«Крыша» сайты бойынша жұмыс атқару
Автор: aliya_urazova00 • Июнь 9, 2020 • Реферат • 1,365 Слов (6 Страниц) • 554 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
C.Cейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Кадастр және бағалау кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Крыша» сайты бойынша жұмыс атқару
Орындаған:Ураз.Ә
Тобы:Кадастр17-03 Қабылдаған:Жагипарова.Т
Нұрсұлтан қаласы 2020 ж.
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Нұрсұлтан қаласындағы екі бөлмелі пәтердің нарықтық құнын анықтау
III.Қорытынды
Кіріспе
«Крыша»-бұл Қазақстандағы жылжымайтын мүлік туралы мамандандырылған сайт. Сонымен қатар, krisha.kz сайтында біз құрылыс, безендіру, жөндеу және басқа да тұрмыстық қызметтердің барлық түрлерін тауып, тұрғын үй құқығы және сақтандыру саласындағы мамандармен байланыс жасап, жылжымайтын мүлік нарығындағы соңғы жаңалықтарды біле аламыз.
Крыша сайты 2006 жылдың 30 сәуірінен бастап өз жұмысын бастады, бірақ оның тарихы он жыл бұрын, «Крыша» газетінің алғашқы санынан басталады.Аз уақыт ішінде Крыша сайты көптеген жетістіктерге жетті.
Krisha.kz қарапайым және түсінікті құрылымға ие - 6 бөлім («Сату», «Жалға алу», «Компаниялар мен мамандар», «Тұрғын үй кешені») олардың әрқайсысы жылжымайтын мүлік нарығының жеке бөлігін көрсетеді.
Мен Крыша сайтын қолдана отырып, Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй құрылысының ерекшеліктері мен пәтерлердің бағасын анықтап салыстырдым.
[pic 1]
Негізгі бөлім
Нұрсұлтан қаласы еліміздегі құрылыс саласында көшбасшы болып табылады.Қалада отандық "G-Park","Bi Group", "Bazis-A" және шетелдік құрылыс компанияларының қатысуымен 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Нұр-Сұлтан қаласы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жағынан басқа қалаларға қарағанда әлдеқайда жақсы. Оңтүстік астанада бір тұрғынға 26,0 шаршы метр тұрғын үй, ал елордада бұл көрсеткіш 23,1 құрайды. Сол тұрғын үй құрылысының ерекшеліктерін және нарықтық бағасын осы жұмыста көрсететін боламын. Нұрсұлтан қаласындағы "Bi Group"құрылыс компаниясының Akbulak Life тұрғын үй кешенінің екі бөлмелі пәтердің нарықтық құнын анықтау Крыша сайтының мәліметтері бойынша алынды.
[pic 2]
НҰРСҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕКІ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕРДІҢ НАРЫҚТЫҚ ҚҰНЫН АНЫҚТАУ
Бағалау объектісінің сипаттамасы
[pic 3]
ОРНАЛАСҚАН ОРНЫНЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ
Атауы | Сипаттама |
Экономикалық орналасқан орны | ҚР, Нұрсұлтан қ, Алматы ауданы, Б.Момышұлы 2/10 ЖК Аk Bulak life |
Орналасу орнының экологиялық жағдайы | Жақсы |
Инфрақұрылымның дамуы | Жақсы |
Транспорттық байланыс, өзге көшелермен қатар орналасқан | Жақсы |
Бағаланып отырған объектіден 500-1000 м. қашықтыққа дейінгі әлеуметтік инфрақұрылыс объектілері | |
Мектепке дейінгі білім беру мекемелері (егер, балабақша), мектеп аурухана және т.б. | Оқушылар сарайы,№53 мектеп-лицей,Бал-бала балабақшасы , №2 қалалық балалар ауруханасы |
Дүкендер, сауда орталықтары, сауда орындары | Astana Mall ойын-сауық орталығы, азық-түлік супермаркеттері,Б.Момышұлы атындағы саябақ. |
...