Промышленная практика программная и методическая версия
Автор: ainur2018 • Апрель 9, 2018 • Практическая работа • 2,886 Слов (12 Страниц) • 876 Просмотры
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
«Есеп және аудит» кафедрасы
[pic 1]
Бекітемін
«Экономика және басқару»
факультетінің деканы
Укубасова Г. С._________ «___»____________2017ж.
Өндірістік тәжірибе
бағдарламасы және әдістемелік нұсқасы
5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы
«Экономика және басқару» факультеті
Курс 3, Семестр 6
2 курс 3 жылдык, Семестр 4
Ұзақтығы 5 апта,
Астана, 2017ж.
Есеп және аудит кафедрасының отырысында қаралып, қайта бекітілді.
« ___ » _______________ 20____ ж. Хаттама № ____
Кафедра меңгерушісі
э.ғ.д., профессор м.а. __________________ М.Қ.Әлиев
«Экономика және басқару» факультеті ОӘБ ұсынылған
«____» _____________________ 20___ ж.
МАЗМҰНЫ
1 | Жалпы ережелер | 4 |
2 | Өндірістік тәжірибесінің мазмұны | 6 |
3 | Тәжірибе өту бойынша есепті рәсімдеу талаптары | 10 |
4 | Есепті қорғау тәртібі | 11 |
5 | Қосымшалар | 12 |
1. Жалпы ережелер
Тәжірибе кәсіби жоғарғы білім берудің негізгі білім беру бағдарламасы бойынша және оқу процессінің негізгі құраушы бөлімі болып табылады және оқу жоспарына білім берудің Мемлекеттік жалпыміндетті стандартының талаптарына сәйкес оқытудың барлық түрлерін қамтиды.
Тәжірибенің негізгі мазмұны болашақ маманның кәсіби қызметінің сипатына сәйкес кәсіпорында немесе мекемеде практикалық, оқу немесе өндірістік тапсырмаларды орындау болып табылады. Ол өндірістік жағдайда теориялық білім мен практикалық білімді тиімді сәйкестендіреді және арнайы таңдалған мамандығы үшін студенттердің білімі мен біліктілігіне бағытталған.
Өндірістік тәжірибесінің бағдарламасы ҚР 5.03.005-2009 «Есеп және аудит» мамандығы үшін Кәсіби тәжірибе МБЖБС талаптарын ескере отырып құрастырылған.
Өндірістік тәжірибесі университеттің бекітілген бұйрығымен ереже бойынша тәжірибе өту жөнінде ЖОО жасалған келісімі бар кәсіпорындарда жүргізіледі. Соның негізінде кәсіпорындар арасында қазіргі бизнесті ұйымдастыруда орын алған қызмет аясы мен басқару құрылымында таңдалынады.
Қызметтің бағыты бойынша тәжірибенің базасы ретінде кәсіпорынның әртүрлі нұсқалары болады:
- кәсіпорын-өндіруші;
- коммерцияық фирмалар.
Кәсіпорынның нақты түрі – тәжірибенің базасы әрбір студент үшін университет бойынша бұйрықпен бекітіледі.
Өндірістік тәжірибесін өту кестесінің жоспары университет атынан және кәсіпорын атынан жетекшімен уақыт балансының негізінде және тәжірибе базасын ерекшеліктерін және зерттелетін тақырыбын ескере отырып өңделеді.
Өндірістік тәжірибесінің қорытындысы бойынша студентке баға қойылады.
Өндірістік тәжірибесінің бағдарламасы «Есеп және аудит» мамандығы бойынша студенттерді оқу процессінің тәжірибелік этапын әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады және КазЭҚХСУ тәжірибені өтетін студенттері, университет және кәсіпорын атынан тәжірибе жетекшілері қолдануға арналған.
Өндірістіктәжірибесінің мақсаты мен міндеттері:
Тәжірибенің мақсаты ҚазЭҚХСУ алған білімдерін келешекте бекіту мен тереңдету және қажетті тәжірибелік біліктілікті кәсіпорынның шаруашылық қызметінің экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп, аудит саласында алу болып табылады.
...