Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шаш үлгісінің негізгі элементтері

Автор:   •  Октябрь 4, 2020  •  Реферат  •  594 Слов (3 Страниц)  •  1,472 Просмотры

Страница 1 из 3

Шаш үлгісінің негізгі элементтері

Айырым - шаштың ең таралған элементі; бастың шаш жабының тең немесе тең емес екі бөлікке бөлетін тура линияны білдіреді. Айырымдар тура, бүйірлік және фигуралық болуы мүмкін:

■ тура айырым бастың шаш жабының екі тең бөлікке бөледі;

■ бүйірлік айырым бастың шаш жабының бірдеу емес екі бөлікке бөледі және көбінесе маңдай ойығынан бастың ең жоғары нүктесіне дейін;

фигуралық айырым түрлі суреттерді қалыпастырушы бірнеше тура сызықтардан тұрады.

Жартылай айырым - айырымның қысқартылған сызығы. Ол солайша тура, бүйірлік немесе фигуралық болады.

Толқын - байыпты иілген және екі жағынан кронмен шектелген шаш үлгісінің бөлігі; крон - толқынның ең жоғарғы сызығы, мұнда шаштар өзінің бағытын керіге ауыстырады. Крон жоғары және төмен, жіңішке және кең болады. Крон неғұрлым жіңішке және жоғары болса, шаш үлгісі соншалықты көп тұрады.

Бетке қатысты толқындар шығатын және кері болады. Айырымға қатысты толқындар тура, қисық және көлдеңен болады.

Бұрым - түтікше немесе сақина қылып бұйраланған шаш тұтамы. Баста орналасуы бойынша бұрым тік, көлденең, түсіңкі, жайпақ және көлемді болып бөлінеді.

Шаш үлгісінің пластикалық қасиеттерін жеткізу үшін сипаттайтын элементтерін қарастырайық. Әдетте шаш үлгісін пішінге келтіретін элементтер қатысады:

■ қысқа шаш үшін – шашты жинақтау әдісіне қарай бұрынырақ қарастырған технологиямен түрленше бұйраланған шаш (бұйра, бұрым, толқындар);

■ ұзын шаш үшін – элементтердің жеке түрлері: бұрау, түйін, өрулер, мүсінді бұрымдар, валик пен топ шаш  

Бастапқыда шаш үлгісінің бұл элементтерін жеке жасау технологиясын түсіну қажет, ал содан соң таңдаған пішін үлгісінде орындау керек.

Бұрау - тұтам шашты тығыз әр жақа бұрау. Бір, екі жіне үш тұтам шаштан, өзара бұрап жасалады.

1 нұсқа: тұтам шаш алынады, тұтам шаштың тартуын азайта келе қалаған жаққа барынша қатты бұрайды, нәтижесінде «серіппе» бұрау пайда болады. Сонымен, ілмек элементі немесе «қаракуль» тәрізді болады.

2 нұсқа: екі бірдей бір жақты етіп (оңға немесе солға), ал кейін өз арасында қарама қарсы бағытта бұралған тұтам шаштан орындалады .

Түйін – түйінге оралған тұтам шаш. Бір тұтам шаштан бірнеше түйін, егер ұзындығы қолайлы болса басқа тұтам шашты қоса отырып жасайды.

...

Скачать:   txt (7.5 Kb)   pdf (107 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club