топқа бөлуге болатын машиналар шығарылып жатыр. Олар: тәрелкелі шашқышты РТТ- 4,2 және ортадан тепкіш шашқышты тыңайтқыш сепкіштері: НРУ-0,5, РУМ-5, 1-РМГ-4 .
1.Тыңайтқыштарды салу әдістері және агротехникалық талаптар
Тыңайтқыштарды салу әдістерін агротехника орнатады.Тыңайтқыштарды салудың келесі: негізгі, егіс алдындағы, егіс барысындағы және егістен кейінгі (жерді тыңайту) әдістерін қолданады. Тыңайтқыштарды егіс алдындағы салу әдісі (негізгі) оларды егіс даласында біркелкі үлестіруді, оларды сүдігер көктемгі жер жырту процесі барысында атқаруды қамтиды. Негізгі әдіс барысында барлық минералды тыңайтқыштардың шамамен 2/3 енгізеді. Шағын егістік даласында қатты минералды тыңайтқыштарды салуды тыңайтқыш сепкіштермен немесе аспалы центрден тепкіш машиналармен іске асырады. Тыңайтқыштарды себу алдында тексереді және, қажеттілігіне қарай, майдалайды және елейді. Минералды тыңайтқыштардың топыраққа енгізілетін бөлшектерінің көлемі 5 мм аспауы тиіс. Минералды тыңайтқыштарды майдалауды осы мақсатқа тағайындалған машиналарда жасайды. Топыраққа тозаңтәрізді минералды тыңайтқыштарды салу барысында пневматикалық машиналарды пайдаланады. Сұйық минералды тыңайтқыштарды салуды қоректеуші-бүріккішпен жасайды. Топыраққа сусымалы органикалық тыңайтқыштарды салу барысында жүккөтергіштігі 4-10т болатын арнайы тіркемелі машиналарды пайдаланады. органикалық тыңайтқыштардан тұратын үйінділерді шашуды РУН-15Б жалдауыш-шашқышпен жасайды. Машиналарға әк және органикалық тыңайтқыштарды тиеуді тиеушілердің көмегімен іске асырады. Сұйық минералды тыңайтқыштарды (көң садырасы және сұйық төсенішсіз көң) сұйық тыңайтқыштарға арналған тіркемелі машиналармен енгізеді. Тыңайтқыштарды егіс барысында салуды егінмен бірге іске асырады. Топыраққа тыңайтқыштарды ұрықтармен бірге немесе олардан алыс емес енгізеді, минералды тыңайтқыштарды егіс барысында салуды құрастырылған сепкіштермен немесе отырғызғыштармен іске асырады. Отамалы дақылдарды қоректендіруді бір уақытта жүйектерді қопсытумен қатар жүргізеді, ал дәнді дақылдарды ауылшаруашылық авиациясының ұшақтары мен тікұшақтарын пайдалана отырып, жер үсті агрегаттардың көмегімен тыңайтады. Агротехникалық талаптар. Тыңайтқыштарды салуды белгіленген агротехникалық мерзімдерде іске асырады. Минералды тыңайтқыштарды үлестіру біркелкі болуы тиіс. Минералды тыңайтқыштар- 153 ды салудың нақты мөлшерінің берілгеннен ауытқуы ± 5% аспауы тиіс. Тыңайтқыштарды үлестіру әркелкілігі алу кеңдігі ± 15 % артық болмауы тиіс. Бұрылыстық алқаптарда себілетін тыңайтқыштардың мөлшері негізгі алқапта себілгенге сәйкес болуы тиіс. Топыраққа органикалық тыңайтқыштарды енгізетін машиналар қопсытуды, майдалауды және оларды алқапқа біркелкі үлестірілуін қамтамасыз етуі тиіс. Органикалық тыңайтқыштардың нақты мөлшерінің берілгеннен ұйғарынды ауытқуы ± 5% аспауы тиіс, егу кеңдігі бойынша үлестіру әркелкілігі ± 25 % аспауы тиіс, қоғалыс бағыты бойынша ± 10 % рұқсат етіледі.
...