Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кiшi мектеп жасындаfы окушынын ойлау кабiлетiн дамытуда логикалык есептердi пайдалану Әдiстемесi

Автор:   •  Декабрь 6, 2018  •  Реферат  •  2,050 Слов (9 Страниц)  •  673 Просмотры

Страница 1 из 9

КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДА ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Бұл мақалада бүгінгі қарқынды дамыған қоғамда жеке тұлғaны қaлыптaстыруды көздеген бiлiм беру жүйесiне қoйылaтын тaлaптaрдың күшейтілуі және сoл тaлaптaрдың бiрi oқушының oйлaу қaбiлетiн дaмыту болып табылатындығы туралы айтылған. Ал оқушының ойлау қабілетін дамытудың бірден бір жолы – логикалық есептерді қолдану деп есептей келе бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, логикалық есептерді шығару арқылы оқушыны жан-жақты дамыта отырып, нәтижеге бағытталған білім беруге болатындығын зерттеп, қорытынды жасағандығы туралы сөз қозғалған.

Кілтті сөздер:кіші мектеп жасы, ойлау қабілеті, логикалық есеп, математикалық софизм,потенциалдық мүмкіндік, эвристикалық тәсіл.

КІРІСПЕ

Бүгiнгi тaңдa Қaзaқстaн Республикaсының қoғaмдық өмiрiнде жүрiп жaтқaн демoкрaтиялық өзгерiстерге бaйлaнысты белгiлi әлеуметтiк шaрттaрды ескере oтырып, жеке тұлғaны қaлыптaстыруды көздеген бiлiм беру жүйесiне қoйылaтын тaлaптaр күшейе түсуде. Сoл тaлaптaрдың бiрi oқушының oйлaу қaбiлетiн дaмыту болып табылады. Ал оқушының ойлау қабілетін дамытудың бірден бір жолы – логикалық есептерді қолдану деп есептейміз.

Логикалық есептер математикалық жаттығулардың бір түрі ретінде көптеген кеңестік және шетел зерттеушілерінің тақырыбы болып табылады. Осы жұмысқа математиктер мен педагогтардың жұмыстары арналған: Л.Пизанский (Фибоначчи), Д.Кардано, П.Ферм, В.Лейбниц, Л.Эйлер, К.Гаусс, И.Краснопольскй, В.И.Обреимова, Е.И.Игнатьева, Я.И.Перельман. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың логикалық есептер арқылы ой операцияларының даму проблемасына көп көңіл бөлген психологтар: Л.С.Выготский, Ж.Пиаже, Д.Б.Эльконин, Н.П.Аникеева және т.б. Заманауи зерттеу жұмыстары М.Гарднерге, Г.В.Полякке, Д.Пойаға, Ю.М.Колягинге, Л.М.Фридманге тиесілі және олар логикалық есептердің шешу жолдарының сұрақтарын қарастырған [1].

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазіргі мектеп курсында оқушылардың логикалық сауаттылықтарын тәрбиелеуді бірыңғай мазмұнды әдістемелік тұрғыда құрудың үлкен мүмкіндігі бар екендігін көрсете отырып, бастауыш сынып оқушыларының меңгеруге тиіс мынадай логикалық білім мен дағдылар көрсетіледі:ұғымдарға анықтама бере білу; анықтаманың жәрдемімен ұғымдарды тани алу; ұғымдарды жіктей білу; логикалық байланыс жасайтын сөздердің мәнін ажырата білу; пайымдаулар кезінде жіберілетін қателіктерді таба білу; сипаттау; пікір айту; тәсілдерін меңгеру болып есептеледі. Осы аталған білім мен дағды негізінде оқушыларды дұрыс ойлай білуге, ойды жүйелі жеткізе білу дағдылары қалыптастырылады. Сондықтан ой дамытудың логикалық амалдарымен байланысты болады: мәселені талдауға, жалпылауға, нақтылауға, қажетті және жеткілікті шарттарды көрсете білуге, ұғымдарды анықтау, пайымдаулар мен ой қорытындылар жасауға т.б. Алдымен оқушыларды танымның әдістерімен, логикалық амалдары және тәсілдерімен таныстырудың жолдары анықталды[2].

Көп жылдық педагогикалық тәжірибе барысында жинақталып тексерілген математикалық есептер зейін, қабылдау, қиял, бейнелік және сөздік логикалық ойлау, көру және есту арқылы болатын ес және т.б. сияқты психикалық іс-әрекеттердің әртүрлі жақтарын нәтижелі дамытуға мүмкіндік береді. Әдістемелік әдебиеттерде дамытатын есептер арнайы атауға ие болды. Олар: зеректік есептер, тапқырлық есептер және т.б.

Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер деп атаймыз.

Логикалық есептер – бұл нақты мәні берілмеген, есепті шартты математикалық заңдылықтар арқылы орындау.

Логикалық есептерге қызықтыру, айшықтық, есеп шартының және шығару барысының ерекшелігі тән, олар бала қызығушылығының механизімі болып, кіші мектеп жасындағы оқушылардың қызығушылығын жоғары деңгейдегі

...

Скачать:   txt (27.9 Kb)   pdf (64.9 Kb)   docx (20.2 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club