Отчет по практике в ТОО Shoq.ai Group
Автор: aiymmur • Апрель 5, 2022 • Отчет по практике • 3,927 Слов (16 Страниц) • 542 Просмотры
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Физика-математика факультеті
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы
5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
мамандығының 4 курс(8 семестр) студенті
Мурзагалиева Айымгуль Сержановна өндірістік тәжірибе
ЕСЕБІ
Тәжірибеден өткен жері: «Shoq.ai Group» ЖШС
Тәжірибе жетекшілері:
Мекемеден: Ғалымов Д.Т. Кафедрадан: Дүйсеғалиева А.Д.
Ақтөбе-2022 ж
Жоспар
КІРІСПЕ
- Кәсіптік тәжірибе өтетін орынмен танысу
- Мекеменің жалпы сипаттамасы
- Мекеменің атқаратын қызметтері және бағыттары
- Өндірістік бөлімнің штаттық құрамы
- Мекеме бөлімдерінің арасындағы локальдық желі бойынша технологиялық қатынастарының жұмысын сипаттау
- Бағдарламалық жабдықтарды зерттеу
- Операциялық жүйе.
- Өңдеудің инструментальды жабдығы (инструментальная среда разработки).
- Желіге сипаттама беру
- Локальды желі;
- региональды, корпоративті желі;
- глобальды желі –Internet;
- E-mail-ды пайдалану.
- Кәсіпорынның бағдарламалық жасақтамасын зерттеу және қолданбалы бағдарламаларын сипаттау
- Бөлімнің ақпараттық жүйесін зерттеу (модулдері, мәліметтер қоры). Мекеменін сайтын зерттеу.
- Shoq.ai – ҰБТ дайындық бағдарламасына сипаттама беру
- 1С: Кәсіпорын бағдарламасына сипаттама беру.
- Мекеменің компьютерлік технологиялық жабдығы құрылымын меңгеру
- Мекеменің АЖ программалық қамтамасыз ету жағының әлсіз және күшті жақтары
- Өндірістегі жетекшінің берілген жеке тапсырмасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Кәсіптік тәжірибе білікті мамандарды дайындаудың маңызды кезеңі болып табылады. Ол оқу-көмекші процестің түрі болып табылады, оның барысында өндірісте теориялық білім бекітіледі. Практика өз бетінше кәсіптік қызметке мамандарды дайындау үдерісіндегі соңғы кезең болып табылады.
Мен, ЕТжБҚЕ-401 тобының студенті Мурзагалиева Айымгуль Сержановна өндірістік тәжірибені «Shoq.ai Group» ЖШС мекемесінде өткіздім. Өндірістік тәжірибенің өту аралығы 24.01.2022 ж. – 01.03.2022 ж. болды. Өндірістік тәжірибеден өтудегі негізгі мақсатым тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу болды. Сонымен бірге, қазіргі таңдағы жаңа технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.
...