Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жамбыл облысы “Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің аппараты”

Автор:   •  Апрель 18, 2022  •  Реферат  •  571 Слов (3 Страниц)  •  454 Просмотры

Страница 1 из 3

Жамбыл облысы “Сарысу ауданы

Жаңатас қаласы  әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  1. бөлімінде практикалық жұмысты бастадым. Халыққа қызмет көрсету орталығының  жұмыс барысымен таныстым.Халыққа қызмет көрсету орталығы -мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтінімдерді қабылдау және олардың нәтижелерін "бір терезе" негізінде беру,сондай-ақ республика заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерден ақпарат алу арқылы мемлекеттік қызметті электронды түрде ұсынуды ұйымдастыратын заңды тұлға. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызмет көрсету стандарттарымен танысып шықтым.
  2. Жетекшімнің нұсқауымен орталықтың өзіне өзі қызмет көрсету секторында  азаматтарға ақпараттық қызмет көрсетуді үйрендім.
  3. Жетекшімнің нұсқауымен практика барысында орталыққа жүгінген өтініш берушілерге ақпараттық көмек көрсеттім.Мен практика барысында Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан, шетелдік заңды және жеке тұлғалардан, азаматтығы жоқ тұлғалардан қолданыстағы заңнамамен көзделген құжаттарды рәсімдеуге және өтініштерді берумен, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді сонымен қатар орталықтарға жүгінген өтініш берушілерге ақпараттық көмек көрсеттім. Практика барысында www.egov.kz пен қалай жұмыс жасау керектігін терең меңгере алдым.
  4. www.egov.kz порталының ең тиімді жағы үйде отырып-ақ көптеген құжаттарды кезек күтіп ұзақ уақыт жұмсамай-ақ рәсімдеуге болады. Ол үшін ең алдымен әр жеке немесе заңды тұлға ИИН номері арқылы ЭЦП құпия кілт ашу керек. Практика барысында мен келген заңды тұлғаға құпия кілт ашу арқылы құжаттармен қамтамасыз ете алдым.
  5. алыққа қызмет көрсету орталығында негізгі міндеттерді іске асыру мақсатында орталықтың мынадай функцияларын атқардым :Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан, шетелдік заңды және жеке тұлғалардан, азаматтығы жоқ тұлғалардан қолданыстағы заңнамамен көзделген құжаттарды рәсімдеуге және өтініштерді берумен қабылдадым.  Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексердім. Құжаттарды уәкілетті органдарға оларды қарау, олар бойынша шешім қабылдадым және оларды тиісті рәсімдеу үшін мерзімінде беруді қамтамасыз еттім.
  6. Электрондық үкімет дамуының бүгінгі, төртінші кезеңі - түрлендірмелі кезең. Бұдан былайғы басты мақсат - азаматтарға қызмет көрсетудің мейлінше жылдамдығы. Сервис көмегімен тізімде берілген кез- келген мемлекеттік органдарға өтініш жазу мен жіберу мүмкіндігі берілді Бұл жерде өтініштің жеткізілуіне кепіл алуға, орындалу мәртебесін бақылауға және осы жерде порталға жауап алуға болады. Қызметті пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
  7. Орталық қызметкерлерінің міндеттеріне сәйкес жұмыстар атқардым :Өтініш берушілерге құжаттарды рәсімдеуге өтініштерді, әдетте "электрондық кезек" жүйесімен анықталатын кезектілік тәртібінде қабылдадым(талонға сәйкес). "Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесіндегі тізбеге сәйкес өтініштердің дұрыс толтырылуын және ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын тексердім. Өтініш қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендірдім.
  8. Орталыққа келген заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстар атқардым.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысының қаражаты және қозғалысы туралы ақпарат бердім. Анықтама бөлімінде нұсқаулықтар көрсеттім.
  9. ww.egov.kz "электрондық үкімет" порталында "Баланың туылғанын тіркеуге электрондық өтінім беру" туралы жаңа қызмет іске қосылды. Бұл жаңа туылған нәрестеге ЖСН және туу туралы куәлікті Онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді.Сондай-ақ "электрондық үкімет" порталында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің автоматтандырылған қызметтері іске қосылды. Практика барысында келген өтініштерге сәйкес анықтамалар бердім. Мекенжай анықтамасы бойынша :Туу туралы аңықтама, Мұрағаттық анықтама, Жылжымайтын мүлік кепілінің тізілімінен үзінді бердім.
  10. Келген тұтынушылардың өтініші бойынша анықтамалар бердім. Отбасылық жағдайы бойынша анықтамалар беру жұмыстарын атқардым,оның ішінде Некеге тұру туралы анықтама беру;Некеге тұру туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру;Жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар бердім.
  11. Электрондық үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі болып табылады. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға  мүмкіндік берген де дәл осы механизм. Азаматтарға арналған қызметтер бойынша жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу бойынша көмек көрсеттім,сондай ақ зейнетақы аударымдары туралы анықтама бердім.
  12. Оқу - өндірістік тәжірибе есебін толтырдым.Берілген тапсырмаларды тиянақты орындап, мекемедегі 3апталық оқу-өндірістік тәжірибесін жақсы орындап шықтым Қорытындылай келе,тәжірибе барысында www.egov.kz пен қалай жұмыс жасау керектігін және орталыққа келген заңды тұлғаларға қызмет көрсетуді терең меңгере алдым.

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (58.8 Kb)   docx (9.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club