Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектептегі география кабинеті мен географиялық алаңдардың жабдықталуы

Автор:   •  Декабрь 11, 2019  •  Лекция  •  1,382 Слов (6 Страниц)  •  3,003 Просмотры

Страница 1 из 6

15-Дәріс. Мектептегі география кабинеті мен географиялық алаңдардың жабдықталуы

1. География кабинетiнiң жабдықталуы.

2. География кабинетiнiң бiлiм берудегi маңызы.

        Қазiргi таңда көптеген жалпы бiлiм беретiн мектептерде география кабинетi ұйымдастырылған.

        Кабинет - мұғалiмнiң жүйелi түрде сабақ өтуiне, оқушыларға тиянақты бiлiм беруiне, қажеттi көрнектi құралдарды жинақтауға көмегiн тигiзедi. Пән кабинетi - мұғалiмнiң оқушыларға сол пәндi терең игеруiне мүмкiндiк туғызатын зертханасы. Жақсы жабдықталған кабинеттер оқушыларға сапалы бiлiм беруде, оларды дамыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелiлiгiне өз үлесiн қосады. Бұл жерде оқушылардың танымдық белсендiлiгi артып, пәнге деген қызығушылығы пайда болады. География кабинетiнiң жабдықтары оқушыларға бiлiм беру, тәрбиелеу, дамыту жұмысын неғұрлым тиімдi жүзеге асыруға мүмкiндiк жасайтындай болуы тиiс. Кабинеттi жобалау жұмысын да дұрыс ұйымдастыру өте маңызды.

        Кабинеттiң артықшылығы онда сабақ өтуге және түрлi құралдарды сақтауға қолайлы. Сондықтан география кабинетiнде сабақты түрлендiрiп өтудiң және түрлi карталар мен картографиялық шығармалар мен техникалық құралдарды қолданудың мүмкiндiгi жоғары. Сонымен бiрге география бөлмесiнде мынадай сыныптан тыс жұмыстарды да өткiзуге болады: үйiрме жұмысын өткiзуге, географиялық кинофильмдер көрсетуге, қолдан түрлi көрнекiлiктер жасауға, әртүрлi кештер өткiзу т.б. Кабинетте танымжорықтар мен топсеруендер нәтижесiнде жинақталған материалдарды да сақтауға қолайлы.

        География кабинетi сабақта қолданылатын оқыту – көрнекiлiк құралдарымен ерекшеленедi. Оқыту-көрнекiлiк құралдарына: картографиялық шығармалар, қабырға карталары, атлас, глобус, рельеф карталары, қабырғалық суреттер, фотосуреттер, диапозитивтер мен диафильм, кинофрагмент, макет пен муляждар, приборлар, табиғи құралдар (кеппешөптер, коллекция, өнеркәсiп және ауыл-шаруашылығы өнiмiнiң үлгiлерi, топырақ үлгiлерi) сызбалар, схемалар, таблица, кескiн карта және әртүрлi үлестiрмелi материалдар, сарамандық жұмыстарда жердi түсiруге арналған құрал-жабдықтар (тұсбағар, визирлi сызғыш, мензула т.б.)

Жалпы бiлiм беретiн мектептерде география кабинетiне қажеттi құрал-жабдықтар мен көрнекiлiктердiң саны 400-ге дейiн болса, ал қолдан  жасалынған көрнекiлiктер  саны  200-300 болуы керек.

Осындай мөлшердегi картографиялық шығармаларды сақтау үшiн кабинетте шкаф, стеллаждар және карталарға арналған қондырмалар болуы тиiс. Қабырғалық карталар мен суреттердi iлу үшiн арнайы орындар даярлануы керек.

Мұғалiмнiң үстелi әртүрлi жұмыстар орындауға ыңғайланып орналастырылады. Үстелге су келетiн және ток көзiне қосылатын болуы керек. Кабинет тақтасы оқушы арнайы жаттығу орындайтындай және кино көрсетiлетiндей етiп жабдықталады. Егер кабинетте видеомагнитофон, магнитофон, теледидар, кинопреоктор, диапреоктор  болса тiптi жақсы.

География кабинетiнде география пәнiнiң үйiрмесi жұмыс жасайды және оның материалдары сақталынады. Үйiрмеде оқушылардың географиялық бiлiмдерi тереңдейдi және үйiрме мүшелерi кезекшi карта, ауа-райы құбылысы, географиялық жаңалықтар тақтасы, қабырғалық газеттер мен жұмыс iстеп,  оларды кабинетке жақын маңда коридорға iлiп қояды. Кабинетте сонымен қатар  өлкетану материалдарының негiзiнде бұрыш ұйымдастыруға да болады. Өлкетану бұрышында сол жергiлiктi жердiң материалдары мен экспонаттары: пайдалы қазбалар коллекциясы, топырағы, өсiмдiктер кеппешөбi, климаты жайындағы таблицалар, суреттер мен фотосуреттер, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң үлгiлерi, жергiлiктi өнеркәсiп орындарының өндiрiстiк процестерiнiң барысы, аудан картасы,  жергiлiктi жердiң планы т.б.

Географиялық кабинеттегi барлық картографиялық шығармалар мен құрал-жабдықтар арнайы бөлiмдерге бөлiнiп, журналдарға тiркеледi. Кабинет мектептiң мүмкiндiгiне қарай екi бөлмеден тұруы қажет: оның үлкенi  кѕнделiктi  сабақ өтуге, ал екiншi шағын бөлмесi көрнекi құралдарды сақтайтын және мұғалiмнiң сабаққа дайындық жұмыстарын жүргiзуiне арналады. Мысалы, бiр ғана география кабинетiнiң жабдықталу үлгiсiн қарастырайық.

1. Кабинетте оқушыларға қарама-қарсы бағытта атақты географ-саяхатшылардың портреттерi iлiнедi. Қазiргi таңда портреттердi табу қиындық туғызған жағдайда қолдан салдыруға да болады. Мүмкiндiгi болған жағдайда ерте кезден бастап, ұлы географиялық ашуларға дейiнгi кезеңдердi қамтыған  дұрыс. Мысалы, Птолемей, Эратосфен, Аристотель, Х.Колумб, А.Веспуччи, Ф.Магеллан, Васко да Гама, П.П.Семенов Тян-Шаньский, Н.Пржевальский т.б. Сонымен қоса Ш.Ш.Уәлиханов пен Қ.И.Сәтпаевтардың портреттерiн де iлген өте орынды.

...

Скачать:   txt (19.8 Kb)   pdf (106.9 Kb)   docx (13.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club