Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Жерасты суларын іздеу және барлау"

Автор:   •  Сентябрь 11, 2019  •  Курс лекций  •  2,333 Слов (10 Страниц)  •  854 Просмотры

Страница 1 из 10

1 – дәріс. Кіріспе. «Жерасты суларын іздеу және барлау» курсы, оның даму тарихы.

Мазмұны: Жерасты сулары кен орындарын іздеу және барлау кезінде гидрогеологиялық зерттеулер әдістемелік және техникалық сипатты тәсілдер көмегімен жерасты суларының кен орындарын ашуға,  олардың қалыптасуына сипаттама беруге, жерасты суларының пайдаланулық қорларына баға беруге, оның кәсіптік меңгерілуіне және су тартқыш ғимаратын пайдалану режиміне ұсыныс беруге мүмкіндік беретін күрделі ғылыми-техникалық процесс ретінде жүргізіледі. Бұндай зерттеулерді гидрогеология, геология, климатология облыстарындағы пәндерді толық білмей, техникалық құралдардың қолдануынсыз жүргізу мүмкін емес. Жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстары барысында гидрогеологиялық ақпараттарды алу үшін гидрогеологиялық жұмыстардың негізгі түрлерін және жерасты суларының кенорындарын іздеулер мен барлау жүргізу әдістемесі сияқты түсініктер біріктіріледі.

Бірінші түсінік гидрогеологиялық түсірімді жүргізу әдістемесін, гидрогеологиялық ұңғымаларды бұрғылауды, техникалық құралдарды қолдануды, тәжірибелік-сүзілулік жұмыстарды жүргізуді, жерасты суларының режимін бақылауды, геофизикалық зерттеулерді және т.б. қамтиды.

Іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу әдістемесі деп зерттеудің сатылылығын анықтау,  өнімдік сулы горизонтты таңдау, ұңғымалардың орналасу схемасалары, жеке алғанда пайдалану кезінде де орналасу схемалары, жерасты суларының пайдаланулық қорларын бағалау тәсілін таңдау айтылады. Іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу әдістемесі табиғи гидрогеологиялық жағдайға да, осы зерттеулермен шешілетін нақты халық шаруашылықтық мәселелерге де байланысты.

Жерасты суларын іздеу және барлау  әртүрлі халық шаруашылығының мәселелерін шешу мақсатында гидрогеологиялық жағдайларды зерттеудің, жерасты суларының кенорындарын анықтаудың және олардың ресурстарын, қорларын, режимін, сапасын, жерасты суларының қозғалыс бағытын бағалаудың әдістері мен тәсілдері туралы ілім.  Бұл гидрогеологияның суды Жердің өзіндік табиғи заты ретінде және бағалы табиғи қазындылардың бір ретінде зетттейтін негізгі бөлімдерінің бірі.

Жерасты сулары – таужыныстарымен, жерасты суларымен тұрақты байланыстағы және жер қабығындағы геологиялық процестерге белсенді әсер ететін геологиялық материяның ең маңызды түрлерінің бірі. Бұл халық шаруашылығы үшін маңыздылығы бойынша да, пайдалану масштабы бойынша да орасан зор пайдалы қазынды.

«Жерасты суларын іздеу және барлау» курсы өзіне ұқсас теориялық ғылымдармен де (геология, геохимия, гидравлика және т.б.), қолданбалы ғылымдармен (ұңғымаларды бұрғылау, геофизика, тау-кен жұмыстары және т.б.) де тығыз байланыста.

1.2 Гидрогеологиялық зерттеулердің негізгі түрлері, олардың сипаттамалары         

Гидрогеологиялық зерттеулер күрделі мәселелерді шешу кезінде қолданылады және зерттеулер, құрылыс жүргізу жұмыстары кезінде маңызды бөлім болып табылады.

Осындай мәселелерге келесілер жатады:

  • сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін жерасты суларын іздеу және барлау;
  • минералдық, өнеркәсіптік және жылуэнергетикалық жерасты суларының қорларын іздеу, барлау және бағалау;
  • жерасты массивтерін суару немесе құрғату мақсатында зерттеулер жүргізу;
  • қатты пайдалы қазындылар кен орындарының гидрогеологиялық жағдайларын тау-кен қазындыларына судың құйылуын болжау мақсатында зерттеу және кен орындарын пайдаланудың тиімді тәсілдерін анықтау;
  • мұнай, газ кенорындарының гидрогеологиялық жағдайларын оларды тиімді пайдалану және болжау тәсілдерін анықтау үшін зерттеу;
  • пайдалы қазындылар кенорындарының жерасты сілтілену учаскелерінің гидрогеологиялық жағдайларын зерттеу;
  • қатты пайдалы қазындылар кенорындарын іздеудің гидрогеохимиялық тәсілдері;
  • жерасты сулары қорларын жасанды толтыру бойынша шараларды анықтау;
  • жасанды мұнай жерасты суларыәне газ қоймалары құрылысын жүргізуді анықтау;
  • табиғи жерасты суларыәне жасанды факторлардың және т.б әсер етуі кезінде жерасты суларының режимін болжауды анықтау.

Кез-келген жағдайда жерасты суларын зерттеу жұмыстарына тек гидрогеологиялық қана емес, сонымен қатар басқа да жұмыстар түрлері кіреді.

Гидрогеологиялық зерттеулердің негізгі түрлеріне жататындар:

  • бұрынғы зерттеушілер құрастырған гидрогеологиялық жағдайлар, геологиялық құрылыс жерасты суларыәне т.б. бойынша материалдарды жинау, өңдеу және қорытындылау;
  • зерттеліп отырған территорияны қалпына келтіру үшін гидрогеологиялық зерттеулер;
  • гидрогеологиялық түсірімдік жұмыстар және гидрогеологиялық қкарталарды құрастыру;
  • гидрогеологиялық ұңғымаларды бұрғылау, тау-кен – қазынды жұмыстары;
  • далалық тәжірибелік-сүзілулік жұмыстары (сутарту, су құю, су айдау және т.б.);
  • табиғи және бұзылған жағдайларда жерасты суларының режимін бақылау;
  • жерасты суларының сүзілуін үлгілеу;
  • лабораториялық зерттеулер.

Осы жұмыстарды жүргізу және олардың көлемі мен әдістемесі шешілетін жұмыстардың масштабы мен сипатына, жұмыстар сатысына, гидрогеологиялық жағдайлардың күрделілігіне және т.б. байланысты.

Кез-келген нақты жағдайда үлкен ақпарат көлемін алу үшін теңгермелік-гидрометриялық зерттеулер, гидрологиялық жұмыстар, зерттеулердің арнайы түрлері (изотоптық, радиогидрогеологиялық, ғарыштық, палеогидрогеологиялық, геоботаникалық және т.с.с.) қолданылуы мүмкін. Зерттеулердің аймақтық та, ұңғымалардағы каротаж сияқты геофизикалық зертттеулері үлкен тиімділік көрсетеді.

...

Скачать:   txt (38 Kb)   pdf (190.5 Kb)   docx (19.3 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club