2017-2018 оқу жылындағы «Экономика және бизнес» факультетінің оқу-әдістемелік бюросының жұмысы жөніндегі
Автор: Naz0011 • Декабрь 6, 2018 • Лекция • 2,469 Слов (10 Страниц) • 929 Просмотры
2017-2018 оқу жылындағы «Экономика және бизнес» факультетінің
оқу-әдістемелік бюросының жұмысы жөніндегі
ЕСЕБІ
2017-2018 оқу жылында экономика және бизнес факультеті оқу-әдістемелік кенесі жұмысы жоспарға сай және факультеттің және кафедралардың жоспарларына сай жүргізілді.
2017-2018 оқу жылына факультеттің оқу-әдістемелік бюро құрамы бекітіліп келесі мүшелері кірістірілді: ОӘБ төрайымы – С.М.Есенгалиева, ОӘБ мүшелері болып факультеттің кафедраларының әдістемелік семинар жетекшілері – «Есеп және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы А.К.Джакупова, «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Кубашева, кафедралар меңгерушілері Ержанова Ж.К., Рустенова Э.А. және Экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Рахимгалиев Б.К. Осы оқу жылының 2 семестрінен бастап Экономика және менеджмент кафедрасы бойынша әдістемелік семинар жетекшісі болып Тапалова А.А. тағайындалды.
Экономика және бизнес факультетінде 2 кафедра қызмет етеді – «Экономика және менеджмент» және «Есеп және қаржы» кафедралары. Факультеттің ОӘБ отырыстарында мамандықтарға сай пәндерінің жұмыс бағдарламалары кафедра отырыстарында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып талқыланды. Келесідей бакалавр мамандықтары – 5В050600-«Экономика», 5В051100-«Маркетинг», 5В050700-«Менеджмент», 5В050900-«Қаржы», 5В050800-«Есеп және аудит», 5В051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мен 6М050600-«Экономика» және 6М051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» магистратура мамандықтары бойынша оқу үрдісін қамтамасыз ету бағытында біріңғай оқу бағдарламасымен оқу әдістемелік әдебиеттерімен қамтылуы сарапталып және жетіспейтін құжаттар жиынтығына кафедралар бойынша тапсырыстар берілді.
Факультет бойынша білім сапасын жоғарлату мақсатында сабақ берудің жаңа әдістерін көптеп қолдану және сабақ берудің әдістемелік бағытын жақсартуға бағытталған, оқытушылармен дайындалып, басылымға берілетін әдістемелік құралдардың сапасын арттыру мақсатында факультеттің үш кафедрасы бойынша әдістемелік семинарлар өткізу ұйымдастырылды және олар инновациялық білім беру технологиясына сай таңдап алынған тақырып бойынша жоспарланып құрып, соған сәйкес оқу жылы ішінде оқу-әдістемелік жұмыстарды атқарды.
2017-2018 оқу жылында факультеттің кафедралары бойынша әдістемелік семинарлар бұрын бекітілген тақырыптары бойынша жұмыс жалғастырылды:
- «Экономика және менеджмент» кафедрасының әдістемелік семинар тақырыбы: «ЖОО-ғы инновациялық қызметті ұйымдастыру әдістері – білім сапасын жетілдіру шарты ретінде».
- «Есеп және қаржы» әдістемелік семинар тақырыбы: «Қаржы» және «Есеп және аудит» мамандықтарының оқу пәндері бойынша оқытудың инновациялық-әдістемелік негіздері.
Экономика және менеджмент және Есеп және қаржы кафедралары бойынша әдістемелік семинар жұмысының жоспарлары бекітіліп, өзара сабақтарға қатынас кестелері, ашық сабақтарын өткізу кестесі мен оқу-әдістемелік құралдарын дайындап, баспаханадан шығару жоспарлары дайындалды. Факультет кафедралары бойынша әдістемелік жұмыстар кафедралар отырыстарында талқыланып, хаттамалармен бекітілді.
Оқу жылы ішінде оқу-әдістемелік бюро жұмысының жоспарына сай ОӘБ мүшелері кафедралар бойынша оқытушылармен оқу-әдістемелік құжаттардың сапалы және уақытында дайындалуына, студенттердің аралық және қорытынды бақылауындағы әдістердің мазмұны мен әдістеріне бақылау жүргізді. Аралық бақылаулар және сессиялар қорытындысы бойынша оқу-әдістемелік комиссия отырыстарында ОӘБ мүшелерінің қатысуымен студенттердің үлгерім нәтижелері қарастырылып, үлгерімді жақсарту мақсатында шаралар қолданылды.
«Экономика және менеджмент» кафедрасы бойынша 2017-2018 оқу жылының 1 және 2 семестрінде жүргізіліп отырған пәндердің ПОӘК-нің инновациялық толығуының қамтамасыз етілуі бойынша қазақша-орысша бакалавриат бойынша 133 пән, ал магистратура бойынша 22 пән ПОӘК дайындалған, олардың барлығында инновациялық формада сабақ жүргізілген. Яғни бұл кафедра сабақтарының 100%-ын құрайды деген сөз.
...