Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Картаның бағдарламасын құрастыру

Автор:   •  Март 10, 2023  •  Реферат  •  4,012 Слов (17 Страниц)  •  192 Просмотры

Страница 1 из 17

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

Картография және геоинформатика кафедрасы

                           

                     Тақырып: Картаның бағдарламасын құрастыру

                                                                                                                         

                                             

                          Орындаған: Казымов Ә.Ж.

                                                                                Тексерген: Кожахметова.У

                                           Алматы, 2023

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Карталарды құру технологиялары

ІІІ. Картаның бағдарламасын құрастыру

ІV. Карта безендіруін құрастыру

V. Компиляция құралдары

VІ. Қорытынды

VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Карталардың түпнұсқаларын құрастыру және басып шығаруды дайындаумен байланысты операциялар. Картаны құрастыру процедураларына редакциялық және дайындық жұмыстары, құрастыру, картаның түпнұсқаларын басып шығаруға дайындау ( картаны жобалау ) жатады .

Редакциялық және дайындық жұмысы картографиялық бастапқы материалдарды жинауды, жүйелеуді, зерттеуді және ғылыми түрде жинақтауды қамтиды . Картаның мақсаты мен сипатына қарай картаның монтаждық моделі жасалып , бейнелеудің масштабы , картографиялық проекциясы және картографиялық әдістері мен шартты белгілері таңдалады. Осы сұрақтар бойынша шешімдер картаны құрастыру , басып шығаруға дайындау және басып шығару кезінде қолданылатын әдіске арналған техникалық нұсқаулармен бірге редакциялау жоспарында немесе карта бағдарламасында сипатталады. Өңдеу жоспары графикалық диаграммалар сериясымен және түс үлгісі немесе автор үлгісі бойынша бөлім.                                                                                                                              Редакциялық және дайындық жұмыстары картографиялық проекцияны есептеумен , географиялық және координаталық торларды салумен және геодезиялық бақылау пункттерін енгізумен , карта шетіне іргелес жатқан аумақтарды , шекті бейнелеу және негізгі картографиялық материал .

Құрастыру – жинақты түпнұсқа ету үшін картографиялық мәліметтерді бастапқы материалдардан дайындалған базаға ауыстырудан тұрады.

