Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы
Автор: Orynbassar Akhmet • Март 30, 2019 • Курсовая работа • 1,674 Слов (7 Страниц) • 896 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ -ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРІП ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТІЛДІК ДАЙЫНДЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
[pic 1]
3-МОДУЛЬ БОЙЫНША
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
ТАҚЫРЫБЫ: Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы
(НАТО)
104 - топ студенттері:
Бекбатырова Ә., Ахмет О., Джубатыров Н.,
Тілекбай Н., Шадет Ф.
Координатор Емельянова Елена Вячеславовна
Астана
2015[pic 2][pic 3]
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 НАТО-НЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ 4
1.1 НАТО-НЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ 4
1.2 ЯДРОЛЫҚ САЯСАТ 5
1.3 НАТО-НЫҢ АУҒАНЫСТАНДА ЖҮРГІЗГЕН ОПЕРАЦИЯСЫ 6
2 НАТО ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН 7
ҚОРЫТЫНДЫ 8
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 9
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Бүгінгі таңда НАТО – ның әскери бақылаулар , стратегиялық жоспарлау , шұғыл тәртіптегі әскери достық , тактикалық және стратегиялық деңгейде барлауды іске асырып келуі бәрімізге мәлім . НАТО халықаралық қауіпсіздік құрамында негізгі орын алып отыр . НАТО – ның стратегиялық икемділігі жан – жақты үйреніп және оның ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заманауи қадамдар ерекше ғылыми қызығушылықтарын танытып келуде. Қазіргі саясат көрсетіп отырғандай, НАТО бүгінде БҰҰ-ның бейбітшілік орнату қызметін арнайы жағдайларда , бұған қажетті халықаралық нормативті – құқықтық негіздер принципіне сүйенбей – ақ орын алып келеді.
НАТО халықаралық қауіпсіздік құрамында негізгі орын алып отыр. НАТО-ның халықаралық ортада сапалы өзгеру нәтижесінде сыртқы ықпалда қалуы, халықаралық процестің күшті факторлары ретінде әрекет етуде. НАТО халықаралық қауіпсіздікті бей – жай қалдырмау үшін құрылды. Қазіргі таңда әрбір мемлекеттің тәуелсіздігін , тыныштығын, яғни терроризмге жол бермеуі қоғамда өзекті мәселе болып қарастырылады.
Ал, осы тыныштықты сақтайтын бірден бір ұйым Солтүстік Атлантикалық Келісім (НАТО) болып табылады. Осы айтылған мәселелер тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты Халықаралық және аймақтық шиеленітерді шешудегі НАТО-ның стратегиясын зерттеу
Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:
- НАТО-ның құрылу тарихын зерттеу;
- НАТО-ның экономикалық статистикасын талдау;
- НАТО-ның қарулы күшін анықтау;
- НАТО-ның Ауған жерінде жүргізген опреция салдарын анықтау;
- Қазақстанның Солтүстік Атлантикалық Келісім ұйымымен қарым-қатынастарының маңыздылығын ашу.
- Дүниежүзілік әскери НАТО ұйымы Қазақстан мемлекітне қосатын маңызды рөлін сауалнама арқылы саралау.
Зерттеу әдістері: сипаттау, талдау, синтез, синхронды, салыстыру
Күтілетін нәтиже: Еуразия континентінде өткен «суық соғыстың» аяқталуы мен қайта құрылуы НАТО – ның әскери – саяси стратегиясын дамуына ықпал ете алмады. НАТО жаңадан құрылған елдермен қатынастарды дамытып, жаңа саяси жетістіктерге бейімделуі ауыр жағдайларға жеткізді. Сондықтан, НАТО –ның өзекті мәселесін қарастыра отырып, болашақта белгілі бір нәтижеге жетеді деп ойлаймыз.НАТО-ның ядролық саясатын, экономикасын, сонымен қатар Ауған жеріне келтірген зардабын анықтай отырып, қоғамда жаңа ой калыптастырады деген ойдамыз.
Жұмыстың құрылымы: ғылыми жоба тезистен , кіріспеден, негізгі 2 тараудан,сауалнамадан және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 НАТО-НЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Еуропaдaғы қaуіпсіздік сaлaсындaғы беделді ұйымдaрдың бірі Солтүстік Aтлaнтикaлық Шaрты Ұйымы 1949 жылдың 4 сәуірінде Вaшингтон қaлaсындa 12 мемлекеттің (AҚШ, Ұлыбритaния, Нидерлaнды, Фрaнция, Бельгия, Люксембург, Кaнaдa, Итaлия, Португaлия, Норвегия, Дaния және Ислaндия) бaсшылaры өз aлдынa БҰҰ Жaрғысының мaқсaттaры мен қaғидaлaрын бaсшылыққa aлa отырып, бaрлық елдер және үкіметтермен бейбітшілікте өмір сүру, осы aймaқтa тұрaқтылықты нығaйту мен xaлықтың әл-aуқaтын aрттыру, бейбітшілік пен қaуіпсіздікті сaқтaу мaқсaттaрын aлғa қойып, Солтүстік Aтлaнтикaлық Шaрты Ұйымының Жaрғысын бекітті. Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүше. Сонымен қатар 22 мемлекет «Бейбітшілік үшін серіктестік» аясында серіктес болып табылады. НАТО осы ұйымға кіруге ұмтылатын немесе осы ұйым саясатын қолдайтын бірқатар еуропалық мемлекеттермен «Бейбітшілік үшін ынтымақтастық» деп аталатын келісімге қол қояды[1].
...