Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

V В топша элементтері

Автор:   •  Сентябрь 20, 2021  •  Реферат  •  817 Слов (4 Страниц)  •  1,479 Просмотры

Страница 1 из 4

Тақырыбы: V  В топша элементтері.

Элементтердің жалпы сипаттамасы: Периодтық жүйенің V B топшасы элементтерін ванадий V, ниобий Nb жəне тантал Ta құрайды. Бұл d-элементтері, электронды аналогтар. Бұл топшаға 105-інші элемент – нильсборий Nc да кіреді. Алғаш рет нильсборий изотопы 1979 жылы кеңес ғалымдары жəне америкалық ғалымдар бір-бірінен тəуелсіз жасанды жолмен алды. Нильсборий химиялық қасиеттері жағынан танталға ұқсас екені анықталды, алайда нильсборий мен оның қосылыстарының қасиеттері аз зерттелген. V B топшасы элементтерінің валентті электронды конфигурациясы – (n-1)d3ns2. Ниобий атомында электронның «секіруі» байқалады, бір электрон сыртқы энергетикалық деңгейден соңғы деңгейдің алдындағы деңгейдің d деңгейшесіне өтеді, алайда бұл топшаның элементтерінің барлық атомдарында валентті электрондардың жалпы саны беске тең болады. Ванадий, ниобий жəне тантал атомдарының электрондық құрылысына сəйкес, өзінің қосылыстарында тотығу дəрежелері +1- ден +5-ке дейін көрсетеді. V B топшасы элементтерінің негізгі сипаттамалары 19-кестеде берілген.

V В топшасының элементтерінің жалпы сипаттамасы.

Элементтің сипаттамасы 

V 

Nb 

Ta 

Реттік нөмірі

23

41

73

Салыстырмалы атомдық массасы

50,94

92,91

180,94

Табиғи изотоптары

50V,51V

93Nb

180Та,181Та

Сыртқы жəне оның алдындағы d деңгейшесінің құрылысы

3d34s2 

4d45s1 

5d36s2 

Атомдық радиусы, нм

0,134

0,145

0,146

Иондық радиусы Э(+5), нм

0,040

0,068

0,068

ОЭО

1,9

1,7

1,6

Тотығу дəрежелері

+2,+3,+4,+5

+2,+3,+4,+5

+2,+3,+4,+5

Жай заттар: Тығыздығы, г/см3 

5,96

8,57

16,69

Т. балқу, ºС

1900

2470

2999

Т. қайнау, ºС

3450

4930

5425

Ванадий

          Таралуы: Жер қыртысында ванадийдің мөлшері көбірек, оның массалық үлесі 0,015 %-ды құрайды. Ванадийге бай кендер өте аз, ол шашыранды элемент. Ванадий темір, титан жəне басқа да металл кендерінің құрамында болады.

        Физикалық қасиеті: Ванадий – күмістей ақ сұр түсті металл, созылғыш, алайда оның созылғыштығы металдың құрамында бейметалл (оттек, азот) қоспаларының болуынан төмендейді.         

        Химиялық қасиеті: Қарапайым жағдайларда ванадийдің беттік қабатында оксидті қабықшаның түзілуіне байланысты химиялық белсенділігі төмен. Қыздырғанда ол кейбір бейметалдармен əрекеттеседі:

4V + 5O2 = 2V2O5

2V + 5F2 = 2VF5

Бөлме температурасында ол тек фторсутек қышқылында ғана ериді. Сонымен қатар қыздырғанда концентрлі күкірт жəне азот қышқылдарымен де əрекеттеседі:

2V + 10HNO3 = V2O5 + 10NO2 + 5H2O

Тотығу дəрежелері +4 жəне +5 болатын ванадий қосылыстары ең көп тараған. Ванадий (V) оксиді V2O5 – қызыл түсті кристалдық зат, улы, қышқылдық оксид, алайда күшті қышқылдармен əрекеттесіп, əлсіз негіздік қасиет те көрсете алады.

V2O5 сумен əрекеттескенде қышқылдар түзіледі: HVO3 – метаванадий қышқылы; H3VO4 – ортованадий қышқылы жəне H4V2O7 диванадий қышқылы.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (100.5 Kb)   docx (11.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club