Абай ауданы
Автор: ainur_a.m • Февраль 26, 2019 • Реферат • 284 Слов (2 Страниц) • 660 Просмотры
[pic 1]
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Рухани жаңғыру
Орындаған: Асылбекқызы Гүлім
Тексерген: Шыныбеков Болат
Тақырыбы : "Абай ауданы"
атты зерттеу жұмысына рецензия.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Елбасымыздың "Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру" бағдарламалық-мақаласының төңірегінде шағын зерттеу жұмысын жүргізген едік.Сондай бір туындылардың бірі Алина Сабинаның "Абай ауданы"атты зерттеу жұмысына рецензия жазбақшымын.Кіріспесінің басы жақсы басталған Абай ауданы туралы мағлұмат беріп өткен,бірақ тым ұзақ жазып жіберген,артық мәліметтер көп жердің ащы және сораң көлдері,аң құсы,кен байлықтары, жусаны мен өзендері керек емес деп ойлаймын.Тақырыптан ауытқып кеткен.Негізгі бөлімінде ой шашыраңқы түрде жазылған.Біресе Абайдың анасы мен жұбайлары туралы біресе Мұхтардың" Еңлік-Кебек" кесенесі туралы айтылады,енді бірде Шәкәрім туралы ой қозғалады.Абай ауданының тарихи маңызы бар ескерткіштері ,кесенелері туралы мәліметті жеткілікті түрде бере алған деп ойлаймын.Себебі 2 бет көлемінде кеңінен тоқталып жазған.Оқып отырған адамға толық ойын жеткізуге тырысқан.Осы тұста "Жарайсың" дегім келеді
Тарихи ескерткіштермен қатар тұлғаларда жазылу керек еді.Бірақ Абай ауданынан 7 ақ тұлға табылды дегенге мен әсте сене қоймаймын.Бұл жерде жазылған 7 тұлғада аттары ел аузында есімдері ел тарихында қалғандар.Меніңше бұларға ауыз толтырып айтатын мәлімет болғанына қарамай бір ауыз сөзбен шектеліп қалғаны дұрыс болмады.Абайды ақын деп,Шәкәрімді философ,Мұхтарды жазушы деп танытқаны болмады ,міне осы орайда көсіліп,қазақ тілінің жақұт маржандай сөйлемдерін пайдалана отырып оқырманды елең еткізетіндей жазуға болатын еді.Осымен Сабина бітірген тақырып қорытындыланбаған.Жалпы ең соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілуі керек еді олда жоқ.
...