Ақша реформасы
Автор: Aida291296 • Январь 15, 2019 • Реферат • 1,241 Слов (5 Страниц) • 1,012 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Алматы технологиялық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ақша реформасы
Орындаған:Айтбекова А
Тексерген: Несипбеков Е
Алматы 2018
Ақша реформасы - ұлттық валютаны нығайту, ақша айналысын реттеу мақсатында елдің ақша жүйесін қайта құру. Ақша реформасының түрлері: ақшаның көрсетулі құнын сақтай отырып, оның жаңа үлгісін шығарып, ақша белгілерін толық немесе ішінара ауыстыру; ақша өлшемін ірілендіру нысанында деноминациялау; ұлттық валютаның бағамын өзгерту; девальвация — ұлттық валютаның бағамын төмендету; ревальвация — ұлттық валютаның бағамын көтеру. Ақша реформасын мемлекет айналысқа жаңа ақша белгілерін шығару және ескі ақшаны мәжбүрлеп алу жолымен жүзеге асырады. Өндіріс түрпаты немесе қоғамдық-экономикалық формация ауысқан кезде (феодализмнің алтын стандарты капитализмтұсында банкноттық және несиелік түрпатпен ауысты), сондай-ақ соғыстар мен төңкерістердің салдарынан қираған экономиканы тұрақтандыру кезеңінде ақша реформасы сөзсіз жүзеге асырылады.
Ақша реформасы толық немесе ішінара болады. Толық ақша реформасы (жаңа ақша жүйесін жасау) жаңа мемлекеттердің пайда болуына байланысты немесе бернеше елдердің ақша жүйесі біріктірілген жағдайда ұлттық акша жүйесінен тыс тұрған ақша жүйесін құру кезінде жүргізіледі (мыс., Еуропалық валюта одағы елдерінің бірыңғай ақша жүйесінің құрылуы). Iшінaрa ақша реформасы (ақша айналысын тұрақтандыру мақсатымен қолданыстағы ақша жүйесін ретке кел- тіру) кезінде әдетте ақша жүйесінің жекелеген элементтері өзгертіледі (мыс., ақша өлшемін шығару тәртібі, оның атауы, бағанын ауқымы, ақша белгілері немесе ақша-несиелік реттеу органдары өзгереді).
Ақша реформасы не үшін керек?
Ел экономикасының тиімділігін арттыру, елдегі ақша айналымын тұрақтандыру және ұлттық валютаның бағамын нығайту мақсатында мемлекет ақша жүйесін қайта құру арқылы ақша реформасын жасап отырады
Ақша реформалары елдегі жағдайға, жүргізіліп жатқан қайта құруларға және инфляция ырғағына қарай әртүрлі әдістермен жүргізіліп отырады. Қазіргі жағдайда дамыған елдерде ақша реформасының орынына тұрақтандыру жоспарлары дайындалып, орталық банктің ақша-несие саясатына сәйкес инфляцияға қарсы бағдарламалар жасалады. Сондықтан, ақша реформасы айналымға жаңа ақша бірліктерін енгізуден басқа, әрекеттегі несиелік қатынастар мен ақша-валюта жүйесін құрылымдық қайта құрумен де жүзеге асады. Оның өзі халық шаруашылығындағы ақшаның маңызын арттырады.
Ақша реформасының түрлері ақша жүйесін тұрақтандыру іс-шараларының көлеміне байланысты. Ақша реформасы толық немесе ішінара болады. Толық ақша реформасы (жаңа ақша жүйесін жасау) жаңа мемлекеттердің пайда болуына байланысты немесе бернеше елдердің ақша жүйесі біріктірілген жағдайда ұлттық акша жүйесінен тыс тұрған ақша жүйесін құру кезінде жүргізіледі (мысалы, Еуропалық валюта одағы елдерінің бірыңғай ақша жүйесінің құрылуы). Мұндай реформалар нәтижесінде мемлекеттік қаржылар сауықтандырылып, ел экономикасының нығайуына мүмкіншіліктер туындайды.
Iшінaрa ақша реформасы (ақша айналысын тұрақтандыру мақсатымен қолданыстағы ақша жүйесін ретке келтіру) кезінде әдетте ақша жүйесінің жекелеген элементтері өзгертіледі (мысалы, ақша өлшемін шығару тәртібі, оның атауы, бағанын ауқымы, ақша белгілері немесе ақша-несиелік реттеу органдары өзгереді). Ақша реформасының ішінара түрлері ақша төңірегіндегі жағымсыз құбылыстарды аластату мақсатында қолданылады.
Ақша реформасын жүргізудегі негізгі әдістер - нуллификация, ревальвация (реставрация), деноминация және девальвация. Яғни, ақшаның көрсетулі құнын сақтай отырып, оның жаңа үлгісін шығарып, ақша белгілерін толық немесе ішінара ауыстыру бойынша ақша өлшемін ірілендіру нысанында деноминациялау, ұлттық валютаның бағамын өзгерту бойынша девальвация (ұлттық валютаның бағамын төмендету) және ревальвация (ұлттық валютаның бағамын көтеру) жүргізіледі. Ал, жаңа ақша белгілерін шығару мақсатында нуллификация орындалады.
...