Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Табиғат көріністерімен қатар суреттеп алу арқылы іштегі сезімнің сырын, махаббаттың күйін жырлайды

Автор:   •  Май 23, 2021  •  Практическая работа  •  736 Слов (3 Страниц)  •  434 Просмотры

Страница 1 из 3

                                                             ОҚАСОВА ЕРКЕЖАН

 «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіне талдау

Тақырыбы:

Табиғат көріністерімен қатар суреттеп алу арқылы іштегі сезімнің сырын, махаббаттың күйін жырлайды.

Идеясы:

 Өлеңнің бастапқы шумақтарына назар салсақ, түнгі табиғат суреттерін шеберлікпен өрнектегенін байқаймыз. Алайда, өлең табиғат лирикасымен қатарластыру арқылы алғашқы, пәк махаббатты жырлайды. Лирикалық кейіпкер сол бір айлы түндегі ғашықтардың кездесу сәтін еске алады. Өлең жолдарын оқыған сәтте сағыныш жайлы сөз қозғалмаса да, өлеңнің соңғы шумақтарынан сағыныштың лебін сеземіз.

Пафос:

Кейіпкерлердің сезім толғаныстары айналада болып жатқан жалпы суреттерімен астасып жатқан тәрізді. Түнгі табиғаттың көрінісі де  жүректегі тыныштықтың сезімнің еркіне қарай ығысқанынан хабар беретіндей. Сезім ештеңеге бағынбай, дем алысы қиындаған, бір суынып, бір ысынған, сөз айта алмай, дүрсілдеген жүректен, алабұртқан көңілден пафосты байқаймыз. Лирикалық кейіпкер сол бір кезін мұңды сағынышпен еске алып, кіршіксіз көңіліндегі сол бір қимас пәк сезімді аңсайды. Буырқанған, қанды тасытып, жүректерді дүрсілдеткен сол бір шақты сағынышпен тоғыстырады.

Образдар жүйесі:

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

- деп келетін жолдардан екі ғашықтың бір-бірімен жолыққан сәтін байқаймыз. Сөз айта алмай бөгеліп, дүрсіл қаққан қыз жүрегі өлеңде ашып айтылмаса да, айқын көрініп тұр. Қыз бен жігіттің  оңашада оқшауланып, кездесуінен екі жас бейнесін көрсек те, бұл жерде лирикалық қаһарман және оның жүректегі сезімі, мұңы, сағынышы ғана бар.

Композиция, оның мазмұндылығы:

Шуақты түннің аясында, табиғаттың баяу үніне қосылған үрген ит пен айтақтан таудың жаңғырғаны екі жастың кездесуінен хабар береді. Жолын тосып жүрген жас жігіттің қызды күткені, таймаңдамай тамылжып келе жатқан қыздың бейнесі, ұрлана келіп, әлденеден шошынып, елеңдегені – тұтас сурет болып елестейді. Міне, осы көрініс, осы бір сәттегі оқиға арқылы лирикалық кейіпкердің жан дүниесін түсінеміз, сеземіз. Лирикалық кейіпкердің сезім күйін ашу үшін қыз бен жігіттің сол бір айлы түндегі бейнесі алынған.

Адресат:

Лирикалық кейіпкер сол бір пәк сезімді еске ала отырып, қызға өзінің сағынышын, мұңын көрсетеді. Лирикалық кейіпкер адресатқа бастан өткен сезімінен сыр шертеді. Адресат – өзі желсіз түндегі жарық айда кездескен ару. Өлең жолдарында риторикалық сұрауларды пайдалана отырып, қызға ескі күндердің тәтті естеліктерін баяндайды, сұрақтарына жауап іздейді.

Тілдік құралдар, олардың идеяға бағыныштылығы:

Эпитет: желсіз түн, жарық ай, қалың ағаш, құлпырған жасыл жер, терең сай;

Кейіптеу: сәулесі суда дірілдеу, жапырақтардың сыбырласуы, тау жаңғырып, ән қосуы.

...

Скачать:   txt (8.9 Kb)   pdf (77.7 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club