Карталарды құру технологиялары

Ұсақ масштабты карталар əртүрлі картаграфиялық, статистикалық басқада дерек көздерін пайдалана отырып, камералық өңдеу жағдайында құрылады. Оларға аэроғарыштық түсірулер, гидрометеорологиялық бекеттер торлары сияқты тікелей табиғаттан алынған бастапқы деректер, картаның тақырыбы бойынша бұрын орындалған геодезиялық түсіру, картографиялық, физикалық жəне экономикалық-географиялық тағы басқа жұмыстардың материалдары жатады. Карталар мен атластарды құруға бұрын құрылған топографиялық жəне ұақ масштабты жалпы географиялық жəне тақырыптық карталардан, əртүрлі ста тис — тикалық анықтамалардан, кітаптар мен кестелерден басқа да еңбектерден алынған көлемі ірі деректерді өңдеу кіреді. Картаны құру оны жобалаудан, дайындау-саралау жұмыстарынан басталады. Олар картаның түпнұсқасын құруды жүзеге асыруды көздейтін барлық жұмыстарды ұйымдастыруды құмтамасыз ететін құжаттарды, ережелерді жасауды қамтиды. Карта бағдарламаларының рөлі. Картаны жобалау барысында картаның бағдарламасын (саралау жоспарын) құруға баса назар аударылады. Кез-келген картаның бағдарламасы оның атын, атқаратын қызметін, түрін, математикалық негіздерінің элементтерін, картаға түсірілетін материалдардың мазмұнын жəне оның рəсімделуін, жинақталу қағидалары мен дəрежелерін, географиялық құбылыстар мен нысандарды картада көрсететін бейнелеу əдістері мен кестетік нышандарын, картаны құруға қолданылатын негізгі дерек көздерінің тізімін, фототеруге қажетті жазулар дың көшірмесін, картаны жасаудың технолгиялық үрдісте рін қамтиды. Картаның кез-келген бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын кестелік қосымшалар төменде көрсетілген құрамдас бөліктерді қамтиды:
– картаның негізгі бөліктерінің картографиялық кескінделуін, жабдықтаушы элементтерін, қосмша карталарды, көлденең қимасызбалар мен диаграммалардың өзара орналасуын көрсететін құрастыру макеті; – маңызды репрезентивті телімдердегі картаның үлгілері; – əртүрлі аудандар үшін географиялық аудандастыру тəсілдері мен жинақтау үлгілері; – картаның мазмұнының барлық элементтеріне арналған шартты белгілердің үлгілері; – барлық элементтерінің жазу үлгілері. Бағдарламада бұдан басқа картаның мазмұнын ашуды қолдайтын пайдаланылатын барлық картографилық материалдар мен дерек көздерінің, географиялық нысандардың (өзен, көл, елдімекендер жəне тағы да басқалар), тізімі беріледі. Тақырыптық карталарды құру бағдарламасын жасауға картографтар мен қатар картаның тақырыбы мен түсірілетін аумаққа сəйкес географтар мен басқада мамандар қатысады. Мұндай мазмұн бағдарлама сапасының жоғары болуын, сонымен қатар, картаның дұрыс құрылып іс жүзінде кеңінен қолданысқа берілуін қамтамасыз етеді. Жетекші инженер-картограф бағдарламаны жүзеге асырудың барлық үдерістеріне жəне оның мазмұнының картада дұрыс енгізілуіне жауап беретін саралаушы болып табылады. Аэрофототүсіру материалдарын пайдаланып, топографиялық карталарды құру жəне жаңарту қағидалары. Топографиялық карталар уақыт өте келе ескіреді, табиғи жəне анторпогендік факторлардың əсерінен жергілікті жерге сəйкес келуден қалады. Қазақстан Республикасының барлық аумағы əртүрлі масштабты топографиялық карталармен жабылған жағдайда оларды жаңарту басты міндеттің бірі болуда. Оларды жаңарту мемлекеттік шекара өзгергенде, жаңа елдімекендер салынғанда, ірі шаруашылық нысандардың салынуына байланысты аумақ түрленген тағы басқа жағдайда жүргізіледі. Картаны жаңғырту масштабы біршама ірі, содан соң, барлық масштаб қатарын қамтиды. Топографиялық карталарды құру жəне оларды жаңарту төмендегі кезеңдерді қамтиды:
— техникалық жобасын құру; — аэрофототүсіру; — дайындық жұмыстары; — жоспарлы жəне биіктіктік жаңарту, геодезиялық жұмыстар; — аэрофотосуреттерді фотограмметриялық өңдеу; — изосызықтар жүргізу үшін картаның негіздерін дайындау; — аэрофотосуреттерді камералық дешифрлеу, фотограмметриялық əдіспен жергілікті жердің бедерін құру; — аумақта далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу; — картаның далалық түпнұсқасын рəсімдеу жəне оларды картаның басқа беттерімен үйлестіру; — картаның түпнұсқасын басып шығаруға дайындау; — картаның түпнұсқасын тексеріп саралау; — картаны типографияда басып шығару сатысы. Дайындық жұмыстары бұрын басылған карталар мен аэрофототүсірулерді жинап жүйелеуді, жергілікті жердің өзгеруін мұқият талдауды, жүргізілген жұмыстардың көлемі мен олардың бағасын анықтауды қамтиды. 