Лекции по "Макроэкономике"
Автор: Карина Байтенова • Май 10, 2018 • Курс лекций • 115,054 Слов (461 Страниц) • 826 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ
А. Н. Доғалов Н. С. Досмағанбетов
МАКРОЭКОНОМИКА
Оңулық
Алматы, 2012
ӘОЖ 330 (075.8) КБЖ 65.012.2я73 Д54
Л. Н. Гумилев атындагы Еуразия ұлттъщ университетінің Ғылыми кеңесі ұсынган
Пікір жазгандар:
экономика ғылымдарының докторы, профессор Д. М. Маднярова; экономика ғылымдарының докторы, профессор А. Б. Майдырова.
Доғалов А. Н., Досмағанбетов Н. С.
Д 54 Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ А. Н. Доғалов, Н. С. Досмағанбетов - 2-бас., еңд. және толықт. - Алматы: ЖШС РПБК «Дэуір», 2012. - 416 б.
ІЗВЫ 978-601-217-304-8
Аталған окулықта макроэкономика пәнінің базалық сұрактары жан- жақты қарастырылған. Тақырыптық мәселелер теориялық тұргыдан ғана емес, өзін-озі тексеру сұрактары, жаттығулар, есептер, графиктер мен кес- телер, тест тапсырмалары, статистикалық деректер және негізгі ұгымдар комегімен де жатық түсіндіріледі.
Окулық оқыту жүйесінін кредиттік технологияеына негізделген. Эконо- мистер даярлайтын жоғары оқу орнының студенттеріне, оқытушыларға, сон- дай-ақ, макроэкономиканы өз бетінше оқитын оқырман қауымға арналады.
ӘОЖ 330 (075.8) КБЖ 65.012.2 я 73
© А. Н. Доғалов, Н. С.
Досмағанбетов, 2012 © ҚР Жоғары оқу орындарының І8ВЫ 978-601-217-304-8 қауымдастығы, 2012
«Макроэкономика» курсы - қазіргі уақытта өз алдына жеке пән ретінде жоғары білімді мамандарды дайындауда аса маңызды рөл атқаратын экономикалық теория ғылымының құрамдас бір бөлігі. Әсіресе, Еліміздің экономикасының бэсекелік қабілетті- лігін арттыруға байланысты алға қойылған жаңа белестерді ба- ғындыруда болашақ мамандардың инноваңиялық жетістіктерге негізделген сапалы білімі мен біліктілігі әрі экономикалық саясат- ты жасаудағы дайындықтары өте қажет-ақ. Сонымен қатар, осын- дай талаптар мен міндеттер Елбасының жыл сайынғы халыққа дәстүрлі жолдауларында, соның ішінде, «Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған елу елдің қатарына кіру» Стратегиясын орын- дауда көрсетілген тапсырмалардан туындайды.
Экономикалық теория ғылымын толық меңгеру үшін, оның бірінші бөлімі - микроэкономикалық талдау курсын оқумен қатар, оның екінші қүрамдас болімі - макроэкономика курсын міндетті түрде игеру қажет. Жалпы алғанда, макроэкономика теориялық пән ретінде кез келген ел экономикасының макроэкономикалық саясатын жасаудың негізі болып табылады. Сол себепті, қазіргі уақытта, отандық экономикалық саясатты қалыптастырып жүзеге асыруда макроэкономика курсын оқу жоғары оқу орындарында міндетті пәнге айналған.
Макроэкономика пәнін оқытудың ең басты бағыты - сту- денттердің кәсіби деңгейінің жоғарылығын камтамасыз ету, на- рықтық экономиканың жаңа тетіктерін терең түсіндіру, оны іс жүзінде қолдануға машықтау. Макроэкономика пәні студенттерді жаңаша ойлауға, олардың нарықтық көзқарасын, психологиясын қалыптастыруға тиісті. Мұндай мамандарды дайындауда аталған курстың орны ерекше, өйткені біздің пәннің танымдық және практикалық қызметтерді атқарумен қатар, басқа қолданбалы экономикалық пәндер үшін әдіснамалық рөлі жоғары.
Макроэкономика курсының басты мақсаты - студенттердің нарықтың және нарықтық бэсекелестіктің ұлггық экономика шеңберіндегі жаңа талаптарын меңгере алуына, олардың на- рықтық тұрғыдан ой түйіндей білуіне, экономикалық психоло- гиясын дамытуға және еліміздің экономикалық саясатын қалып- тастыруға өз үлестерін қосуына көмектесу.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді жүзеге асыру қажет:
- макроэкономиканың әдіснамалық мүмкіндіктері мен тәсіл- дерін игеру арқылы, оның негізгі түсініктері мен ұғымдарын түсініп, пәннің негізгі мәселелерін қарастырғанда оларды қол- дана білу;
- макроэкономика арқылы жалпы теориялық білім алып, оның қызметтік тетіктерін пайдаланудың тиімді жолдарын көрсете бі- лу. Әсіресе, фискалдық және ақша-несие саясаттары тетіктерінің әртүрлі үлгілердегі ерекшеліктерін ажырата білу арқылы, олар- ды тиімді үйлестірудің мүмкіндіктерін экономикадағы нақты жағдайды ескере отырып шешім қабылдауға даяр болу;
- нарықтық экономиканың Қазақстанда қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін терең түсіну арқылы, оны жетілдірудің жолда- рын қарастыра білу;
- макроэкономикадан алған білімді басқа нақты экономика- лық пәндерде және күнделікті тіршілікте қолдана білу;
- экономикалық білімді өз бетімен терең игеруге үйрету және дайындау.
Көрсетілген міндеттерді шешу үшін макроэкономикалық теория курсының мазмұнын озық ілімдерге сәйкес өзгерту және оларды оқыту үшін жаңа оқу технологияларын пайдалануды көздейміз, оларды оқу үдерісінде әрдайым қолданып отыруды қарастырамыз.
...