Ацетальдегидті ацетиленді гидратациялау арқылы алу
Автор: Aidos9 • Сентябрь 14, 2021 • Реферат • 678 Слов (3 Страниц) • 815 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Химия және химиялық технологиялар факультеті
Реферат
Тақырыбы: "Ацетальдегидті ацетиленді гидратациялау арқылы алу"
Орындаған: Нурғалиев А.А
Тексерген: Ташмухамбетова Ж. Х.
Алматы, 2021ж
Ацетальдегид (сірке альдегиді) - өткір иісті, суда және органикалық еріткіштерде жақсы еритін, түссіз сүйықтық. Ацетальдегид - түссіз, тыныс тарылтатын күшті иісі бар сұйық зат. Қайнау температурасы - 20,8°С, балқу температурасы - 124°С, тығыздығы - 783 кг/m³. Су, спирт және эфирмен қандай мөлшерде болса да араласа береді. Уытты зат.
Ацетальдегид ең алғашқыда шведтік химик – фармацевт ғалымы Карл Вильгельм Шееленінің көзіне түскен болатын (1774), одан кейін француз химиктері Антуан Француа мен Луи Николя зерттеді (1800), 1821-1835 жылдар аралығында неміс ғалымы Либих зерттеп оған альдегид деген ат берген , кейін оның аты ацетальдегидке ауыстырылған.
Өнеркәсіпте ацетиленді гидратациялау және этанолды ауадағы оттекпен катализатордың катысуында тотықтыру арқылы алады. Ацетальдегидті соңғы кезде этиленді судағы ерітіндісінде PdCl2 және СuСl2 катализаторларыньщ қатысуында тотықтыру арқылы алып жүр:
СН2 = СН2 + 2Н20 + PdCI2—► СН3 - СНО + 2HC1 + Pd
[pic 2][pic 3]
Өнеркәсіп көлемінде ацетальдегидтен сірке қышқылын, этил спиртін, бутадиен, альдоль, ацетальдар және т.б. заттарды алады. Формальдегид секілді ацетальдегид те фенолдармен жөне аминдермен конденсацияланып, пластмасса өндірісінде қолданылатын синтетикалық смолалар түзеді. Аздаған күкірт қышқылының әсерінен ацетальдегид полимерленіп, паральдегид, ал төмен температурада — метальдегид түзеді.
Ацетальдегид өндірудің негізгі шикізаты ацетилен мен этилен болып табылады. Ацетиленнен ацетальдегид екі жолмен:
- сұйық фазада сынап катализаторында тура гидратациялау арқылы немесе бу фазасында қатты кадмий катализаторында ;
- төменгі қаныққан спирттердің винил эфирі арқылы алынады.
Ацетальдегидті этилен арқылы:
- этанолды каталитикалық дегидрлеу немесе оны тотықтырып дегидрлеу;
- қатты палладий катализаторында этиленді тура тотықтыру сияқты екі жолмен алады;
Ацетальдегид ті өндірісте алу жолдары келесі суретте көрсетілген: [pic 4]
Ацетальдегидті алудың өндірісте кең тараған түрі ацетиленді Кучеров реакциясымен гидратациялау əдісі болып табылады. Гидратациялау үрдісі катализатор сынап сульфатының қатысуымен жүреді. Бірінші сатыда тұрақсыз винил спирті түзіліп, ол тез арада сірке альдегидіне изомеризацияланады:
...