1:10 000 масштабты карта үшін (1:12 000 жəне 1:14 000); 1:25 000 масштабты карталар үшін (1:20 000, 1:25 000 жəне 1:40 000) 1:50 000 масштабты карталар үшін (1:32 000, 1:35 000 жəне 1:64 000); маэрофототүсірілімдерді құрылатын немесе жаңартылатын картаның масштабына жақын етіп алады. Кейде екі масштабты суретке түсіруді қатар жүргізеді де біршама ірі масштабты түсірілімдер фотограмметриялық əдіспен өңделеді, ал ұсақтары далалық зерттеулерге қолданылады. Фотограмметриялық приборлар жергілікті жердегі түсіру жағдайларын жоспарлы жəне биіктіктік негіздермен байланыстыруға, немесе түсірілімдерден бағдарлайтын тірек нүктелерін анықтауға қолданылады. Тірек нүктелері қызметін жаңартылатын карталардағы өзгеріске ұшырамаған, жаңартылмайтын телімдерінде жазылған геодезиялық негіздеу нүктелері мен жер бедерінің биіктіктік белгілері атқарады. Тірек нүктелерін анықтау дəлдігі 0,1 мм құрайды.
Жаңадан құрылатын карталарда жергілікті жерді аэрофототүсіруден бұрын біршама жоғары сыныпты мемлекеттік геодезия лық тор қосынынан бастап тірек нүктелерін жиілендіру жұмыс тары жүргізіледі. Олар түсірілімдерде көрініп тұру үшін жергі лікті жердегі кескінді нысандар таңдалып алынады немесе тез танылатын арнайы белгілермен белгілейді. Нəтижесінде алын ған фотосұлба (план) топографиялық картаның дəлдігіне сəй кес келетін жергілікті жердің үлгісі болып табылады. Дайын бол ған фотосұлба көшіріліп одан əрі фотограмметриялық жəне дала лық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Аэрофотосуреттерді дешифрлеу картаны құру мен өңдеу барысында атқарылатын жұмыстардың негізгі тармағы болып табылады. Дешифрлеу үрдісінде фотосұлбада жергілікті жердің барлық құрамдас бөліктері мен нысандары сызылады. Алдымен аэрофотосурет стереоаспаптарда камералық жағдайда дешифрленіп, содан кейін аумақта қажетті приборларды пайдалана отырып, жергілікті жерде жаппай жəне бағыттық, жерүсті, аэро көру сияқты аумақты далалық зерттеудің барлық түрлері жүргізіледі.
Фотосұлбалар (пландар) жергілікті жерде тексеріледі. Сұлбадағы жергілікті жердегі нысандар кескіндерінің орнының ауытқуы 0,5 -1 мм аспауы тиіс. Буссоль тілінің магниттік ауытқуын құрылатын карта бетінде тең мөлшерде таралған 10-15 нүктеден анықтайды да ортақ мəнін оның бетіне жазады. Технологияға байланысты картаның түпнұсқасы картаны бастыруға дайындау цехында рəсімделеді. Компьютерлік технология қолданғанда, одан əрі көбейтіп бастыру үшін сандық деректер алынады. Картаның түпнұсқасын дайындаудың барлық кезеңдерінде құрылған картаның дəлдігі сараланып, сондай масштабта құрылған сол аумақты қамтыған карталар мазмұнымен мұқият салыстырылып тексеріледі. Кейде географиялық мақсатта фотосұлбамен үйлестірілген топографиялық картаның түпнұсқасы шығарлады. Олар фотокарталар деп аталады. Фотокарталарда топографиялық картаның кестетік салмағын сызықтық жəне масштабтан тыс элементтері, жергілікті жердің фотобейнесі болады. Елдімекендердің атаулары ғана жазылады. Олар топографиялық картадан көрнекілігімен ғана ажыратылады жəне жыл маусымдарындағы жергілікті жердің сыртқы ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан фотокарталарды тундра, орман, дала жəне шөл аймақтарында орналасқан аудандардың табиғатын оқып-үйрену мақсатында кеңінен қолданады. Олар географиялық топырақ, өсімдік, геологиялық карталарды құру барысында құбылыстар таралған аумақтың кескінін тексеруді жеңілдетуі мүмкін. Бірақ топографиялық картамен салыстырғанда оны пайдалануды шектейтін көптеген кемшіліктер бар. Басқа нысанның көлеңкесі жауып қалатындықтан фотобейненің біраз бөлігі көрінбейтіндіктен олар арнайы анықтауды қажет етеді. Сонымен қатар суреттің тығыздығы қосымша салмақ түсіруге кедергі келтіреді. Фотокартаны дайындау мерзімі топографиялық картаға қарағанда əлдеқайда қысқа. Қазіргі кезеңде ғарыштық түсірулер негізінде қолданып құрылған фотокарталар кеңінен қолданылып жүр. Олар түрлі-түсті жəне ақ-қара нұсқада шығарылуы мүмкін.

...

Скачать:   txt (56.7 Kb)   pdf (143.2 Kb)   docx (23.5 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club