Аральское море
Автор: kerimbekali1797 • Декабрь 9, 2018 • Реферат • 1,441 Слов (6 Страниц) • 893 Просмотры
Аральское море
Вмп=62,1 м Вб=63,9 м Вфт=11 м Нv=9м городская
История станции
Метеорологические наблюдения в городе Аральске организованы в 1884г.
Период наблюдений: с 1884-1911гг., 1912-1914гг., 1915г. по настоящее время.
Переносы: в ноябре 1925г., в 1931г., 15.12.1942г., 26.05.1952г., 30.11.1953г.
Название станции не изменялось.
По действующей классификации станция работает по программе II разряда.
Осадкомер Третьякова установлен 31.01.1953г.
Флюгер с тяжелой доской – в 1953г.
Физико-географическое описание
Станция Аральское море расположена в пустынной зоне, на северном берегу залива Сары-Чеганак, в 100м от его берега на высоте 7м от уровня воды и на расстоянии 2км к юго-западу от города Аральск.
Рельеф окружающей местности изрезан многочисленными барханами, в отдельных случаях достигающих высоты 5-8м, изредка поросших редким кустарником и типичной пустынной растительностью.
В 110м от метеостанции к югу расположено обмелевшее Аральское Море. Море разделилось на две части, малое море находится на расстоянии 45км. Большое море на расстоянии 110км. На юго-запад простирается пологое сухое дно Аральского моря, покрытое солью.
Древесная растительность отсутствует.
Тип растительности в районе станции – пустынный
Почва в окрестности станции песчаная с небольшим количеством щебня, покрыта редкой пустынной растительностью, которая уже в июне месяце полностью выгорает.
Механический состав – супесчаная.
Почвенный разрез не определялся.
Грунтовые воды на глубине 8-10м.
Метеорологическая площадка в 1884г. располагается в центральной части города Аральска, вблизи железнодорожной станции.
Сведения о ближайшем расположении метеоплощадки не сохранились.
В ноябре 1925г. метеорологическая станция перенесена на северо-восточную окраину города, у железнодорожной ветки Рыбтреста.
Ближайший залив Аральского моря расположен к юго-востоку в 1км (береговая линия залива направлена с юго-запада на северо-восток).
В 1931г. станция перенесена на 200м к северо-востоку от залива Культук.
Ближайшее окружение: к северу, северо-северо-востоку, северо-северо-западу в 250-300м – линия Оренбургской железной дороги с ответвлением в бухту; к западу в 250м начинается город Аральск, к югу в 5км начинается залив Аральского моря – Сары-Чеганак.
15 декабря 1942г. станция перенесена на берег Аральской бухты. В 100м к востоку расположен залив Култук, в 280м к западу – бухта.
Ближайшие строения расположены в 60-120м к северо-западу, западу, юго-западу и югу.
К 1952г. площадка со всех сторон застроена домами, а с января по 26 мая 1952г. площадка с трех сторон заложена штабелями из досок.
26 мая 1952г. метеоплощадка перенесена на 26м, на более открытое место.
30 ноября 1953г. станция перенесена на 6км к юго-западу, за город, на берег залива Сары-Чеганак и располагается в 100м к северу от берега, на высоте 7м от уровня воды, в 2км к юго-западу от города Аральска.
Ближайшее окружение площадки: в 80м к югу – обрыв к заливу в 7м. Редкие строения высотой от 4 до 7м расположены к западу на расстоянии 270м, к северо-востоку – в 120м, к востоко-северо-востоку – в 50м. Со всех других сторон горизонт площадки открытый.
Почва на метеоплощадке и на всех глубинах представляет собой плотно слежавшийся песок с примесью наносного ила. С глубины 1,5м в механической смеси большую часть занимает песок.
Метеорологическая площадка, размером 25Х28м, расположение приборов стандартное, соответствует требованию Наставления.
Численность населения в городе Аральск составляет 30327 человек. Площадь неизвестна.
Метеорологическая площадка открытая.
Арал теңізі
Вмп=62,1 м Вб=63,9 м Вфт=11 м Нv=9м қалалық
Станцияның тарихы
Арал қаласында метеорологиялық бақылау жүргізу 1884 жылы ұйымдастырылған.
Бақылау жүргізілген уақыттық кезеңдері: 1884- 1911жж., 1912- 1914 жж., 1915 жылдан бастап осы уақыт бойынша.
Көшірілген уақыттары: қараша 1925ж., 1931ж.,
15.12.1942ж., 26.05.1952ж., 30.11.1953ж.
Станция атауы өзгермеген.
Станция қолданылатын классификация ІІ дәрежелі бағдарлама бойынша жұмыс жасайды.
Третьяков жауын өлшегіші 31.01.1953ж орнатылды.
