Стандарт «Жүктілерден анамнез жинау схемасы»
Автор: АБЫЛКАЗЫ Омиралы • Июнь 20, 2020 • Лекция • 9,204 Слов (37 Страниц) • 2,865 Просмотры
3.1.1. Стандарт «Жүктілерден анамнез жинау схемасы»
- Төл құжат мәліметі.
- Бала және үлкейген кезіндегі ауырған аурулары, олардың ағымы.
- Тұқым қуалаушылық.
- Еңбек және үй жағдайы.
- Эпидемиологиялық анамнезі.
- Аллергиялық анамнезі.
- Акушерлік – геникологиялық анамнезі, етеккір циклі (етеккір келген жасы, қалыптасу ерекшелігі, ұзақтығы, ауру сезімі, етеккірдің реттілігі, етеккір кезіндегі қан шығыны, соңғы етеккірі);
Жыныстық қатынаста (қай жасынан, некеде тұрама);
Гинекологиялық аурулары (қашан, қандай, ағымының ерекшелігі мен ұзақтығы, алған емі, емінің нәтижесі);
Туу қызметі – алдыңғы жүктіліктің саны, олардың ағымы мен қалай аяқталғандығы (жасанды және өздігінен түскен түсіктердің, босанудың);
Қазіргі жүктілік ағымы (бірінші және екінші жартылығында, емханада, ауруханадағы алған емі);
3.1.2 Стандарт “Сыртқы жыныс ағзаларын карау”
Мақсаты: сыртқы жыныс ағзаларының жағдайын анықтау.
Қажетті құрал-жабдықтар: гинекологиялық кресло,бір рет қолданыста болатын қолғаптар,жеке жаялық
Іс-әрекет алгоритмі:
- Әйелге осы тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз;
- Әйелді гинекологиялық креслоға жаялық үстіне жатқызыңыз(аяғын,тізе,жамбас,сан буынында бүгіп,бұтын ашып);
- Бір рет қолданылатын қолғапты киіңіз
- Сыртқы жыныс ағзаларын,қасағаны қараңыз.
- Сол қолдың I,II саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашып кезекпен қараңыз; шүртіні,уретраны,қынапқа кіре берісті,бартолин бездерін,артқы жабысқақты және аралықты.
- Оң қолдың I,II саусағымен үлкен ернеудің төменгі бөлігін оң жағынан сипалап одан кейін сол қолдың I,II саусағымен сол жағын сипалап бартолин бездерін анықтаңыз;
- Әйелдің тұруын сұраныз;
- Бір рет қолданыста болған колғаптарды шешіп,инфекцияның алдын-алу шараларының ережесіне сәйкес тастаңыз;
- Қолыңызды сабынмен жуыңыз;
3.1.3. Стандарт. “Айнамен қарау”
Тексеру мақсаты: қынап пен жатыр мойнын қарап бағалау.
Құрал жабдықтар: гинекологиялық кресло, гинекологиялық айна, 1 рет қолданылатын резеңке қолғап, жеке жаялық.
Іс-әрекет алгоритмі:
- Әйелге осы тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз
- Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызыңыз
- Қынап пен жатыр мойнын қарау үшін жарықпен қамтамасыз етіңіз.
- 1 рет қолданылатын резеңке қолғапты киіңіз.
- Стерилденген үстелден гинекологиялық айнаны алыңыз, оң қолға қасық тәрізді айнаны алып, сол қолдың 1-2 ші саусақтармен үлкен жыныс ернеулерін ашып, қынаптың артқы күмбезіне дейін еңгізіңіз, қынаптың артқы бөлігін айнамен басып (үстіңгі бөлігін босату үшін) және қасықтық айнаны сол қолға ауыстырыңыз. Оң қолмен қынаптың үстіңгі бөлігіне көлденең өлшеммен көтергішті енгізіп, жатыр мойнын және қынапты тексеріңіз. Сол қолмен жыныс ернеулерін ашып, 2 жақтаулы айнаны қырымен қынапқа еңгізіңіз, сосын бұрыңыз, айнаны ашып қынап пен жатыр мойнын ашып тексеріңіз.
- Қарау барысында: қынаптың шырышты қабатының түсіне, бөліндінің сипатына, патологиялық процестің бар, жоқтығына, жатыр мойнының шырышты қабатының түсіне, патологиялық процеске, жатыр мойнының пішініне, түріне, сыртқы мойын тесігіне мән беріңіз.
- Айнаны қынаптан алыңыз және дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.
- Әйелге тұруын өтініңіз.
- 1 рет қолданылатын резеңке қолғапты шешіп, профилкатикалық инфекциялық ережесіне сәйкес шешіп, тастаймыз.
- Қолыңызды сабынмен жуыңыз.
3.1.4. Стандарт. Бимануальды тексеру
Тексеру мақсаты: Ішкі жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау.
Құрал жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық ,1 рет қолданылатын резеңке қолғап.
...