Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Байғанин ауданының ішкі туризмін дамытудағы тарихи-мәдени мұралардың рөлі

Автор:   •  Март 19, 2018  •  Реферат  •  19,117 Слов (77 Страниц)  •  1,085 Просмотры

Страница 1 из 77

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Тарих факультеті

«География» кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

БАЙҒАНИН АУДАНЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        

050116 – География мамандығы

Орындаған: «География» мамандығының 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Әбденов А.Ж. т. ғ. к., аға оқытушы

Рецензент: 

Қорғауға жіберілді:____________

Кафедра меңгерушісі, г.ғ.к., доц. Кубесова Г.Т.

«_____»___________2013 ж.

Ақтөбе, 2014

                                     

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.............................................................................................................3

1 Ақтөбе облысының Байғанин ауданы туралы жалпы мәліметтер.........................................................................................................6

1.1 Байғанин ауданының географиялық орны, табиғаты...............................6                                                              

1.2  Байғанин ауданының тарихы....................................................................11

1.3 Ауданның жер-су атауларының ерекшеліктері.......................................36

2 Байғанин ауданының ішкі туризмін дамытудағы тарихи-мәдени мұралардың рөлі.............................................................................................44

2.1. Байғанин ауданының тарихи-мәдени мұралары.....................................44

2.2. Ішкі туризмді дамытудағы тарихи-мәдени мұралардың рөлі ...............49

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................58

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ұлттық экономиканың тұрақты даму факторы ретінде туризм саласының тиімді қызмет етуі қарастырылады.  Қазіргі таңда Қазақстанда экономиканың табысты саласы ретінде, туризмге көбірек көңіл бөлініп, мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін қажетті деген барлық іс-шаралар жүргізілуде. Туризм табиғи ресурстарды тауыспайды, керісінше, экономиканың көптеген салаларының дамуын ынталандыратын мультипликативті  тиімі бар. Әрине, туристерге қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттар деңгейіне жету үшін туристік инфрақұрылымға көп капитал салынуы қажет, бірақ берілген инвестициялар стратегиялық және ұзақ мерзімді бола тұра болашақта минералды ресурстарды өндіруден де  асып түсетін  қомақты нәтиже береді[1].

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауларында экономиканың басым секторларын кластерлік дамыту мәселесінде туризм саласы бірінші тұр.  Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Шетел тәжірибесінен белгілі болғандай егер мемлекет тарапынан дұрыс және тиімді саясат жүргізілетін болса туризм өзін-өзі қамтамасыз ететін және де бұл нарықтың белгілі бір дәрежеде дамуына әкелетін жүйеге айналады. Бүкіл дүниежүзілік туристік ұйымының маркетингтік қызметтері зерттеулерінің мәліметтері бойынша Ақтөбе облысында туризмді дамытудың мүмкіндіктері мол. Осыған орай облыстың құрамындағы Байғанин ауданында да туризмнің дамуына көптеген мүмкіншіліктер бар. Олар негізінен табиғи  ресурстармен қатар тарихи-мәдени ескерткіштер. Бүгінгі таңда ауданда туризмнің инфрақұрылымы, сервис деңгейі нашар дамыған, екінші буындағы білікті туристік кадрлар жетіспейді, автомобиль жолдарының, көптеген мәдениет және тарих ескерткіштерінің қанағаттанғысыз жағдайы, туристердің аудан туралы хабарының аздығы, туризмнің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесінің жетілмегендігі, ауданның және ауылдарындағы экологиялық жағдайдың қолайсыздығы, бәрі-бәрі осы саланы тұралатып тұр. Шыны керек, туризм индустриясын дамыту сан-салалы жұмыстарды жолға қоюдан басталады. Ең бірінші біз өз өңірімізді шетелдіктерге барлық жағынан таныстыруымыз керек. Олардың қызығушылығын тудырып, туризмды дамыту туралы жаңа бағыттар ашуымыз керек. Сондықтан біз аудандағы инфроқұрлымды дамытып және туристік объектілерді, соның ішінде тарихи және мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануымыз қажет. Осы зерттеу жұмысымызда Байғанин ауданының туризімінің қазіргі  жағдайы және болашағы, оның дамуының ерекшеліктері, мәселелері мен оларды шешу жолдарын қарастырдық.

...

Скачать:   txt (261.9 Kb)   pdf (627 Kb)   docx (98.6 Kb)  
Продолжить читать еще 76 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club