Физика географиялық сипаттамасы
Арал станциясы шөл зонасында орналасқан, Арал теңізінің солтүстік бөлігінде су айдыны Сары-Шығанақ бар, оның жағасынан 100 м және су деңгейінің биіктігінен 7 м және Арал қаласының оңтүстік-бастысынан 2 км арақашықтықта орналасқан.
Станция орналасқан аймақта жер бедері жекелеп алғанда биіктігі 5-8 м-ге дейін көптеген бархандармен кесілген, ал өсімдік жамылғысы сирек бұталар мен шөлді өсімдіктер кездеседі.
Метеостанцияның оңтүстігінен 110 м аралықта тартылған Арал теңізі бар. Теңіз екіге бөлінген, Кіші теңіз 45 шақырым, ал Үлкен теңіз 110 шақырым қашықтықта орын алады. Арал теңізінің оңтүстік-батысында теңіз түбі құрғап, тұз басқан.
Ағаш өсімдіктер жоқтың қасы.
Станция аумағында өсімдік жамылғысының түрі шөлді болып табылады.
Станция маңындағы топырақ жамылғысы құмды әрі аздаған қиыршық тасты болып келеді, ал шөлді өсімдік жамылғылары маусым айында қурайды немесе өртеніп кетуге ұшырайды.
Топырақ құрылымы ˗ сазды-құмды. Грунтты сулар 8-10 м тереңдікте орналасқан.
1884 жылы метеорологиялық алаң темір жол станциясына жақын, яғни Арал қаласының орталық бөлігін алып жатты. Бұл жақын орналасқан метеорологиялық алаңның мәліметтері сақталмаған.
1925 жылдың қарашасында метеорологиялық станция қаланың солтүстік-шығыс шетіне көшірілді. Арал теңізінің жақын орналасқан су айдыны оңтүстік-шығысқа қарай 1 км (жағалаулық су айдынының бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа өзгереді) алып отыр.
1931 жылы станция 200 м шығанақтан солтүстік-шығысқа көшіріледі. Мұнда солтүстікке қарай, яғни солтүстік-солтүстік-шығыс, солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 250-300 м аралықта Орынборлық темір жол желісі, батыстан 250 м Арал қаласы орын алса, оңтүстікке қарай 5 км жерде Арал теңізінің су айдыны Сары-Шығанық орналасқан.
1942 жылдың 15 желтоқсанында станция Арал шығанағына көшірілді. 1952 жылы алаңның барлық жағынан үйлер салынды. 1952 жылдың 26 мамырында метеоалаң 26 м біршама ашық жер ауданына көшірілді.
1953 жылы 30 қараша станция 6 км оңтүстік-батысқа, қала шетіне, Сары-Шағанақ жағалауына, және оның солтүстігінен 100 м орын алады, ол су деңгейінен 7 м биіктікте, Арал қаласынан 2 км оңтүстік-батыс аралығында орналасқан.
Метеоалаңдағы топырақ жамылғысының тереңдігінде нығыздалған құрғақ құм бар.
Метеорологиялық алаң ауданы 25x28 м, құралдар стандартты түрде және нұсқаулық талабына сай.
Арал қаласының қоныстанған халық саны 30327 адам.
Метеорологиялық алаң қазіргі таңда ашық түрде жұмыс атқарады.
Арал-Сырдария алабының су ресурстары — Сырдария өзенінің алабы 39° 23'—46° солтүстік ендік пен 61°-78°—24° шығыс бойлық бойында орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 800 км-ге, Батыстан Шығысқа қарай 1600 км-ге созылып жатыр. Жалпы өзен жүйесінің ағысынан арнасы бойынша ең шеткі нүктесіне дейін — 3019 км. Өзеннің су жинау алабының ауданы — 462 мың км².
Сырдарияның төменгі ағысы Қазақстан аумағында Қызылорда облысымен 218,4 мың км² аудан түзеп құлай ағып Арал теңізіне құяды. Сырдария өзен жүйесі Нарын, Қарадария, Келес және Арыс, сондай-ақ, солтүстік жағадағы шағын өзендерінің ағысын қосып алады.
Аудан географиясы
Тұран ойпатында орналасқан Арал теңізі жағалауында Көкарал, Көктырнақ, Барсакелмес, Құланды түбектері, Шевченко, Бутаков шығанақтары және Берг мойнағы орналасқан. Қарашоқы (283 м), Алтыншоқы су (209 – 247 м аралығында), т.б. таулар кездеседі.
Жер бедері, негізінен қоңыржай белдеудің Солтүстік Арал бөлігін алып жатқан жазық ландшафттан тұрады. Солтүстік-батысында біршама көтеріңкі, аласа келген қыраттар мен таулар орналасқан. Ең биік жері – Шевченко шығанағынан солтүстік-батыста жатқан тау (324 м). Бірнеше ірі құмды алқаптар бар. Олар – солтүстік-батысындағы Кіші Борсық құмы, солт-нде Баршақұм, орталығы бөлігінде Арал Қарақұмы. Арал теңізі жағалауында Көкарал, Көктырнақ, Барсакелмес түбектері, Чернышев, Шевченко, Бутаков, Сарышығанақ шығанақтары және Берг мойнағы орналасқан. Ауданның солтеңізінің құмды-төбелі өңірінде малға жайлы шұратты жерлер көп. Әсіресе қыстаулар (Бөбешік, Мейірман, Манасбай, Көкқабақ, Дөңгелексор, Науша, Шұрық, т.б.), жайлаулар (Қарабұлақ, Шағатай, т.б.) және құдықтар (Төртқұдық, Берді, Аймандай, Ұзақбай, Нұраөлген, Ақтан, Сабырбай, т.б.) орналасқан. Аудан аумағы геол. тұрғысынан Тұран плитасының мезозой-кайнозой шөгінділерінен түзілген. Оңтүстігінде Әмудария мегаантиклиналімен шектеседі. Шөгінділерінің қалыңд. 1000 – 1500 м-ден (шығысында) теңіз жағалауында 2000 м-ге жетеді. Ауданды екі бөліп Аралға құятын Сырдария өз. ағып жатыр. Оның атырауында аудандағы көлдердің басым бөлігі орналасқан. Ірілері: Қамыстыбас, Тұщыбас, Шөмішкөл, Ақшатау көлдері, т.б. Атырауынан біршама алыста жатқан көлдерге Жақсықылыш к. жатады. Жер асты суы солтүстігінде сәл кермек татиды (5 – 8 г/л), солтүстік-шығысында тұщы (1 г/л), орталығы бөлігі мен Сырдың атырауында сәл кермек және кермекті (3 – 5 г/л). Грунт сулары ауданның солтүстігінде 3 – 10 м, орталығы 2 – 3 м тереңдікте. Су қабаты негізінен құмдақты-сазды, кейде сазды-батпақты қабатта кездеседі. Аудан аумағында Арал – Сексеуіл артезиан алабы жайласқан. Артезиан суы альб-сеномен, және палеоген-неоген (негізінен, эоцен және палеоцен) қабатында. Солтүстік-шығысында артезиан суы 100 – 200 м, ортасында 200 – 300 м, теңіз жағалауында 20 – 150 м тереңдікте жатыр. Судың минералд. сәл кермектен (5-тен 50 г/л) тұщыға дейін (1 – 3 г/л) өзгереді. Аудан өте қуаң шөлді белдемде жатқандықтан оның топырағының басым бөлігі сұр, сортаңды сұр, құмды және тақыр тәрізді топырақтан тұрады. Сыр бойы (аңғары мен жайылмасында) шалғынды сұр, бозғылт сұр және батпақты-сазды топырақ қалыптасқан
Климаты
Арал ауданының климаты тым континенттік. Орташа ауа температурасы қаңтарда – 13 – 15°С, шілдеде 24 – 35°С. Жауын-шашынның мөлшері 100 мм-ге жуық. Аязсыз күндер саны 160 тәулік, қар жамылғысы жұқа (10 см), ол 80 күндей жатады. Вегетация кезеңінің жылдық температура жиынтығы солтүстігінде 3400 °C, оңтүстігінде 3800 °C. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. солтүстігінде 150 мм, оңтүстігінде 105 мм. Оның 80%-ға жуығы көктем мен күз айларына келеді. Атмосфера қуаңшылықтың орташа мөлшері 50 тәулік. Аудан өте құрғақ агроклиматтық ауданға жатады. Сондықтан гидротермиялық коэффицент 0,3-ті құрайды, яғни ылғалдылығы өте төмен аймаққа жатады. Аудан аумағында желдің басым бөлігі солтүстік-шығыс (22%) және оңтүстік-батыстан (18%) соғады. Қыста солт-тен соғатын жел 24%-ды құраса, жаздағы жел 26%-ды құрайды. Желдің жылдық орташа жылдамд. 4 – 4,5 м/с.
Жануарлар мен өсімдіктер
Аудан жерінде өсімдіктерден жусан, селеу, жыңғыл, сексеуіл, жиде, қамыс, т.б. өседі. Жануарлар дүниесінен құм қояны, сарышұнақ, қосаяқ, түлкі, қасқыр, қарақұйрық мекендейді. Жан-жануарлары зоогеография тұрғыдан Жерортатеңізі облысы, Иран-Тұран провинциясының Тұран округіне қарайды. Мұнда, негізінен, ақ бөкен, құм қояны, қарсақ, борсық, қамыс мысығы (мәлін) дала тышқандарының бірнеше түрлері мекендейді. Өзен-көлдерінде қаз, үйректердің бірнеше түрі мен туыстары, т.б. құстар ұя салады, кейбіреулері жыл бойы Сыр бойы мен теңіз жағалауында қалады. Ауданның өзен-көлдері балыққа бай.
...